Маусымдық шетелдік жұмыскерлердің еңбек қызметін жүзеге асыруы үшін кәсіптердің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 25 қыркүйектегі № 379 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 28 қыркүйекте № 21295 болып тіркелді
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі
"Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 21-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасының |
Б. Нурымбетов |
|
|
|
|
Қазақстан Республикасының |
||
Маусымдық шетелдік жұмыскерлердің еңбек қызметін жүзеге асыруы үшін кәсіптердің тізбесі
|
Р/с № |
Кәсіптердің атауы |
|
1. |
Бағбандар және бақшашылар |
|
2. |
Егіншілер және көкөнісшілер |
|
3. |
Темекі өнімдерін дайындау жөніндегі жұмысшылар |
|
4. |
Өсімдік шаруашылығында біліктілігі жоқ жұмысшылар |
|
5. |
Мал шаруашылығында біліктілігі жоқ жұмысшылар |
|
6. |
Аралас өсімдік және мал шаруашылығы өнімдерін өндіруде біліктілігі жоқ жұмысшылар |
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК