1. Әкімшілік-құқықтық және кадрлық жұмыс бөлімі (бұдан әрі -бөлім) «Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ (бұдан әрі – Басқарма) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
2. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
3. Бөлімнің құрылымын, штат санын басқарма басшысы бекітеді.
2. Бөлімнің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
Міндеттері:
1. Міндеті: құжаттандыру және құжаттаманы басқару, іс қағаздарын жүргізу, құқықтық қамтамасыз ету, мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту мәселелері бойынша Басқарманың қызметін ұйымдастыру, басқарманың кадр құрамын қалыптастыру және конкурстық іріктеуді ұйымдастыру.