Меню

Страницы

Статья

Қаржы және экономика

  1. Жалпы ереже

1. Қаржы-экономикалық бөлімі Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ (бұдан әрі – Басқарма) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. Бөлімнің құрылымын, штат санын басқарма басшысы бекітеді

2. Бөлімнің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

1. Міндеті: бюджеттік бағдарламаларды орындау.

Қызметтері:

1) басқарманың стратегиялық жоспарының құрамында бекіту үшін басқарманың бюджеттік бағдарламаларын әзірлейді, Стратегиялық жоспардың орындалуы бойынша жедел есептілікті қалыптастырады, сондай-ақ тиісті жылдарға арналған бюджетті нақтылау кезінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жұмысты жүргізеді;

2) басқарманың бюджеттік бағдарламаларын іске асыру – бөлінген бюджет қаражатын игеру жөніндегі іс-шаралар кешенінің орындалуын ұйымдастырады және бақылайды;

3) ведомстволық бағынысты ұйымдарда бюджеттік есепке алуды және есептілікті ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

4) ведомстволық бағынысты ұйымдарға жоспарлы-экономикалық және қаржылық жұмыс, бухгалтерлік есеп мәселелері бойынша әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді;

5) ведомстволық бағынысты ұйымдардың қаржы – экономикалық қызметтерінің басшыларымен және мамандарымен тақырыптық семинар-кеңестер ұйымдастырады және өткізеді.

Дата публикации
23 июня 2025
Дата обновления
29 сентября 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

14 июля 2026
Спорттың жоғары жетістіктері жайлы
Баяндама
03 апреля 2026
Абай облысында 16 спорт нысаны пайдалануға берілді
Баяндама
02 июля 2025
Спортты дамыту баяндамасы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы