Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік қызмет көрсету

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 5 ақпанда № 19982 болып тіркелген) Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес,

Басқарма келесі 4 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді:

  1. «Спорттық разрядтар мен біліктілік санаттарын беру»: Қазақстан Республикасының спорт шеберіне кандидат, 1-разрядты спортшы және мынадай біліктілік санаттары: жоғары деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, жоғары деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, жоғары деңгейдегі бірінші санатты әдіскер, орта деңгейдегі бірінші санатты әдіскер, жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы, бірінші санатты спорт төрешісі (https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1400009675).
  2. «Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу» (https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1400010095).
  3. «Спорт мектептеріне «мамандандырылған» мәртебесін және олардың бөлімшелеріне «мамандандырылған» мәртебесін беру» (https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1500011642).
  4. «Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғын үй беру және оны пайдалану» (https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2000020438).

Сондай-ақ, бір мемлекеттік қызметті балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері көрсетеді:

  1. «Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептеріне, мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт мектептеріне құжаттарды қабылдау» (https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1400010012).

Көрсетілетін 4 мемлекеттік қызмет – баламалы (ішінара автоматтандырылған/қағаз түрінде), 1 мемлекеттік қызмет – толық автоматтандырылған. Оларды алу тәсілдері: жергілікті атқарушы орган – Басқарма, ПЭП, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация).

5 мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

 

Дата публикации
27 мая 2025
Дата обновления
29 сентября 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

14 июля 2026
Спорттың жоғары жетістіктері жайлы
Баяндама
03 апреля 2026
Абай облысында 16 спорт нысаны пайдалануға берілді
Баяндама
02 июля 2025
Спортты дамыту баяндамасы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы