«Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды: «Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Абай облысының жеңіл атлетикадан балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы

«Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

 

Өтінімдерді қабылдаудың басталу күні:06.04.2026

Өтінімдерді қабылдаудың аяқталу күні: 14.04.2026

Конкурсты өткізу күні: 16.04.2026

 

 «Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Абай облысының жеңіл атлетикадан балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы – 1 бірлік. Орналасқан жері: 071400, Қазақстан Республикасы, Абай облысы, Семей қаласы, Қозбағарова көшесі, 16 үй, тел.: 87758500534.

Кәсіпорынның негізгі қызметі:

Оқушыларды дене шынықтырумен және спортпен жүйелі шұғылдануға тарту, оқушылардың белгілі бір спорт түріне қабілетін анықтау, оқушыларды спорт түрлеріне оқыту және моральдық-ерік қасиеттерін тәрбиелеу.

Функционалдық міндеттері: дене шынықтыру-спорт ұйымының өндірістік, әкімшілік, шаруашылық және қаржылық қызметіне басшылық жасайды, қабылданған шешімдердің орындалуын, дене шынықтыру-спорт ұйымының балансындағы мүліктің сақталуын және тиімді пайдаланылуын, сондай-ақ оның қызметінің қаржылық-экономикалық нәтижелерін қамтамасыз етеді; дене шынықтыру-спорт ұйымы қызметінің саясатын, стратегиясын және оларды жүзеге асыру тетігін айқындайды; оқу-жаттығу және тәрбиелік процестерде спорттық-әдістемелік және материалдық-техникалық базаны ұйымдастырады және жетілдіреді; педагогикалық кеңестің жұмысына басшылық жасайды; дене шынықтыру-спорт ұйымының жұмыс жоспарын, спортты жетілдірудің әртүрлі кезеңдерінде спортшыларды даярлаудың жоспарларын және бағдарламаларын бекітеді; барлық құрылымдық бөлімшелердің олардың қызметін жетілдіруге бағытталған өзара тиімді іс-қимылы мен жұмысын ұйымдастырады, сондай-ақ олардың қызметін жоғары жетістіктер спорты мен бұқаралық спортты дамытуға бағыттайды; жаттықтырушылар, жаттықтырушы-оқытушылар, нұсқаушылар және әдіскерлердің біліктілігін арттыруды, спортшыларды дайындау деңгейін және спортшылардың спорттық шеберлігін арттыру мақсатында дене шынықтыру және спорт саласындағы шет елдің озық тәжірибесін зерделеуді қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды; дене шынықтыру-спорт ұйымы қызметінің жекелеген бағыттарын басқаруды лауазымды тұлғаларға – орынбасарларына, құрылымдық бөлімшелердің басшыларына жүктейді;

қызметкерлерді жұмысқа қабылдау, ауыстыру, көтермелеу және жұмыстан босату туралы шешімдер қабылдайды, штаттық кестені, дене шынықтыру-спорт ұйымы қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді; спортшылардың контингентін қалыптастырады, оқу-жаттығу және оқу-тәрбиелік процестері кезінде спортшылар мен дене шынықтыру-спорт ұйымы қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығын сақтаудың қажетті жағдайларын жасайды; тиісті саланың уәкілетті органдарына дене шынықтыру-спорт ұйымының әкімшілік-шаруашылық және оқу-жаттығу қызметтерінің есебін ұсынады; дене шынықтыру-спорт ұйымының бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры, өнім берушілер, тапсырыс берушілер мен банктерді қоса алғанда кредиторлар алдындағы міндеттемелерінің, сондай-ақ шаруашылық және еңбек шарттарының (келісімшарттардың) орындалуын қамтамасыз етеді;      сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыстарын ұйымдастырады, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын қабылдауда дербес жауапкершілікте болады; спортшылар арасында және дене шынықтыру-спорт ұйымдарының ұжымдарында діни экстремизм мен терроризмнің таралуына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдайды.

/Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі: кадрларды даярлау бағыттарының бірі бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім: педагогикалық ғылымдар - «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша; бизнес, басқару және құқық – «Спорт менеджменті», «Экономика», «Менеджмент», «Есеп және аудит»,  «Қаржы»,  «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Құқықтану» мамандықтары бойынша.

Еңбек өтілі: дене шынықтыру және спорт саласында немесе дене шынықтыру және спорт саласында басшы лауазымдарда кемінде төрт жыл, немесе Президенттік жастар кадр резервіне қабылданған адамдар үшін кемінде бес жыл, немесе дене шынықтыру және спорт саласында немесе Жұмыс органымен бекітілген шетелдік жоғары оқу орындарындағы басым мамандықтар бойынша немесе Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуды аяқтаған адамдар үшін басшылық лауазымдарда және «Дене шынықтыру және спорт», «Бизнес, басқару және құқық» мамандықтары бойынша педагогикалық ғылымдар кадрларын даярлау бағыттарының бірі бойынша ғылыми дәрежесі бар адамдар үшін кемінде үш жыл.

Көрсетілген лауазымға қойылатын жалпы талаптар: Қазақстан Республикасының Конституциясы (бұдан әрі – Конституция); Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі (бұдан әрі – Бюджет кодексі); Қазақстан Республикасы Еңбек кодексі (бұдан әрі – Еңбек кодексі); Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі (бұдан әрі – ӘРПК);      «Мемлекеттік құпиялар туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Білім туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Дене шынықтыру және спорт туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Қазақстан Республикасының заңдары;      «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы  № 1193 қаулысы (бұдан әрі – Үкіметтің № 1193 қаулысы);       педагогика, психология және физиология негіздері; дене шынықтыру және спорт саласындағы нормативтік құқықтық актілерді; еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздерін; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі бойынша талаптарын.

Конкурс Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 3 қыркүйектегі № 264 және Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2025 жылғы 3 қыркүйектегі № 171 бірлескен бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік дене шынықтыру-спорт ұйымдарының бірінші басшыларын лауазымдарға тағайындау және лауазымдардан босату қағидалары» негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға, мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында және уәкілетті органның («Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ ресми сайтында) интернет-ресурсында конкурс өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде, мынадай құжаттарды тапсырады:

1) мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында электрондық нысанда ресімделген конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) конкурсқа қатысу үшін – еркін нысанда ресімделген қазақ және орыс тілдеріндегі түйіндеме;

3) білімі туралы диплом ұсынады.

Тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеде еңбек қызметі туралы мәліметтер болмаған жағдайда конкурсқа қатысуға үміткер тұлға Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабында көрсетілген еңбек қызметін растайтын құжаттардың бірін (еңбек кітапшасы; жұмыс беруші қол қойған және мөрімен (ол болған кезде) растаған қызметтік тізім (жұмыскердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі); жұмыскердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған архивтік анықтама; еңбек қатынастарының болуын растайтын заңды фактіні анықтау туралы соттың заңды күшіне енген шешімі жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжат және т.б.) өтінішке тіркейді. 

Кандидаттардың үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкестігін қарауды конкурс жариялаған уәкілетті органның («Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ) персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттарды қабылдау аяқталған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

Әңгімелесуге Үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес келетін тұлғалар жіберіледі.

Соттылығы бар немесе болған, қылмыстық қудалауға ұшыраған немесе ұшыраушы (Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы 1) және 2) тармақшаларының негізінде қылмыстық қудалаушылығы тоқтатылған тұлғалардан басқа), бұрын сыбайлас жемқорлық сипатында қылмыстар және/немесе адам өлтіру, денсаулыққа қасақана зиян келтіру, халықтың денсаулығына және имандылыққа, жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы, экстремистік немесе террористік қылмыстар, адам саудасы сияқты қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған тұлғаларды жұмысқа қабылдауды болдырмау мақсатында білім беруді басқару органының, тиісті саладағы уәкілетті органның персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) кандидаттың құжаттарын қабылдағаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыс және/немесе құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы қосымша сұрау жолдайды.

Сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыс немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтер анықталған жағдайда, кандидат конкурсқа қатысудан шеттетіледі.

Конкурстың екінші кезеңіне жіберілген тұлғалардың тізімі және әңгімелесу өткізу кестесі мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында немесе уәкілетті органның интернет-ресурсында («Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ ресми сайтында)  3 (үш) жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тілдерінде орналастырылады.

Конкурстың екінші кезеңіне жіберілген тұлғалардың тізімі бекітілгеннен кейін конкурстық комиссия мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында немесе уәкілетті органның интернет-ресурсында («Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ ресми сайтында)  әңгімелесу өткізу кестесі орналастырылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде конкурсқа қатысушылармен «Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ-де (қазіргі уақытта нақты орналасқан мекен-жайы бойынша: Абай облысы, Семей қаласы, А. Посмаков көшесі, 70 ғимарат, 2-қабат) әңгімелесу өткізеді.

Конкурсқа қатысу жөніндегі шығындарды (конкурс өткізетін жерге бару және қайту, пәтерде тұру және т. б.) азаматтар өз қаражаты есебінен төлейді.

 

 

 

 

 

 

«Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды: «Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Абай облысының жеңіл атлетикадан балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы
Дата публикации
03 апреля 2026