Спортты дамыту баяндамасы

Облыс құрылғанға дейін 13 мекеме. 2023 жылы 10 спорт мекемесі ашылды:

  1. Олимпиадалық спорт түрлері бойынша спортты дамыту дирекциясы.
  2. Олимпиадалық резерв даярлау орталығы.
  3. Женіл атлетикадан БЖСМ.
  4. Қысқы спорт түрлері бойынша БЖСМ.
  5. Олимпиадалық спорт түрлері бойынша жоғары спорт шеберлігі мектебі.
  6. Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубы.
  7. Бұқаралық іс-шараларды өткізу орталығы.
  8. Ұлттық және ат спорт түрлері бойынша спорт клубы.
  9. Дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері.
  10. Олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша спортты дамыту дирекциясы.

2025 жылы 3 спорт мекемесі ашылды:

  1. Абай облысы Мақаншы ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі
  2. Абай облысы Жаңасемей ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі
  3. Су және ойын спорт түрлері бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектебі

Қазіргі уақытта облыс бойынша 26 спорт мекемесі жұмыс істейді.

Спорттың 72 түрі дамып келеді (23 олимпиадалық, 24 олимпиадалық емес, 10 ұлттық және 8 паралимпиадалық, 4 сурдлимпиадалық, 3 паралимпиадалық емес), өз қызметін 47 аккредиттелген спорт федерациялары жүзеге асыруда.

26 спорт мекемеде спортшылардың жалпы саны 14 617 спортшы.

Облыстағы 17 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде (БЖСМ, ОРМБЖСМ) 34 спорт түрімен 13 341 спортшы жаттығады.

Спортты дамыту баяндамасы
Дата публикации
02 июля 2025