Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 28 шілдеде № 14010 болып тіркелді.
Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.09.2022 № 367 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.09.2022 № 367 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.09.2022 № 367 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесінің қазақ және орыс тілдеріндегі бір данасын баспа және электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрықты облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарының назарына жеткізуді;
6) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасының |
|
|
Денсаулық сақтау және әлеуметтік |
|
|
даму министрі |
Т. Дүйсенова |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_____________ Қ. Бишімбаев
2016 жылғы 30 маусым
|
|
Қазақстан Республикасы |
Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.09.2022 № 367 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;
2) жұмыс берушi – жұмыскер онымен еңбек қатынастарында тұрған жеке немесе заңды тұлға;
3) жұмыс орындарының квотасы (бұдан әрі – квота) – ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының пайыздық көрсетілімінде мүгедектігі бар адамдар жұмыс істейтін жұмыс орындарының санын қоса алғанда, жұмыс беруші жұмысқа орналастыруға міндетті еңбек қызметі үшін медициналық қарсы көрсетілімі жоқ мүгедектігі бар адамдар жұмысқа қабылдауға арналған жұмыс орындарының ең аз саны;
4) жұмыс орындарын квоталау – жергілікті атқарушы органдар белгілеген квотаға сәйкес мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс берушілердің жұмыс орындарын ұсынуы;
5) мүгедектігі бар адам – тұрмыс-тіршілігінің шектелуiне және оны әлеуметтiк қорғау қажеттiгiне әкеп соқтыратын, ауруларға, мертігулерге (жаралануға, жарақаттарға, контузияларға), олардың зардаптарына, кемiстiктерге байланысты организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы нашарлаған адам;
6) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган – өңірлік еңбек нарығындағы ахуалды ескере отырып халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің бағыттарын айқындайтын ауданның, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының құрылымдық бөлiмшесi;
7) халықты жұмыспен қамту орталығы – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы құратын заңды тұлға.
2-тарау. Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау тәртібі
1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктегі еңбек нарығында мүгедектігі бар адамдар санынан жұмыс күшіне ағымдағы сұраныс пен ұсынысты талдау, болжау;
2) өңірдегі жұмыс істеп тұрған ұйымдар саны;
3) жұмыскерлердің штат саны және бар бос жұмыс орындарының саны туралы жұмыс берушілердің мәліметтері негізінде қалыптастырылған ұйымдардағы жұмыскерлердің тізімдік саны;
4) мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс беруші ұсынған қолданыстағы жұмыс орындарының саны туралы мәліметтер талдау;
5) квотадан тыс жұмыс берушілер мен мүгедектігі бар адамдар арасында жасалған қолданыстағы еңбек шарттарының саны туралы мәліметтер талдау;
6) халықты жұмыспен қамту орталығы тіркеген жұмыссыз мүгедектігі бар адамдардың саны негізінде әзірлейді.
Квота ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдар мен дара кәсіпкерлер үшін белгіленеді.
елуден жүз адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде;
жүз бірден екі жүз елу адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде;
екі жүз елу бірден артық адам – жұмыскерлердің тізімдік санының төрт пайызы мөлшерінде белгілейді.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК