«Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:
Өтінімдерді қабылдаудың басталу күні:06.04.2026
Өтінімдерді қабылдаудың аяқталу күні: 14.04.2026
Конкурсты өткізу күні: 16.04.2026
«Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы – 1 бірлік. Орналасқан жері: 071400, Қазақстан Республикасы, Абай облысы, Семей қаласы, К. Мухамедханова көшесі, 8 үй, тел.: 8 (7222) 630045, 630030.
Кәсіпорынның негізгі қызметі: дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын тұлғалардың медициналық қамтамасыз етілуін, дәрігерлік бақылауды және оңалтуды жүзеге асыру болып табылады.
Функционалдық міндеттері: ұйымның өндірістік, әкімшілік-шаруашылық және қаржы-экономикалық жұмысын басшылыққа алады; спортшыларды уақтылы және сапалы медициналық-биологиялық және дәрілік қамтамасыз ету бойынша құрылымдық бөлімшелердің жұмысын және тиімді өзара іс-қимылын ұйымдастырады; барлық құрылымдық бөлімшелердің жұмысын және тиімді өзара іс-қимылын ұйымдастырады, олардың қызметін спорттық медицинаны дамытуға бағыттайды;спорттық дәрігерлердің, профильді мамандардың, массаж жасаушылардың және орта медициналық қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді, спорттық медицина саласында шетелдік тәжірибені зерттейді; оның міндетіне жүктелген қаржылық, экономикалық, әкімшілік- шаруашылық сұрақтарын шешеді, қызметкерлерге – орынбасарларға, құрылымдық бөлімшелердің басшыларына берілген жұмыстарды орындауға тапсырады, қызметкерлерді жұмысқа қабылдау, босату, ауыстыру, қолдау сұрақтарын шешуге жауапкершілікке алады; ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды; спортшыларды уақтылы және сапалы медициналық және фармакологиялық қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастырады; көрсетілетін профилактикалық және емдік-диагностикалық көмектің жоғары сапасын қамтамасыз етеді; сақтандыру қоры, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры, өнім берушілер, тапсырыс берушілер мен банктерді қоса алғанда кредиторлар алдындағы міндеттемелерінің, сондай-ақ шаруашылық және еңбек шарттарының (келісімшарттардың) орындалуын қамтамасыз етеді; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыстарын ұйымдастырады, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын қабылдауда дербес жауапкершілікте болады; спортшылар арасында және дене шынықтыру-спорт ұйымдарының ұжымдарында діни экстремизм мен терроризмнің таралуына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдайды.
/Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі: кадрларды даярлау бағыттарының бірі бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім: денсаулық сақтау - «Жалпы медицина» немесе «Емдеу ісі» немесе «Педиатрия» мамандығы бойынша; бизнес, басқару және құқық – «Спорт менеджменті», «Экономика», «Менеджмент», «Есеп және аудит», «Қаржы», «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Құқықтану» мамандықтары бойынша.
Еңбек өтілі: денсаулық сақтау немесе дене шынықтыру және спорт саласында немесе дене шынықтыру және спорт саласындағы басшы лауазымдарда кемінде бес жыл, спорттық медицина саласында кемінде бес жыл, Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар үшін бес жылдан кем емес, немесе денсаулық сақтау немесе дене шынықтыру және спорт саласында немесе басшы лауазымдарда кемінде төрт жыл жұмыс өтілі бар жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдік жоғары оқу орындарында басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған адамдар үшін, және «Жалпы медицина» немесе «Бизнес, басқару және құқық» мамандығы бойынша «Денсаулық сақтау» кадрларын даярлау бағыты бойынша ғылыми дәрежесі бар адамдар үшін.
Көрсетілген лауазымға қойылатын жалпы талаптар: Конституция; Бюджет кодексі; Еңбек кодексі; «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының кодексі (бұдан әрі – «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекс); ӘРПК; «Мемлекеттік құпиялар туралы», «Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Дене шынықтыру және спорт туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының заңдары; Үкіметтің № 1193 қаулысы; дене шынықтыру және спорт саласындағы нормативтік құқықтық актілер; спорттық медицина; дене шынықтыру және спорт саласындағы отандық және шетелдік тәжірибе, заманауи ақпараттық технологиялар; еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздері; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі бойынша талаптарын.
Конкурс Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 3 қыркүйектегі № 264 және Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2025 жылғы 3 қыркүйектегі № 171 бірлескен бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік дене шынықтыру-спорт ұйымдарының бірінші басшыларын лауазымдарға тағайындау және лауазымдардан босату қағидалары» негізінде өткізіледі.
Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға, мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында және уәкілетті органның («Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ ресми сайтында) интернет-ресурсында конкурс өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде, мынадай құжаттарды тапсырады:
1) мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында электрондық нысанда ресімделген конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) конкурсқа қатысу үшін – еркін нысанда ресімделген қазақ және орыс тілдеріндегі түйіндеме;
3) білімі туралы диплом ұсынады.
Тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеде еңбек қызметі туралы мәліметтер болмаған жағдайда конкурсқа қатысуға үміткер тұлға Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабында көрсетілген еңбек қызметін растайтын құжаттардың бірін (еңбек кітапшасы; жұмыс беруші қол қойған және мөрімен (ол болған кезде) растаған қызметтік тізім (жұмыскердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі); жұмыскердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған архивтік анықтама; еңбек қатынастарының болуын растайтын заңды фактіні анықтау туралы соттың заңды күшіне енген шешімі жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжат және т.б.) өтінішке тіркейді.
Кандидаттардың үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкестігін қарауды конкурс жариялаған уәкілетті органның («Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ) персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттарды қабылдау аяқталған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
Әңгімелесуге Үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес келетін тұлғалар жіберіледі.
Соттылығы бар немесе болған, қылмыстық қудалауға ұшыраған немесе ұшыраушы (Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы 1) және 2) тармақшаларының негізінде қылмыстық қудалаушылығы тоқтатылған тұлғалардан басқа), бұрын сыбайлас жемқорлық сипатында қылмыстар және/немесе адам өлтіру, денсаулыққа қасақана зиян келтіру, халықтың денсаулығына және имандылыққа, жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы, экстремистік немесе террористік қылмыстар, адам саудасы сияқты қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған тұлғаларды жұмысқа қабылдауды болдырмау мақсатында білім беруді басқару органының, тиісті саладағы уәкілетті органның персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) кандидаттың құжаттарын қабылдағаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыс және/немесе құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы қосымша сұрау жолдайды.
Сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыс немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтер анықталған жағдайда, кандидат конкурсқа қатысудан шеттетіледі.
Конкурстың екінші кезеңіне жіберілген тұлғалардың тізімі және әңгімелесу өткізу кестесі мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында немесе уәкілетті органның интернет-ресурсында («Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ ресми сайтында) 3 (үш) жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тілдерінде орналастырылады.
Конкурстың екінші кезеңіне жіберілген тұлғалардың тізімі бекітілгеннен кейін конкурстық комиссия мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында немесе уәкілетті органның интернет-ресурсында («Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ ресми сайтында) әңгімелесу өткізу кестесі орналастырылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде конкурсқа қатысушылармен «Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ-де (қазіргі уақытта нақты орналасқан мекен-жайы бойынша: Абай облысы, Семей қаласы, А. Посмаков көшесі, 70 ғимарат, 2-қабат) әңгімелесу өткізеді.
Конкурсқа қатысу жөніндегі шығындарды (конкурс өткізетін жерге бару және қайту, пәтерде тұру және т. б.) азаматтар өз қаражаты есебінен төлейді.