Облыста жалпы 841 төсек-орынға арналған 5 облыстық медициналық-әлеуметтік мекеме жұмыс істейді, оның ішінде:
Қарттар мен І және ІІ топтағы мүгедектігі бар адамдарға арналған:
155 орындық «№2 Семей арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ;
105 орындық «Бородулиха арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ.
18 жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар адамдарға арналған:
400 орындық «№1 Семей арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» (психоневрологиялық) КММ.
Тірек-қимыл аппараты бұзылған және психоневрологиялық патологиялары бар балаларға арналған:
56 орындық «Үржар балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ (тірек-қимыл аппараты бұзылған және психоневрологиялық патологиясы бар балаларға арналған);
105 орындық «Аягөз балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ (психоневрологиялық патологиясы бар балаларға арналған).
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Абай облысында 2023 жылғы ақпан айында 150 орындық «Абай облысының мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау және оңалту орталығы» КММ салынып, пайдалануға берілді.
Қалалар мен аудандарда 4 мың адамды қамтитын 14 аумақтық арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы жұмыс істейді. Орталықтар жанында жартылай стационар және үйде қызмет көрсету жағдайында қызмет көрсететін 34 бөлімше бар.
Анықтама үшін: облыс бойынша әлеуметтік қызмет көрсететін әлеуметтік қызметкерлер саны – 652 адам.
Облыста 2 белсенді ұзақ өмір сүру орталығы жұмыс істейді: «№2 Семей арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-де – 20 адамға арналған және «Семей қаласының №3 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету және белсенді ұзақ өмір сүру орталығы » КММ-де (бұдан әрі – БҰӨО) күн сайын кестеге сәйкес 100 адамға дейін қызмет көрсетіледі.
2023 жылдан бастап Семей қаласында 25 орынға есептелген «Абай облысы Семей қаласының отбасын және тұрмыстық зорлық - зомбылық құрбандарына қолдау көрсету орталығы» КММ жұмыс істейді.
Орталық ашылған 2023 жылдан бүгінгі күнге дейін 428 адам көмек алды, оның ішінде 137 әйел және 291 бала.
2026 жылдың басынан бері Орталықта 71 адамға көмек көрсетілді, оның ішінде 22 әйел және 49 бала.
2026 жылы 100 орындық «Семей №1 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-нің қосымша корпусының құрылысы аяқталды. Жобаның құны – 2,6 млрд теңге.
Сондай-ақ, Абай облысын дамытудың 2023–2027 жылдарға арналған кешенді жоспарына сәйкес Семей және Аягөз қалаларында әрқайсысы 150 орындық 2 балалар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығын салу жоспарлануда. Әр жобаның құны шамамен 11,0 млрд теңгені құрайды.