Алаяқтықтан қорғау

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190-бабына сәйкес, алаяқтық – заңсыз, алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлікті пайдақұмарлық мақсатта иелену, оны кінәлінің немесе басқа тұлғалардың пайдасына қайтару немесе аталған жағдайларда бөтен мүлікке құқық алу болып табылады.

Көбінесе бұқаралық ақпарат құралдарында жаңа алаяқтық оқиғалары туралы ақпараттар жиі пайда болады. Әсіресе қарт адамдар мен үлкендер, ерекше сенгіштікпен ерекшеленетіндер осындай алаяқтықтың құрбаны болады. Алайда, кез келген адам алаяқтықтың құрбаны бола алады. Сондықтан әрбір азаматтың алаяқтықтан қорғану үшін қандай құқықтық шаралар бар екенін білуі маңызды.

Алаяқтыққа күдікпен қараған азаматтар білуі керек негізгі әрекеттер:

- Телефонмен сөйлесу немесе смс немесе мессенджерлер арқылы күдікті алаяқпен сөйлескен кезде сөйлесуді тоқтату керек;

- Ұтыстар туралы хабарламаларға, қызметке қосылуды растау сұрауларына, жазылымды рәсімдеуге қатысты хабарламаларды елемеу қажет;

- Хабарламалардағы сілтемелерге өтпеу керек;

- Белгісіз нөмірге қайта қоңырау шалмау керек;

- Қате аударылған ақшаны қайтару туралы сұрауларға жауап бермеген дұрыс;

- ПИН-кодты, растау кодын, сондай-ақ банк картасының паролін және кодын ешкімге хабарламау керек;

- Жеке ақпаратты (паспорт деректері, шот мәліметтері, парольдер, үй мекенжайлары және телефон нөмірлері) таратуға және оны әлеуметтік желілерге жариялауға жол бермеу қажет;

- Интернетте сатып алу жасаған кезде тек ресми сайттарды пайдалану керек.

Азаматтарға алаяқтармен бетпе-бет келген жағдайда құқықтарын қорғау үшін заңдық әдістер де қолжетімді. Ең алдымен, бұл құзырлы органдарға жүгіну болып табылады. Сізге қатысты қылмыстық әрекеттердің болуы туралы күдік туындаса немесе факт бойынша алаяқтық жасалған болса, полицияға хабарласу керек. Хабарлама ауызша немесе жазбаша, яғни қолмен жазылған, баспадан басылған немесе электрондық түрде болуы мүмкін. Жазбаша өтініш міндетті түрде өтініш берушінің қолымен бекітілуі қажет. Өтінішке бар барлық дәлелдерді қоса тіркеу керек: қоңыраулардың жазбалары, хабарламалардың мәтіндері, электронды хаттар, банк картасы бойынша операциялардың тарихы.

Азаматтар өз құқықтарын қорғау және қалпына келтіру үшін сотқа жүгінуі мүмкін. Іс алдын ала тергеу кезеңінен кейін сотқа жіберіліп, әрі қарай қаралады.

Дата публикации
13 августа 2024