Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылдың 12 айындағы қызметі туралы есеп
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңының 1-бабының 5-тармағына сәйкес, мемлекеттік қызмет – бұл көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жекеше тәртіпте жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, сондай-ақ тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктерді беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.
«Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне сәйкес жүзеге асырады, сондай-ақ басқарма ережесінің 2-тарауының 11, 12, 16, 20, 24-тармақтарын басшылыққа алады.
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 5 ақпанда № 19982 болып тіркелген) Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес, Басқарма келесі 4 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді:
«Спорттық разрядтар мен біліктілік санаттарын беру»: Қазақстан Республикасының спорт шеберіне кандидат, 1-разрядты спортшы және мынадай біліктілік санаттары: жоғары деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, жоғары деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, жоғары деңгейдегі бірінші санатты әдіскер, орта деңгейдегі бірінші санатты әдіскер, жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы, бірінші санатты спорт төрешісі (https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1400009675).
«Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу» (https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1400010095).
«Спорт мектептеріне «мамандандырылған» мәртебесін және олардың бөлімшелеріне «мамандандырылған» мәртебесін беру» (https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1500011642).
«Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғын үй беру және оны пайдалану» (https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2000020438).
Сондай-ақ, бір мемлекеттік қызметті балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері көрсетеді:
«Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептеріне, мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт мектептеріне құжаттарды қабылдау» (https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1400010012).
Көрсетілетін 4 мемлекеттік қызмет – баламалы (ішінара автоматтандырылған/қағаз түрінде), 1 мемлекеттік қызмет – толық автоматтандырылған. Оларды алу тәсілдері: жергілікті атқарушы орган – Басқарма, ПЭП, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация).
5 мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Есептік кезеңнің 12 айында көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны 5982 болды, оның ішінде:
«Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептеріне, мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт мектептеріне құжаттарды қабылдау»: 4849 болды
«Спорттық разрядтар мен біліктілік санаттарын беру»: 800 болды / бас тарту 313.
«Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу»: 2 болды / бас тарту 8.
«Специализацияланған спорт мектептеріне және спорт мектептерінің «специализацияланған» бөлімшелеріне мәртебелерді беру ережелерін бекіту туралы»: 6 болды / бас тарту 4.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы бойынша басқарманың қызметінің тиімділігін бағалау көрсеткіштерін жақсарту жөніндегі жұмыс тұрақты негізде жүргізілуде және тиісті бақылауда.