GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Басқарма туралы
Онлайн қабылдау
Баспасөз орталығы
Қызметі
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Все материалы
Жоғары жетістіктер спорты
30 сентября 2026
Абай облысының кикбоксингшілері әлем чемпионатында жеңіспен оралды

Италияның Лидо-ди-Езоло қаласында 17–27 қыркүйек аралығында жастар мен жасөспірімдер арасында кикбоксингтен әлем чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеге әлемнің 79 елінен 1500-ге жуық спортшы қатысты.

Қазақстан құрамасы медальдар кестесінде 1-орынға ие болып, 25 алтын, 20 күміс және 21 қола медаль жеңіп алды.

Осы дүбірлі додада Абай облысының спортшылары да ел намысын абыроймен қорғап, 1 алтын, 3 күміс және 3 қола медаль иеленді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер:

Карибек Ислам - 81 кг, Full Contact - алтын медаль.

Даулетпек Нұрдаулет - 48 кг, Full Contact - күміс медаль.

Айтказин Арсен - 51 кг, Low Kick - күміс медаль.

Дулат Әзиз - 63,5 кг, Full Contact - күміс медаль.

Бекетов Данил - 48 кг, Full Contact - қола медаль.

Ақанов Аңсар - 57 кг, Full Contact - қола медаль.

Нұрқасым Дінмұхаммед - 63,5 кг, Low Kick - қола медаль.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді Абай облысының спорт қауымдастығы салтанатты түрде қарсы алды. Кездесу барысында спортшыларға құрмет көрсетіліп, олардың жеңісі өңір спортының маңызды жетістігі ретінде атап өтілді.

Жоғары жетістіктер спорты
30 сентября 2026
Біздің жерлесіміз Марат Караканов - дзюдодан ардагерлер арасында әлем чемпионы!

Жерлесіміз, ардагер спортшы Қарақанов Марат ағамыз Босния және Герцеговинаның Сараево қаласында өткен дзюдодан шеберлер арасындағы Әлем чемпионатында М-6 (60 кг) санаты бойынша Әлем чемпионы атанды! 

Бұл - үлкен еңбек пен табандылықтың, жігер мен спортқа деген адалдықтың жемісі.

Марат ағамызды тарихи жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Мықты денсаулық, отбасыңызға амандық, алдағы жарыстарда толағай табыс тілейміз!

Жеңісіңіз құтты болсын! Ел абыройын асқақтата беріңіз

14 сентября 2026
Қазақстанда алғашқы республикалық «Кітап оқитын ұлт» кітап оқу марафонына тіркелу басталды

Жоба еліміздің барлық өңірінен қатысушыларды біріктіріп, кітап оқуды насихаттау мен оқу мәдениетін дамытуға бағытталған ең ауқымды ұлттық бастамалардың біріне айналмақ.

Марафон 2026 жылғы қыркүйек айынан 2027 жылғы сәуірге дейін қазақ және орыс тілдеріндегі екі лигада өтеді. Жоба 7 бағытты қамтиды:

- «Кітап оқитын мектеп» — 6–10 сынып оқушылары;

- «Кітап оқитын колледж» — колледж студенттері;

- «Кітап оқитын университет» — жоғары оқу орындарының студенттері;

- «Кітап оқитын педагог» — мектеп мұғалімдері мен колледж оқытушылары;

- «Кітап оқитын әулет» — отбасылық командалар;

- «Кітап оқитын мемлекеттік қызметші» — мемлекеттік қызметшілер;

- «Кітап оқитын зияткер» — жасына және қызмет саласына шектеу қойылмайтын барлық азаматтар.

Әр қатысушы өз бағыты бойынша арнайы іріктелген 330 кітаптан тұратын қордан 15 кітап оқуы қажет. Оның 165-і қазақ тілінде, 165-і орыс тілінде ұсынылған. Кітаптар тізіміне отандық авторлардың шығармалары, әлем классикасы және заманауи туындылар енді. Тізімді жасақтау кезінде жалпыұлттық дауыс беру қорытындысы бойынша «100 кітап» тізіміне енген шығармалар, сондай-ақ әдебиет саласындағы Нобель сыйлығының лауреаттары жазған туындыларды қоса алғанда, әлемдік бестселлерлер де ескерілді.

Негізгі оқу кезеңі биыл қыркүйек айында басталып, 2027 жылғы наурызға дейін жалғасады. Осы уақытта қатысушылар кітаптарды оқып, жеке кабинетінде пікірлерін жариялап отырады. Ал 2027 жылғы наурыз–сәуір айларында қорытынды тестілеу мен зияткерлік квиздер өткізіледі.

Өңірлік кезеңдердің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ақшалай сыйлықтар табысталады: 1-орын — 600 000 теңге; 2-орын — 450 000 теңге; 3-орын — 300 000 теңге.

Барлық финалист дипломдармен және электронды сертификаттармен марапатталады.

«Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қорының төрағасы Бақытжан Тұрлыбековтің айтуынша, жобаның негізгі мақсаты байқаудың өзімен ғана шектелмейді.

«Бүгін біз «Кітап оқитын ұлт» алғашқы республикалық марафонына тіркелуді ашып, осылайша жасы, мамандығы мен қызығушылығы әртүрлі адамдарды кітап төңірегіне біріктіретін үлкен жалпыұлттық қозғалысқа жол ашып отырмыз.

Баршаңызды марафонға қатысуға шақырамын. Бірлесе отырып, кітап оқуды Қазақстандағы заманауи өмірдің маңызды құрамдас бөлігіне айналдыра аламыз деп сенемін. Сондай-ақ зерделі ұлттың — қуатты, білімді әрі ойлайтын ұлт екенін көрсете аламыз», — деді Бақытжан Тұрлыбеков.

Қатысу ережелері, бағыттар бойынша регламенттер және кітаптар тізімі жобаның ресми сайтында жарияланған: www.reading-nation.kz

Республикалық «Кітап оқитын ұлт» марафонын жүзеге асыруға жобаның бірқатар маңызды серіктестері де атсалысуда. Қазақстан Жазушылар одағы, Креативті индустрияларды дамыту қоры, KITAP және «Яндекс Кітаптар» цифрлық платформалары оқу мәдениетін дамытуға, заманауи әдеби бастамаларды қолдауға және оқырмандардың кітаппен өзара байланысуына жаңа мүмкіндіктер жасауға ықпал етпек.

Жоба Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылуда.

 

Жоғары жетістіктер спорты
07 сентября 2026
Алексей Фоменко - Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері!

Қазақстан Республикасының 21 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы чемпионатында бақ сынаған спортшымыз Алексей Фоменко 87 кг салмақ дәрежесінде жүлделі III орынға ие болды! 

Алексейді және оның бапкерлерін осы айтулы жетістікпен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл — қажырлы еңбек, табандылық пен тынымсыз дайындықтың жемісі. Алдағы жарыстарда Алексейге сәттілік тілеп, жаңа жеңістер мен биік белестерді бағындыруын тілейміз!

Қазақстан таэквондосының мәртебесі арта берсін!

Жоғары жетістіктер спорты
07 сентября 2026
Назерке Тілеуханова - дзюдодан ҚР чемпионатының қола жүлдегері

2026 жылдың 29 тамыз – 1 қыркүйек аралығында Орал қаласында ерлер мен әйелдер арасында дзюдодан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтуде.

Жарыстың үшінші күнінің қорытындысы бойынша мектебіміздің спортшысы Тілеуханова Назерке 78 кг салмақ дәрежесінде III орын иеленді!

Назерке мен оның жаттықтырушысын жүлделі орынмен шын жүректен құттықтаймыз!

Алдағы жарыстарда сәттілік, толағай табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз!

Спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізу
02 сентября 2026
31 тамыз – 6 қыркүйек аралығында Қырғызстан Республикасында IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді

Ұлттық спорттың мерейін асқақтататын дүбірлі додада құсбегілік жарыстары 2–3 қыркүйек күндері өтеді.

Бұл бәсекеде еліміздің намысын қорғайтын спортшымызға сәттілік тілейміз!

Қыран қанаты талмасын, бағы жансын!
Жарқын жеңіспен оралып, көк Туымызды биіктен желбіретсін!

Жоғары жетістіктер спорты
02 сентября 2026
Кәкітаев Алтынбек — Лозаннадағы халықаралық доданың қола жүлдегері!

Швейцарияның Лозанна қаласында өткен «Ecole Mont-Olivet Deaf Judo Masters Top 18 Lausanne 2026» халықаралық жарысында Қазақстан құрамасының спортшысы Кәкітаев Алтынбек жүлделі III орынға ие болып, қола медаль жеңіп алды!

 Алтынбек -60 кг салмақ дәрежесінде ел намысын қорғап, әлемнің үздік сурдо дзюдошыларымен белдесіп, жоғары спорттық шеберлік пен жеңіске деген жігерін көрсетті.

 Кәкітаев Алтынбек:
 Сурдо дзюдодан әлем чемпионы
 2025 жылғы Токио Сурдлимпиадасының қола жүлдегері
 Lausanne 2026 халықаралық жарысының қола жүлдегері

Спортшымызды және оның жаттықтырушыларын кезекті халықаралық жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз!

Жеңісті күндеріміз көп болсын! Қазақстанның көк Туы әлемдік ареналарда биіктен желбірей берсін!

Жоғары жетістіктер спорты
01 сентября 2026
Абай облысының спортшысы әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды!

Мекемеміздің спортшысы Қазез Жанат қазақ күресінен Әлем чемпионатында ел намысын абыроймен қорғап, жүлделі III орынға ие болды.

Жанаттың бұл жетістігі – табанды еңбегі мен қажырлы дайындығының нәтижесі.

Спортшымызды және жаттықтырушыларын жеңісті нәтижесімен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда толағай табыстар тілейміз! 

26 августа 2026
Ұшақтар кенті тұрғындарының сұранысына сәйкес бүгін спорт кешені пайдалануға берілді

 Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласының тұрғындары өтініші негізінде Ұшақтар кентінің аумағына спорт кешенін салу бойынша бастаманы қолдаған болатын.

«Абайға құрмет» акциясы аясында Абай облысы әкімдігі мен Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің бірлескен жұмысының нәтижесінде 2 корпустан тұратын спорт кешені бой көтеріп, бүгін қолданысқа берілді.

 

26 августа 2026
Абай облысында спорт саласының қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

Облыс әкімі Берік Уәли Спорт күніне орай өңірдің спорт саласының қызметкерлері мен жаттықтырушыларды, спорт мекемелерінің жетекшілерін кәсіби мерекемен құттықтады.

Аймақ басшысы құттықтау сөзінде спортты дамыту тек жоғары жетістіктерге ұмтылумен шектелмейтінін, басты мақсат – дені сау ұрпақ тәрбиелеу, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және қоғамда салауатты өмір салтын қалыптастыру екенін атап өтті.

Салтанатты шара барысында өңірдің спорт саласының дамуына үлес қосып келе жатқан бірқатар азаматтар мемлекеттік және ведомстволық марапаттарға ие болды.

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің «Құрметті спорт қызметкері» төсбелгісімен үстел теннисінен білікті жаттықтырушы, спорт саласында 25 жыл еңбек еткен Бауыржан Шайхин марапатталды.

 «Еңбек ардагері» төсбелгісі спорт саласының ардагері Ақылтай Жарылғановқа табысталды.

 «Дене шынықтыру мен спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісіне волейболдан біліктілігі жоғары жаттықтырушы Думан Исабаев пен Абай облысының ұлттық және ат спорты түрлері бойынша спорт клубының басшысы, қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі төреші Болат Ақжігітов ие болды.

Сонымен қатар бірқатар азаматтарға Туризм және спорт министрінің Құрмет грамотасы мен облыс әкімінің Алғыс хаты берілді.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы