«Бородулиха арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ директоры лауазымына конкурс

«Абай облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 071400, Абай облысы, Семей қаласы, А. Қозбағаров көшесі, 40, анықтама телефондары: 8 (7222) 360172, электрондық мекенжайы: a.doulbaeva@mail.ru бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

«Бородулиха арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ директоры лауазымдық жалақысы еңбек өтіліне байланысты 263131 теңгеден 302255 теңгеге дейін (1 бірлік)

Функционалдық міндеттері: өндірістік, шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметке басшылықты жүзеге асырады, Орталықтың басқару құрылымын, штат кестесін айқындайды; қызмет алушылармен әлеуметтік-тұрмыстық, медициналық, мәдени қызмет көрсету, оқу-тәрбие жұмысы бойынша АӘҚКО - ның барлық бөлімшелерінің жұмысын және тиімді өзара іс-қимылын ұйымдастырады; АӘҚКО қызметін ағымдағы және перспективалық жоспарлауды ұйымдастырады; күтімге, тұрмыстық және медициналық қызмет көрсетуге, әлеуметтік-еңбекке бейімдеуге және оңалтуға мұқтаж тұратын қарттар мен мүгедектігі  адамдардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғайды, оларға туыстық байланыстарды қолдау үшін жағдай жасау жөнінде шаралар қабылдайды; оларға мұқтаж балаларды, қарттар мен адамдарды техникалық көмекші (компенсаторлық) және арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды бюджет қаражатын, сондай-ақ заңнамаға қайшы келмейтін қаржыландыру көздерінен түсетін қаражатты ұтымды пайдалануды қамтамасыз етеді; кадрларды іріктеуді, қабылдауды және орналастыруды жүзеге асырады, қызметкерлердің лауазымдық міндеттерін айқындайды; еңбек және өндірістік тәртіпті нығайту, қызметкерлерді аттестаттау жөніндегі жұмысты жүргізеді; сотта, мемлекеттік органдар мен ұйымдарда АӘҚКО-ның мүдделерін қорғайды және білдіреді; шарттар жасасады, сенімхаттар береді, қажетті есептілікті ұсынуды, статистикалық мәліметтердің дұрыстығын қамтамасыз етеді; санитариялық-эпидемиологиялық нормалардың сақталуына жауап береді, санитарлық-гигиеналық режим, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы, өртке қарсы нормаларды орындау; Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарына сәйкес «Е-otinish» порталы арқылы келіп түскен азаматтардың өтініштерін уақтылы қарауды, белгіленген мерзімде толық, сапалы және анық ақпарат беруді қамтамасыз етеді.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, педагогикалық, медициналық, заң, экономикалық) білімі және әлеуметтік қорғау жүйесінде (барлық меншік нысанындағы ұйымдарда) кемінде 3 жыл немесе ұйымның бейініне сәйкес экономикалық қызмет түріндегі басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл немесе үкіметтік емес ұйымдардағы басшылық лауазымдарда жұмыс өтілі, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы (мемлекеттік емес) ұйымдарда кемінде 5 жыл.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар «Абай облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» ММ құжаттарды қабылдау мерзімінде құжаттарын қолма-қол тәртіппен, пошта арқылы немесе электрондық пошта мекенжайына электрондық түрде ұсынады a.doulbaeva@mail.ru.

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар ұсынылады:

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде ұйымға қолма-қол немесе пошта арқылы мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы және байланыс телефондары көрсетілген);

      4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

       6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

      Азаматтық қызметке кірген кезде адам сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар немесе жоқ екендігі туралы анықтама ұсынады.

Конкурс өткізу кезінде сарапшыларды шақыруға жол беріледі.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкерлері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда, оның ішінде ғылыми салада жұмыс тәжірибесі бар адамдар болады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі 2024 жылғы 2024 жылғы 5 мамырға дейін, Абай облысы, Семей қаласы,    А. Қозбағаров көшесі, 40, тел: 8 (7222) 360172, электрондық мекенжайы: a.doulbaeva@mail.ru

Конкурс Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1017 бұйрығымен бекітілген Азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде өткізіледі.

 

«Бородулиха арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ директоры лауазымына конкурс
Дата публикации
18 апреля 2024