Қазіргі қоғамда ақпараттық кеңістік жылдам дамып, әлеуметтік желілер қоғамдық пікір қалыптастырудың негізгі алаңына айналды. Бұл жағдайда әрбір азаматтың сөз мәдениеті мен ақпараттық жауапкершілігі ерекше маңызға ие.
Мемлекеттік қызметшілердің қызметі қоғаммен тығыз байланысты болғандықтан, олардың кәсіби әрекетіне қатысты әртүрлі пікірлер айтылуы мүмкін. Дегенмен кез келген пікір шынайы дерекке негізделіп, әдеп пен заң талаптарына сәйкес болуы тиіс.
Жеке тұлғаның ар-намысына тиетін сөздер, негізсіз айыптаулар және жалған ақпарат тарату қоғамдық сенімге кері әсер етеді. Сондықтан ақпараттық ортада мәдениетті диалог пен жауапты коммуникацияны қалыптастыру — маңызды міндет.
Қоғамдағы тұрақтылық пен өзара сенім ең алдымен коммуникация мәдениетіне байланысты.