Меню

Страницы

Статья

Басқарманың мемлекеттік қызметтері бойынша ақпарат

Абай облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының ережесіне сәйкес «Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу» және «Кандас мәртебесін тағайындау немесе ұзарту», сонымен қатар, «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру және ұзарту», «Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту» атты мемлекеттік қызметтерін көрсетеді.

«Кандас мәртебесін тағайындау немесе ұзарту» мемлекеттік қызметі бойынша 2025 жылдың 2 тоқсанында 114 адамға қандас мәртебесі беріліп, 20 адамға қандас мәртебесі ұзартылды.

Анықтама: оның ішінде – ҚХР – 88 адам, Монғолия – 3 адам, Өзбекстан – 6 адам. Ресей – 2 адам, Түркменістан - 15 адам.

«Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу» мемлекеттік қызметі қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына сәйкес 2025 жылға Абай облысына 499 адамнан тұратын қоныс аударушылар мен қандастарды қабылдау квотасы жеткізілді (оның ішінде қоныс аударушылар - 255 адам, қандас 244 адам).

Жыл басынан бері квотаға 200 адам/64 отбасы (оның ішінде қоныс аударушылар - 108/31, қандастар - 92/33) немесе жеткізілген (499) жоспардың 40,1% -ы енгізілген.

2025 жылға Абай облысы үшін 220 бірлік көлемінде шетелдік жұмыс күшін тартуға квота бекітілді(оның ішінде: 1 санат бойынша - 4, 2 санат бойынша - 70, 3 санат бойынша - 80, 4 санат бойынша - 60, маусымдық қызметкерлер - 6).

Жыл басынан бері 13 жұмыс берушіге 85 рұқсат берілді, оның ішінде: 2-ші санат бойынша - 23, 3-ші санат бойынша - 48, 4-ші санат бойынша - 13, сезонные работники - 1. 

Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде 5 жұмыс берушіде 91 рұқсат бар, оның ішінде: 6-санат бойынша (басшылар) - 1, 7-санат бойынша (менеджерлер) - 11, 8-санат бойынша (мамандар) - 79.

2024 жыл бойынша АНЫҚТАМА:

«Кандас мәртебесін тағайындау немесе ұзарту» мемлекеттік қызметі бойынша 2024 жылы 235 адамға қандас мәртебесі беріліп, 55 адамға қандас мәртебесі ұзартылды.

Анықтама: оның ішінде – КНР – 169 адам, Монғолия – 20 адам, Өзбекстан – 3 адам. Ресей – 10 адам, Түркменістан - 33 адам.

«Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу» мемлекеттік қызметі қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына сәйкес 2024 жылы Абай облысы 525 адамнан тұратын қоныс аударушылар мен қандастарды қабылдау квотасы жеткізілді (оның ішінде қоныс аударушылар - 305 адам, қандас 220 адам).

2024 жылдың қорытындысы бойынша квотаға 530 адам (188 отбасы) немесе квотаның 101,0 %-ы еңгізілді, оның ішінде 220 қандас (92 отбасы), 310 қоныс аударушы (96 отбасы).

Анықтама қандастар : оның ішінде – ҚХР – 44 отбасы 131 адам, Монғолия – 21 отбасы 25 адам, Өзбекстан – 3 отбасы 3 адам, Ресей - 4 отбасы 6 адам, Түркменістан - 20 отбасы 55 адам.

Анықтама қоныс аударушылар: оның ішінде Алматы облысы – 24 отбасы 94 адам, Жамбыл облысы - 4 отбасы 13 адам, Жетісу облысы – 18 отбасы  68 адам,  Маңғыстау облысы – 1 отбасы 3 адам, Қызылорда облысы – 5 отбасы 21 адам, Түркістан облысы – 10 отбасы 32 адам, Шымкент қаласы – 3 отбасы 7 адам, Астана қаласы – 12 отбасы 27 адам, Алматы қаласы – 18 отбасы 45 адам.

2024 жылға Абай облысы үшін 204 бірлік көлемінде шетелдік жұмыс күшін тартуға квота бекітілді.

2024 жылдың қорытындысы бойынша «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту» мемлекеттік қызметі бойынша 6 жұмыс берушіге 103 рұқсат берілді, оның ішінде: 2-санат бойынша – 38, 3-санат бойынша – 65.

Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде 8 жұмыс берушіде 233 рұқсат берілді, оның ішінде: 6-санат бойынша (басшы) – 4, 7-санат бойынша (менеджерлер) – 28, 8-санат бойынша(мамандар) – 201.

«Шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша өтініштер түскен жоқ.

Дата публикации
28 марта 2023
Дата обновления
09 июля 2026
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
14 июля 2026
«Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» ережесіне өзгерістер енгізілді
Пайдалы ақпарат
14 июля 2026
Қазақстандық жұмыскерлердің тәлімгерлігін ұйымдастыру қағидаларын және шетелдік жұмыс күшін тартатын жұмыс берушілерге қойылатын талаптарды бекіту туралы
Хабарлама
14 июля 2026
Өз бизнесіңізді ашуға идеяңыз бар ма?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы