Спорт жайлы

Абай облысында 18 басым спорт түрлерінің тізімі бекітілді.

- 6 Жазғы олимпиадалық спорт түрлері: еркін күрес,  дзюдо, жеңіл атлетика, ауыр атлетика, семсерлесу, есу слаломы;

- 2 Қысқы олимпиадалық спорт түрлері: шаңғы жарыстары, биатлон;

- 1 Паралимпиадалық спорт түрі: пара дзюдо;

- 2 Сурдлимпиадалық спорт түрлері: есту қабілеті бұзылған спортшылар үшін дзюдо, жеңіл атлетика;

- 7 Ұлттық спорт түрлері: қазақ күресі, тоғызқұмалақ, дәстүрлі садақ ату, құсбегілік, жекпе-жек, асық ату, аударыспақ.

Спорт түрлерін айқындау кезінде тәуелсіздік алғаннан бері Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада және Азия, Параазия ойындарындағы нәтижелері ескеріледі.

Аталған спорт түрлеріне толық басымдық беріліп, оларды дамытуға тиісті қаржылық қолдау көрсетілуде.

 

2026 жылдың екінші тоқсанының қорытындысы бойынша өңіріміздің спортшылары халықаралық және республикалық жарыстарда барлығы 846 медаль жеңіп алды.

Республикалық турнирлерде 416 медаль иеленді. Оның ішінде Қазақстан Республикасының чемпионаттарында 333 медаль жеңіп алса, соның 230 медалі олимпиадалық спорт түрлері бойынша (61 алтын, 68 күміс, 101 қола).

Халықаралық жарыстарда 97 медаль иеленді.

Дата публикации
14 июля 2026