Меню

Страницы

Статья

Жиынтық-талдау бөлімінің жұмысы жөнінде

«Абай облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» ММ (бұдан әрі - Басқарма), 2026 жылғы 2 тоқсанда келіп түскен құжаттармен жұмыс жөнінде келесіні хабарлайды.

«Е-Otinish» азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау және өңдеу бірыңғай платформасында Н2МО  жылдық есебін жүктеу нәтижесіне сәйкес жеке және заңды тұлғалардан 114 өтініш келіп түскен, оның ішінде:

  1. Материалдық және әлеуметтік көмек көрсету бойынша - 12;
  2. Жұмыспен қамту мәселесі бойынша - 14;
  3. Мүгедектігі бар тұлғаларды әлеуметтік қамтамасыз ету, санаторлық-курорттық емделу мәселелері бойынша– 2;
  4. Көші-қон мәселесі бойынша – 8;
  5. Кадр мәселесі – 5;
  6. Басқа мәселелер (семинарлар, оқытуларға шақырту, мемлекеттік сатып алулар) бойынша – 62.

«Doсumentolog» бірыңғай құжатайналымы жүйесі арқылы 2 тоқсанда барлығы 621 құжат түскен, оның ішінде 617 құжат мерзімінде қаралып, бақылауда тұрған мерзімдеріне сай бұзушылықсыз орындалды. Қалған 4 құжат орындалу мерзіміне қарай 2026 жылдың 3 тоқсанына өтті.

Басқармаға түскен барлық бақылаудағы құжаттар бойынша қаралу мерзімдері сақталған. Басқармадағы құжатайналым бойынша орындаушылық тәртіптің сақталуы үшін, Басқарма мамандары арасында түсіндіру, алдын-ала ескерту (түскен құжаттарға күнделікті жүргізілетін мониторинг нәтижесінде) жұмыстарының жүргізілуі қатаң бақылауға алынған. 

Дата публикации
05 мая 2025
Дата обновления
09 июля 2026
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
14 июля 2026
«Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» ережесіне өзгерістер енгізілді
Пайдалы ақпарат
14 июля 2026
Қазақстандық жұмыскерлердің тәлімгерлігін ұйымдастыру қағидаларын және шетелдік жұмыс күшін тартатын жұмыс берушілерге қойылатын талаптарды бекіту туралы
Хабарлама
14 июля 2026
Өз бизнесіңізді ашуға идеяңыз бар ма?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы