«Табысты Отбасы» жобасының екінші ағымына қатысушылар республикасының төрт облысында сертификаттар алды
2023 жылдың 15 ақпанында Ақтөбе, Абай, Жетісу және Ұлытау өңірлерінің 143 тұрғыны «Табысты отбасы» әлеуметтік жобасы аясында оқуын аяқтағаны туралы сертификат алды. Қатысушылар мастермайнд, консультацияларды, жеке дамуы бойынша тренингтерді және ең бастысы бес бейінді бағыт бойынша («SMM», «Автоэлектрик», «Бьюти индустрия», «Кондитер ісі», «Тігін ісі») оқытуды қамтитын қарқынды кешенді оқыту айынан сәтті өтті.
Салтанатты шараға жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалды үйлестіру басқармасының басшысы Айнур Ораловна Султанова және «Самұрық-Қазына» АҚ портфельдік компанияларының өкілдері, қоғам белсенділері, бизнес-тренерлер мен жоба тәлімгерлері қатысты. «Samruk-Kazyna Trust» қорының өкілдері және жоба авторы Айжани Нұрланова екінші лектің түлектерін онлайн форматта құттықтады.
Абай облысы бойынша сертификаттарды 41 қатысушы алды («SMM»-12, «Бьюти индустрия»-16, «Кондитерлік ісі»-7, «Тігін ісі»-5 және «Автоэлектрик»-1).
Жоба шеңберінде сертификаттарды алғаннан кейін қатысушыларға алдағы күндері 150 АЕК сомасына жабдықтар жиынтығы, сондай-ақ үш ай ішінде істі енгізу және дамыту мәселерінде тәлемгерлердің қолдауы берілітін болады.