Меню

Страницы

Статья

Спорттың жоғары жетістіктері жайлы

Басқармаға бағынысты 26 спорт мекемесінде 16 636 спортшыоның ішінде балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде 15 519 спортшыбарлығы 723 жаттықтырушыныңжетекшілігімен жүйелі түрде жаттығуда

2026 жылы Абай облысынан Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасына жалпы 449 спортшы енді (212 жазғы олимпиадалық, 57 қысқы олимпиадалық, 42 олимпиадалық емес, 63 ұлттық, 63 паралимпиадалық және сурдлимпиадалық,     12 паралимпиадалық емес спорт түрлері).

 

Жыл

Барлығы

Жазғы, қысқы олимпиадалық

Олим-лық емес

Ұлттық

Пара, сурдо, пара емес

2023

286

98

129

12

47

2024

453

205

141

47

60

2025

451

228

98

51

74

2026

449

269

42

63

75

 

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің м.а. 2025 жылғы 30 қыркүйектегі № 186 «Спорттың басым түрлерінің республикалық тізбесін бекіту туралы» бұйрығы негізінде Қазақстандағы басым спорт түрлерінің тізбесі және оларды бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру тәртібі айқындалған.

Абай облысында 18 басым спорт түрлерінің тізімі бекітілді.

- 6 Жазғы олимпиадалық спорт түрлері: еркін күрес,  дзюдо, жеңіл атлетика, ауыр атлетика, семсерлесу, есу слаломы;

- 2 Қысқы олимпиадалық спорт түрлері: шаңғы жарыстары, биатлон;

- 1 Паралимпиадалық спорт түрі: пара дзюдо;

- 2 Сурдлимпиадалық спорт түрлері: есту қабілеті бұзылған спортшылар үшін дзюдо, жеңіл атлетика;

- 7 Ұлттық спорт түрлері: қазақ күресі, тоғызқұмалақ, дәстүрлі садақ ату, құсбегілік, жекпе-жек, асық ату, аударыспақ.

Спорт түрлерін айқындау кезінде тәуелсіздік алғаннан бері Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада және Азия, Параазия ойындарындағы нәтижелері ескеріледі.

Аталған спорт түрлеріне толық басымдық беріліп, оларды дамытуға тиісті қаржылық қолдау көрсетілуде.

 

2026 жылдың екінші тоқсанының қорытындысы бойынша өңіріміздің спортшылары халықаралық және республикалық жарыстарда барлығы 846 медаль жеңіп алды.

Республикалық турнирлерде 416 медаль иеленді. Оның ішінде Қазақстан Республикасының чемпионаттарында 333 медаль жеңіп алса, соның 230 медалі олимпиадалық спорт түрлері бойынша (61 алтын, 68 күміс, 101 қола).

Халықаралық жарыстарда 97 медаль иеленді.

Атап айтқанда, Германияда өткен конькимен жүгіруден жастар арасындағы әлем чемпионатында Вадим Чебардаков пен Анастасия Беловодова әлем чемпионы атанды.

Моңғолияда өткен құсбегіліктен әлем чемпионатында Ерзат Байқадамов күміс жүлде иеленді.

Таиландта өткен есу слаломынан Азия чемпионатында Алуа Мәулет күміс және қола медаль жеңіп алды.

Қырғызстанда өткен грек-рим күресінен Азия чемпионатында Нұрсұлтан Тұрсынов қола жүлдегер атанды.

Астана қаласында өткен дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam халықаралық турнирінде Жалғас Қайролла чемпион атанды.

Сондай-ақ Өзбекстан мемлекетінің Ташкент қаласында өткен жеңіл атлетикадан Орталық Азия чемпионатында Алина Юсупова мен Тимур Ануарбеков алтын жүлдеге ие болып, боксшы Аяжан Марат жасөспірімдер арасында Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Вьетнамның Дананг қаласында өткен еркін күрестен юниорлар арасындағы Азия чемпионатында Сабыржан Рахатов пен Темірлан Мұрат қола медаль жеңіп алды.

Монғолияда өткен пара таеквондодан Азия чемпионатында Айкенже Даулетшина қола жүлдегері атанды.

 

 

Дата публикации
14 июля 2026
Дата обновления
15 июля 2026
Тип

Сейчас читают

14 июля 2026
Спорттың жоғары жетістіктері жайлы
Баяндама
03 апреля 2026
Абай облысында 16 спорт нысаны пайдалануға берілді
Баяндама
02 июля 2025
Спортты дамыту баяндамасы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы