Қазақстан Республикасының Конституциясының 13 бабына сәйкес әркімнің білікті заң көмегін алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегі тегін көрсетіледі делінген.
Қазақстан Республикасының «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» заңында (бұдан әрі- Заң) заң көмегін алуға құқығы бар адамдардың санаттары көзделген.
Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету: заңдылық; мемлекет кепілдік берген тегін заң көмегін қажет ететін жеке және заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің басымдығы; мемлекет кепілдік берген заң көмегінің тең қолжетімділігі мен сапасы; мемлекет кепілдік берген заң көмегі көрсетілетін мәселенің құпиялылығын қамтамасыз ету; мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсететін тұлғалармен заңнама талаптарының сақталуын бақылау, тиімді мемлекеттік реттеу қағидаттарына негізделеді.