Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 5 ақпанда № 19982 болып тіркелген) Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес,
Басқарма келесі 4 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді:
- «Спорттық разрядтар мен біліктілік санаттарын беру»: Қазақстан Республикасының спорт шеберіне кандидат, 1-разрядты спортшы және мынадай біліктілік санаттары: жоғары деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, жоғары деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, жоғары деңгейдегі бірінші санатты әдіскер, орта деңгейдегі бірінші санатты әдіскер, жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы, бірінші санатты спорт төрешісі (https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1400009675).
- «Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу» (https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1400010095).
- «Спорт мектептеріне «мамандандырылған» мәртебесін және олардың бөлімшелеріне «мамандандырылған» мәртебесін беру» (https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1500011642).
- «Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғын үй беру және оны пайдалану» (https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2000020438).
Сондай-ақ, бір мемлекеттік қызметті балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері көрсетеді:
- «Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептеріне, мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт мектептеріне құжаттарды қабылдау» (https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1400010012).
Көрсетілетін 4 мемлекеттік қызмет – баламалы (ішінара автоматтандырылған/қағаз түрінде), 1 мемлекеттік қызмет – толық автоматтандырылған. Оларды алу тәсілдері: жергілікті атқарушы орган – Басқарма, ПЭП, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация).
5 мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.