Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 123 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 15 сәуірде № 27595 болып тіркелді.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына және "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 43-2-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
Т. Дуйсенова |
|
|
|
|
|
|
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі |
|
|
|
|
Қазақстан Республикасы |
|
Еңбекші көшіп келушілерге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережеле
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттардың электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, "Халыққа қызмет көрсету орталықтары" интеграцияланған ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – ХҚКО ИАЖ) электрондық өтінімді ресімдейді және тиісті шешім қабылдау үшін "Шетелдік жұмыс күші" автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – ШЖК ААЖ) жолдайды.
Жергілікті атқарушы органдар еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру туралы шешім қабылдаған кезде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының аумақтық органдарымен (бұдан әрі – аумақтық органдар) келіседі.
1) өтініштің мазмұнын жеке басын куәландыратын құжаттың деректерімен және Мемлекеттік корпорациядан алынған мәліметтермен салыстырады;
2) жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлемнің төленген сомасы өтініште көрсетілген рұқсаттың қолданылу мерзіміне сәйкес келетінін тексереді;
3) еңбекші көшіп келушіге жасалатын жинақтау материалдарына мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген құжаттарды қоса тіркейді.
ХҚКО ИАЖ-дан ШЖК ААЖ-ға келіп түскен құжаттар автоматты түрде "Көші-қон полициясы" ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – КП АЖ) қарауға жіберіледі. Аумақтық органдар келіп түскен құжаттарды 1 (бір) жұмыс күні ішінде қарайды.
Өтініш беруші рұқсат мерзімі аяқталғанға дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірмей "ұзартуға" беруге құқылы. Өтініш рұқсат беру аяқталған күні немесе рұқсат беру мерзімі аяқталғаннан кейін берілген жағдайда өтініш беруші үшін "ұзарту" түрі бойынша қызмет қолжетімсіз болады. Өтініш беруші "беру" түрі бойынша жаңа рұқсат алуға өтініш бере алады. Бұл ретте ХҚКО ИАЖ маманы құжаттарды қабылдау кезінде беруге немесе ұзартуға өтініш берудің дұрыс ресімделуін қамтамасыз етуі қажет.
1) бөлінген квота мөлшерінен асқан жағдайда;
2) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
4) шетелдік азаматтығының мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген елдердің тізімімен сәйкес келмеуі;
5) аумақтық органдардың теріс шешімі;
6) аумақтық органдардың жауапты уақтылы ұсынбауы.
3-тарау. Орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған әкімшілік орган (лауазымды адам) шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған әкімшілік орган (лауазымды адам), егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
Шағым Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген мерзімдерде қаралады.
4-тарау. Еңбекші көшіп келушіге рұқсатты кері қайтарып алу тәртібі
Жергілікті атқарушы орган рұқсатты кері қайтарып алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес кері қайтарып алынған рұқсаттар туралы ақпаратты аумақтық органға жібереді.
|
|
Еңбекші көшіп келушіге рұқсат |
|
|||
|
"Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты |
|||||
|
1 |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган – халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ету бойынша функцияларды орындауға облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері уәкілеттік берген мемлекеттік мекеме (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) |
|||
|
2 |
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары) |
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады. |
|||
|
3 |
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
Мемлекеттік корпорацияға қажетті құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – өтініш түскен күнді есептемегенде 2 (екі) жұмыс күні; Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут. |
|||
|
4 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны |
Электрондық (толық автоматтандырылған) / қағаз түрінде. |
|||
|
5 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Еңбекші көшіп келушілерге рұқсат беру және ұзарту не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі болып табылады. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде. |
|||
|
6 |
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде жұмыс берушіден алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Жеке тұлға-еңбекші көшіп келушіге мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. |
|||
|
7 |
Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13-00-ден 14-30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін, демалыс-сенбі, жексенбі және мереке күндері. 2) Мемлекеттік корпорация – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін, демалыс – жексенбі және мереке күндері. Қабылдау жеделдетіп қызмет көрсетусіз, "электрондық" кезек тәртібімен жүзеге асырылады, портал арқылы электрондық кезекті брондауға болады. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: 1) Мемлекеттік корпорацияның интернет-ресурсында – www.gov4c.kz; 2) Порталдың – www.egov.kz. |
|||
|
8 |
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде еңбекші көшіп келушіге рұқсатты ресімдеу үшін көрсетілетін қызметті алушы мынадай құжаттарды ұсынады: 1. бастапқы өтініш беруі кезінде: еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру туралы өтініш; жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлемді төлеу туралы түбіртек (сканерлегеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады); мемлекеттік шекараны кесіп өткені туралы белгісі бар паспорт (сканерлегеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады); таңдаған мамандығы бойынша еңбек қызметіне кедергі келтіретін аурулардың жоқтығын растайтын шетелдікті медициналық куәландыру туралы анықтама (075/у нысанындағы медициналық анықтама); дактилоскопиялаудан және суретке түсіруден өткені туралы анықтама – осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша (көшіп келушінің алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде еңбек рұқсатын алғаны туралы мәліметтер болған кезде дактилоскопиялау және суретке түсіру жүргізілмейді); медициналық сақтандыру (сканерлегеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады); "Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға уақытша тұруға рұқсат беру" проактивті мемлекеттік қызмет көрсетілген жағдайда Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс беруші мен көрсетілетін қызметті алушы арасында жасалған еңбек шарты (сканерлегеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады). 2. Қазақстан Республикасының аумағында уақытша тұратын жері бойынша Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде рұқсатты ұзарту үшін: еңбекші көшіп келушіге рұқсатты ұзарту туралы өтініш; жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлемді төлеу туралы түбіртек (сканерлегеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады); еңбекші көшіп келушіге бұрын берілген рұқсат; Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс беруші мен көрсетілетін қызметті алушы арасында жасалған еңбек шарты (сканерлегеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады); медициналық сақтандыру (сканерлегеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады). |
|||
|
9 |
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) бөлінген квота мөлшерінен асқан жағдайда; 2) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың сәйкес келмеуі; 3) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; 4) шетелдіктің азаматтығына мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген елдердің тізімімен сәйкес келмеуі; 5) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының аумақтық органдардың теріс шешімі; 6) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының аумақтық органдардың жауапты уақтылы ұсынбауы. |
|||
|
10 |
Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы немесе порталдағы "жеке кабинет" арқылы алу мүмкіндігі бар; 2) мүмкіндіктері шектеулі көрсетілетін қызметті алушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген, ғимараттарға кіретін жерлер пандустармен жабдықталған, күтуге арналған креслолар бар; 3) мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары 1414, 8-800-080-7777. 4) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар. |
|||
|
|
Еңбекші көшіп келушіге рұқсат |
|
|||
Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру (ұзарту) туралы өтініш
Сізден еңбекші көшіп келушіге жұмыс беруші жеке тұлғалардың үй шаруашылығындағы үй жұмыскерлері ретінде жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) үшін рұқсатты 1, 2, 3 ай мерзімге беруді/ұзартуды (қажетсізін сызып тастауды) сұраймын (қажетсізін сызып тастау).
Өзім туралы мынадай мәліметтерді хабарлаймын:
___________________________________________________тұрақты тұрады
(азаматтығы, тұрақты тұратын жерінің толық мекенжайы, елі, облысы, қаласы, ауданы, кенті, көшесі, үйінің нөмірі, телефоны, оның ішінде ұялы телефоны көрсетіледі).
(отбасылық жағдайы, жұбайының/зайыбының анықтамалық деректері (тегі, аты және бар болса әкесінің аты, Туған жылы), балаларының саны, үй телефоны көрсетіледі).
________________________________________________________________
(туыстық дәрежесі, толық мекенжайы, байланыс телефоны, оның ішінде ұялы телефоны көрсетіледі).
____________________________________ (қала, аудан, көше, үй, пәтер, телефон, оның ішінде ұялы телефон).
________________________________________________________________
(жұмыс орындары, қала, аудан, көше, үй, пәтер, телефон, оның ішінде ұялы телефон).
Қазақстан Республикасының Көші-қон және салық заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық туралы ескертілді.
Т.А.Ә, (болған жағдайда) ________ қолы.
|
|
Еңбекші көшіп келушіге рұқсат |
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып ""Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу" мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, себебі Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес пакетін ұсынуыңыз, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың атауы:
1) ________________________________________;
2) ________________________________________;
3) ________________________________________.
Осы қолхат әрбір тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.
"Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы қызметкерінің Т. А. Ә, (болған жағдайда)
____________________________________________________ (қолы)
Телефон ______________________
Алдым: Т. А. Ә ____________________________________________ (болған жағдайда) / көрсетілетін қызметті алушының қолы
"___" ________ 20__ жыл
|
|
Еңбекші көшіп келушіге рұқсат |
Жеке тұлғаларда еңбек қызметін жүзеге асыруға рұқсат беруден бас тарту туралы ХАБАРЛАМА
Т.А.Ә: <латын қарпіндегі шетелдіктің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)>
Паспортының №: < шетелдіктің паспортының сериясы мен нөмірі>
Азаматтығы: <шетелдіктің азаматтығы>
ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДА ЕҢБЕК ҚЫЗМЕТІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА РҰҚСАТ БЕРУДЕН БАС ТАРТЫЛДЫ
("Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" ҚР Заңының 19-1-бабының 2-тармағына сәйкес)
<СЕБЕП>
Жергілікті атқарушы органның жауапты қызметкері
<лауазымы>, < Т.А.Ә. (болған жағдайда)>
КҮНІ: <берілген күні>
|
|
Еңбекші көшіп келушіге рұқсат |
Шетелдіктердің жеке тұлғалардың еңбек қызметін жүзеге асыруына РҰҚСАТ № <Рұқсат нөмірі>
Т. А. Ә: <латын қарпіндегі шетелдіктің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)>
Паспортының №: < шетелдік паспортының сериясы мен нөмірі>
Азаматтығы: <шетелдік азаматтығы>
ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ЕҢБЕК ҚЫЗМЕТІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУЫНА РҰҚСАТ ЕТІЛЕДІ
<басталу күні> бастап <аяқталу күні> <ұзартылды>дейін
Ұлттық паспортты ұсынған кезде жарамды
Жергілікті атқарушы органның жауапты қызметкері
<лауазымы>, < Т.А.Ә. (болған жағдайда)>
<Рұқсатты ресімдеу күні>
|
|
Еңбекші көшіп келушіге рұқсат |
________________________________________
(Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің
облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент
қалаларының аумақтық органының атауы)
________________________________________
(жергілікті атқарушы органының атауы)
Кері қайтарып алынған еңбекші көшіп келушілердің рұқсаттары туралы ақпарат
Еңбекші көшіп келушілерге рұқсат беру, ұзарту және қайтарып алу Ережесінің ___
тармағына сәйкес, ___________________________________
(жергілікті атқарушы органының атауы)
_________________________________________________________________
(еңбекші көшіп келушілердің деректері: тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), паспорт
деректері (нөмірі, берілген күні). Рұқсаттың нөмірі, рұқсаттың берілген күні, рұқсаттың
қолданылуының аяқталу мерзімі).
Көрсетілетін қызметті беруші (лауазымы) (қолы) (тегі, аты)
|
|
Қазақстан Республикасы |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК