Қазақстан Республикасының Босқындардың мәртебесі туралы конвенцияға және Босқындардың мәртебесіне қатысты хаттамаға қосылуы туралы
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 15 желтоқсандағы N 317-I Заңы.
Қазақстан Республикасы 1951 жылғы 28 шілдеде қабылданған Босқындардың мәртебесі туралы конвенцияға және 1967 жылғы 31 қаңтарда қабылданған Босқындардың мәртебесіне қатысты хаттамаға қосылсын.
|
Қазақстан Республикасының |
|
|
Президенті |
|
Босқындардың жағдайы туралы Конвенция
(Женева, 28 шілде 1951 ж.)
(1999 жылғы 15 сәуірде күшіне енді - ҚР СІМ-нің ресми сайты)
Кіріспе
Жоғарғы мәртебелі келісім жасап жатқан Тараптар
Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының және Бас Ассемблея 1948 жылғы 10 желтоқсанында қабылдаған Дүниежүзілік декларациясының бекіткен барлық адамның алаланбастан негізгі құқықтар мен бостандыққа ие екендігі туралы ұстанымын ескере отырып,
Біріккен Ұлттар Ұйымының босқындар тағдырына өзінің терең алаңдаушылығын әлденеше рет танытқанын және босқындардың аталған құқықтар мен бостандықты кеңінен пайдалануы үшін барынша күш салғанын ескере отырып,
бұрын жасалған босқындардың ахуалы туралы халықаралық келісімдерді қайта қарау қажеттілігін және жаңа келісімдер жасау арқылы олардың қолданыс аясын кеңейту қажеттігін ескере отырып,
босқындарға бассауға берудің кейбір мемлекеттерге ауыр салмақ салатынын және Біріккен Ұлттар Ұйымының мойындаған халықаралық көлемдегі мәселелердің шешілуі халықаралық ынтымақтастықсыз жүзеге асырылмайтынын ескере отырып,
барлық мемлекеттер босқындардың мәселесінің әлеуметтік және гуманитарлық сипатын мойындай отырып, осы мәселе бойынша мемлекетаралық қақтығыстарды болдырмауға шара қолдануын қалай білдіре отырып,
Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар мәселесі бойынша Жоғарғы комиссарына босқындарды қорғау туралы халықаралық конвенцияларының орындалуын қадағалау тапсырылғандығын атай отырып және аталмыш мәселені шешу шараларының тиімділігі мемлекеттердің Жоғарғы комиссармен әрекеттестігіне байланысты екендігін құптай отырып;
төмендегі келісімді жасады:
I Тарау
Жалпы ережелер
1 Бап
"Босқын" сөзінің анықтамасы
А. Осы Конвенцияда "босқын" терминінің мағынасы былай қарастырылады:
1) 1926 жылғы 12 мамырдағы және 1928 жылғы 30 маусымдағы келісімдердің аясында, 1939 жылғы 14 қыркүйектегі Хатама немесе Босқындар мәселесі бойынша Халықаралық ұйымның Жарғысының аясында;
Босқындар мәселесі бойынша Халықаралық ұйымның әрекет ету кезіндегі шығарылған босқын ретінде мойындамау туралы қаулылар осы бөлімнің 2 тармағы бойынша босқын ретінде танылған тұлғаның осы мәртебеге ие болуына кедергі бола алмайды;
2) 1951 жылдың 1 қаңтарына дейін орын алған оқиғалардың себебінен және нәсілдік, діни, азаматтық, әлеуметтік, саяси қудалаудың құрбаны болу қаупінің себебінен өзінің азаматтығы бар мемлекеттен өзге мемлекетте жүріп өзінің құқықтарын пайдалана алмай жүрген және аталған қауіптердің себебінен орналасқан мемлекетте құқықтарды пайдалануға мүмкіндігі жоқ немесе құқықтарды пайдалануға ықылассыз; немесе нақты азаматтығы болмай, жоғарыдағы аталған себептерге байланысты өзінің тұрғылықты мекенінен жат елде жүріп, өз еліне қайтуына мүмкіндігі болмаған немесе қайтуға ықылассыз тұлғалар;
Бір адам бірнеше мемлекеттің азаматтығына ие болса, "өзінің азаматтығы бар мемлекет" тіркесі – оның азаматтық алған кез-келген мемлекетін білдіреді, және мұндай тұлға азаматтығы бар қандай да бір мемлекетте негізді қауіптердің себебінен сол елдің панасын сұрамаса, өзінің мемлекетінің азаматтығынан айрылмайды
В. 1) Осы Конвенцияның 1 Бабының А бөліміндегі "1951 жылдың 1 қаңтарына дейін орын алған оқиғалар" мынаны білдіреді: а) "1951 жылғы 1 қаңтарға дейін Еуропада орын алған оқиғалар"; немесе b) "Еуропада немесе басқа елдерде 1951 жылдың 1 қаңтарына дейінгі орын алған оқиғалар", және әрбір Келісім жасап жатқан Мемлекет қол қою, бекіту немесе бірігу кезінде осы Конвенция негізінде дәл қай мағынадағы жауапкершілікті мойнына алатынын нақтылап көрсетуі керек.
2) Кез-келген Келісім жасап жатқан а мағынасындағы жауапкершілікті мойнана алған Мемлекет Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысын хабардар ету арқылы b мағынасындағы жауапкершілікті мойнына ала алады.
С. Осы Конвенцияның ережелері А бөлімінің түсініктемесіне жататын тұлғаға төмендегі жағдайлар орын алғанда жүрмейді:
1) азаматтығы қай елге қатысты болса, сол елдің қорғанышын өз еркімен қайта қабылдаған болса;
2) өзінің азаматтығынан айрылғаннан кейін, өз еркімен оны қайта алған болса; немесе
3) жаңа азаматтық алып, сол алған елінің азаматтығының қорғанышын қабылдаса; немесе
4) өз еркімен тастап кеткен немесе қудалау қаупінің себебінен шығып кеткен еліне өз еркімен қайтып келіп орналасса; немесе
5) азаматтығы бар өз елінің қорғанышынан бас тарта алмайтын болса, немесе босқын ретінде тануға негіздемелер бұдан былай күшінде болмаса.
Осы тармақтың күші өзінің бұрынғы мекеніне қайтып оралудан бас тартуға жеткілікті негіз болатын дәлелдер келтіре алған босқындарға А бөлімінің 1 тармағының анықтамасына жататын босқындарға жүрмейді.
D. Осы Конвенцияның күші Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар мәселесі бойынша Жоғарғы Комиссарынан басқа ұйымдардың немесе мекемелердің қорғанындағы тұлғаларға жүрмейді.
Олар қандай да бір себептерге байланысты аталмыш ұйымдардың қорғанынан шығып қалса немесе көмегінен айрылса, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының қабылдаған қарарларына орай реттелгенше осы Конвенцияның аясындағы құқықтарға автоматты түрде ие болады.
Е. Осы Конвенцияның күші сол елдің құзырлы органдары азаматтығына байланысты құқықтары мен міндеттерін мойындаған тұлғаларға жүрмейді.
F. Осы Конвенцияның күші мына жағдайлар орын алғаны негізді түрде ұйғарылған тұлғаларға жүрмейді:
а) егер ол бейбітшілікке қарсы қылмыс жасаған болса, әскери қылмыс жасаған болса, және осындай қылмыстардың алдын алу мақсатында шығарылған халықаралық актілерде көрсетілген мағынадағы адамзатқа қарсы қылмыс жасаған болса;
b) бассауға берген мемлекеттің тысында саяси сипаты жоқ қылмыс жасаған болса, және сол қылмысты сол елге босқын ретінде жіберілгенге дейін жасаған болса;
с) Біріккен Ұлттар Ұйымының мақсаттары мен ұстанымдарына қайшы әрекеттерге себеп болса.
2 Бап
Жалпы міндеттемелер
Әр босқынның мекендеген жеріне қатысты міндетті түрде ұстануы тиіс заңдар мен үкімдерге, қоғамдық тәртіпті ұстап тұруға қажетті шараларға бағынуға міндеттейтін міндеттемелері бар.
3 Бап
Кемсітушілікке жол бермеу
Келісуші Мемлекеттер осы Босқындарға қатысты Конвенцияның ережелерін нәсілдік, діни немесе ұлттық алалаусыз қабылдайды.
4 Бап
Діни нанымдар
Келісуші Мемлекеттер өз аймағындағы босқындарға діни еркіндікке және өз балаларына діни тәрбиеге қатысты өз азаматтарына жасаған жағдайды да босқындарға жасайды.
5 Бап
Осы Конвенция ережелерінен тыс құқықтар
Осы Конвенциядағы ережелерге қарамастан, осы Конвенция Келісуші Мемлекеттер беретін құқықтар мен артықшылықтар арқылы ешқандай құқықтарды бұзбайды.
6 Бап
"Ұқсас жағдайларда" тіркесі
Конвенциядағы "сол жағдайларда" тіркесі егер босқын босқын емес, қарапайым жеке тұлға болған жағдайда орындауға міндетті талаптарды білдіреді (оның ішінде мемлекетте тұрақтау және өмір сүру мерзімдері мен шарттарына байланысты талаптарды қосқанда), алайда мұның ішіне босқын орындауға мүмкіндігі жетпейтін талаптар жатпайды.
7 Бап
Өзаралық принципін алып тастау
8 Бап
Төтенше шараларды алып тастау
Келісуші Мемлекеттер Шетелдік азаматтардың мүлкі мен мүдделеріне қатысты қолданылатын төтенше шараларды мекендеп жатқан мемлекетінің азаматтығының негізінде өмір сүріп жатқан босқындарға қатысты қолданбайды. Заңнамасында осы тармақтағы жалпылық принципін қолдануды рұқсат етпеген жағдайда, Келісуші Мемлекеттер сол тармақтарды осындай босқындардың мүддесі үшін тиісті жағдайларда алып тастап отырады.
9 Бап
Уақытша шаралар
Осы Конвенциядағы ешбір ереже соғыс кезінде немесе басқа да төтенше және айрықша жағдайлар кезіндегі мемлекеттік қауіпсіздіктің мүддесінде қандай да тұлғаны босқын ретінде Келісуші Мемлекет анықтағанға дейін қабылдайтын уақытша шараларды орындау құқығынан Келісуші Мемлекетті айырмайды.
10 Бап
Үздіксіз мекендеу
11 Бап
Босқын-теңізшілер
Егер босқын ретінде танылған тұлға Келісуші Мемлекеттердің бірінің туымен теңізде жүзуші кемелердің бірінде қызмет етіп жүрсе, онда сол мемлекет аталмыш тұлғалардың өз аймағында еркін қозғалуына мүмкіндік береді және оған жүріс құжаттарын алуына және өз аймағына оңайлықпен уақытша кіріп-шығуы үшін жүріс құжаттарын алуына мүмкіндік береді.
II Тарау
Құқықтық мәртебе
12 Бап
Жеке статус
13 Бап
Жылжымалы және жылжымайтын мүлік
Келісуші Мемлекеттер босқындарға Жылжымалы және жылжымайтын мүлікті сатып еркәсалу, жалдау және басқа да әрекеттерге қатысты мәселеде шетелдіктерге беретін құқықтардан да қолайлы барлық құқықтар береді.
14 Бап
Авторлық және өнеркәсіптік құқықтар
Өнеркәсіптік құқықтарға қатысты: яғни өнертапқыштыққа, сызбаларға, модельдерге, сауда белгілеріне, фирма атауларына, әдеби, көркем, ғылыми шығармаларға қатысты құқықтарға келсек, босқындар мекендеген жердегі өз азаматына берілетін құқықтар босқындарға да беріледі. Кез-келген Келісуші Мемлекеттің аймағында оларға сол мемлекеттің азаматтарына берілетін қорғаныштар босқындарға да беріледі.
15 Бап
Қауымдастық құру құқығы
Келісуші Мемлекеттер Сипаты саяси болмаған және пайда табуды көздемеген қауымдастықтар мен кәсіптік одақтарды құруға байланысты өз елдеріндегі ұқсас жағдайлардағы шетелдік азаматтарға берген құқықтарға тең құқықтар береді.
16 Бап
Сотқа шағымдану құқығы
III Тарау
Табыс әкелетін кәсіптер
17 Бап
Жалдамалы жұмыс
18 Бап
Өз кәсіпорнында жұмыс
Келісуші Мемлекеттер сол елдердің аймағында мекендеуші босқындарға жеке ауылшаруашылық кәсібімен, өнеркәсіппен, қолөнермен және саудамен айналысуына және өзінің жеке сауда және өнеркәсіптік серіктестіктерін құруына шетелдіктерге жасайтын жағдайдан төмен емес жағдай жасайды,
19 Бап
Тәуелсіз мамандықтар
IV Тарау
Әлеуметтік қамқоршылық
20 Бап
Паектік жүйе
Тапшы өнімдерді таратуды реттейтін міндетті паектік жүйе жүріп тұрған елде босқындар сол елдің басқа азаматтарымен бірдей жағдайға ие болады.
21 Бап
Тұрғын үй мәселесі
Тұрғын үй мәселесі заңдармен және өкімдермен реттелетіндіктен немесе қоғамдық бақылаудың назарында болғандықтан, Келісуші Мемлекеттер өз аймақтарында заңды мекен ететін босқындарға ұқсас жағдайлардағы шетелдіктерге жасайтын жағдайлардан артық болмаса, кем емес жағдай жасайды.
22 Бап
Жалпы білім
23 Бап
Үкіметтік көмек
Келісуші Мемлекеттер өз аймағында заңды мекен етуші босқындарға үкіметтік көмек және қолдау мәселесі бойынша өз азаматтарының құқықтық жағдайындай жағдай жасайды.
24 Бап
Еңбек заңнамасы және әлеуметтік қамсыздандыру
V Тарау
Әкімшілік шаралар
25 Бап
Әкімшілік ықпалдастық
26 Бап
Қозғалыс еркіндігі
Әрбір Келісуші Мемлекет шетелдіктерге қойылатын ережелердің орындалу шартымен өз аймағында заңды мекендеп жатқан босқындарға мекен-жайды таңдау және өз аймағында еркін жүріп-тұру мүмкіндігін береді.
27 Бап
Жеке куәлік
Келісуші Мемлекеттер өз аймағындағы жарамды жол құжаттары жоқ босқындарға жеке куәлік шығарады.
28 Бап
Жол жүру құжаттары
29 Бап
Салықтар
30 Бап
Мүлікті елден шығару
31 Бап
Бассауға берген мемлекетте заңсыз жүрген босқындар
32 Бап
Жер аударып жіберу
33 Бап
Босқындарды жер аударып жіберуге тыйым немесе оларды күшпен қайтару (келген елдеріне)
34 Бап
Қоластына алу
Келісуші Мемлекеттер босқындардың сіңісіп кетуін және азаматтық құқықтар алуын мүмкіндігінше жеңілдетеді. Әсіресе, оларды қоластына алуға байланысты құжатнама жұмыстарының жылдамдатылуына және оларға байланысты алымдар мен шығындарды барынша азайтуға қолынан келген әрекеттерді жасайды.
VI Тарау
Конвенцияны қолдануға және өтпелі кезеңге қатысты ережелер
35 Бап
Ұлттық билік пен Біріккен Ұлттар Ұйымының арасындағы ынтымақтастық
36 Бап
Ұлттық және заңнамалық актілер туралы мәліметтер
Келісуші Мемлекеттер Біріккен ұлттар Ұйымының Бас хатшысына осы Конвенция талаптарын жүзеге асыру мақсатында шығарған заңдар мен үкімдердің мәтіндерін жеткізеді.
37 Бап
Алдыңғы Конвенциялар
Қатысушы тараптар үшін осы Конвенция 28 баптың 2 тармағының күшін сақтай отырып, 1922 жылдың 5 шілдесіндегі, 1924 жылдың 31 мамырындағы, 1926 жылдың 12 мамырындағы, 1928 жылдың 30 маусымындағы, 1935 жылдың 30 шілдесіндегі актілерді, 1933 жылдың 28 қазанындағы және 1938 жылдың 10 ақпанындағы Конвенцияларды және 1946 жылдың 15 қазанындағы Келісімді алмастырады.
VII Тарау
Қорытынды ережелер
38 Бап
Дауларды шешу
Осы Конвенцияның тараптарының арасында Конвенцияны түсіну немесе қолдану бойынша орын алатын ешқалай шешілуге жатпайтын барлық даулар кез-келген дауласушы тараптың талабымен Халықаралық Сотқа жіберіледі.
39 Бап
Қол қою, бекіту және біріктіру
40 Бап
Конвенцияның аймақтық қолданысы туралы Қаулы
41 Бап
Федеративтік мемлекеттер туралы қаулылар
Федеративтік немесе унитарлы емес мемлекеттерге қатысты келесі ережелер қолданылады:
а) осы Конвенциядағы федералды заңнамалық биліктің заңнамалық құзіретіне сәйкесетін баптары бойынша, федералды үкіметтің міндеттемелері федералды емес үкіметтің міндеттемелеріне белгіленген шамада сәйкесетін болады.
b) федерацияға кіретін және федерацияның конституциялық құрылысына сәйкес заңнамалық шаралар қабылдауға міндетті емес штаттар, провинциялар немесе кантондардың заңнамалық юрисдикциясына жататын осы Конвенцияның баптарына қатысты мәселелерде федералдық үкімет алғаш мүмкіндік болған кезде осы баптар туралы штаттар, провинциялар мен кантондардың тиісті билік органдарына жағымды пікірмен бірге қоса хабарлайды.
с) Осы Конвенцияның тарабы болып табылатын федеративтік мемлекеттер басқа кез-келген Келісуші Мемлекеттің Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы арқылы жіберілген талабымен федерациялардағы Конвенцияның ережелеріне сәйкес күшіндегі заңдар мен оларды қолдану тәжірибесі мен жүзеге асырылу деңгейі туралы анықтаманы ұсынады.
42 Бап
Сылтаулар
43 Бап
Күшіне ену
44 Бап
Бас тарту
45 Бап
Қайта қарау
46 Бап
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы жолдайтын ескертулер
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Біріккен Ұлттар Ұйымының барлық мүшелеріне және мүшелігінде жоқ 39 Бапта аталған мемлекеттерге:
а) В бөлімінің 1 Бап негізінде түскен шағымдар мен ескертулер туралы;
b) 39 Бапта қарастырылған қолдар, бекітулер және қосып алулар туралы;
с) 40 Бапта қарастырылған шағымдар мен ескертулер туралы;
d) 42 Бапта қарастырылған ескертпелер және ескертпелерден бас тартулар туралы;
е) 43 Бапқа сәйкес осы Конвенцияның күшіне ену күні туралы;
f) 44 Бапта қарастырылған бас тартулар мен ескертулер туралы;
g) 45 Баптың негізінде түскен қайта қарау талаптары туралы хабарлап отырады;
Жоғарыдағылардың куәлігі ретінде төмендегілер өкілеттілігімен осы Конвенцияны өз үкіметтерінің атынан қол қойып отыр.
Женева қаласында мың тоғыз жүз елу бірінші жылдың жиырма сегізінші шілдесінде бір данада жасалды, ағылшын және француз мәтіндері тең; және осы нұсқасы Біріккен Ұлттар Ұйымының мұрағатына сақтауға берілді және оның куәландырылған көшірмелері Біріккен Ұлттар Ұйымының барлық мүшесіне және 39 бапта аталған мүше емес мемлекеттерге таратылады.
Босқындар мәртебесіне қатысты 1967 жылғы 31 қаңтардағы хаттама
(1999 жылғы 15 қаңтарда күшіне енді - ҚР СІМ-нің ресми сайты)
Осы Хаттаманың қатысушы мемлекеттері,
1951 жылғы 28 шілдеде Женевада қол қойылған босқындар мәртебесіне қатысты Конвенцияның (бұдан әрі "Конвенция"), тек 1951жылғы 1 қаңтарға дейінгі оқиғалар нәтижесінде босқын болған тұлғаларға таратылатынын ескере отырып,
Конвенцияны қабылдау уақытынан бастап босқындарға қатысты жаңа жайттардың пайда болғандығын және осыған байланысты қатысы бар босқындардың Конвенция ықпалына түспеуі мүмкін екендігін ескере отырып,
1951жыл 1қаңтар деп көрсетілген күнге қарамастан Конвенция ұйғарымына түсетін барлық босқындардың тең мәртебені пайдалануы қажет екендігін ескере отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап Жалпы ережелер
2-бап Ұлттық биліктің Біріккен Ұлттар Ұйымымен ынтымақтастығы
3-бап Ұлттық заңнама туралы мәлімет
Осы Хаттаманың қатысушы мемлекеттері осы Хаттаманы қолдануды қамтамасыз ету мақсатында қолданатын заң мәтіндері мен қаулыларды Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына хабарлайды.
4-бап Дауларды шешу
Түсіндіруге немесе қолдануға қатысты осы Хаттаманың қатысушы мемлекеттері арасындағы барлық даулар басқа тәсілдермен шешілмесе, осы дауға қатысты тараптардың кез келгенінің өтініші бойынша Халықаралық Сотқа жіберіледі.
5-бап Хаттамаға қосылу
Осы Хаттама Конвенцияға қатысушы барлық мемлекеттер және Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше кез келген мемлекет немесе Хаттамаға қосылу туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы шақырту жіберген кез келген мамандандырылған мекеме немесе мемлекет мүшесі атынан қосылу үшін ашық. Қосылу Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына сақтау үшін қосылу туралы актіні тапсыру арқылы жүзеге асырылады.
6-бап Федеративтік мемлекеттер туралы бап
Федеративтік немесе біртұтас емес типтегі мемлекеттерге келесі ережелер қолданылады:
а) осы Хаттаманың 1 бабы, 1 тармағына сәйкес қолдануға жататын және федералдық заң шығару биліктерінің қарауына түсетін Конвенция баптарына бойынша федералдық үкіметтің міндеттемелері көрсетілген шекте федеративтік мемлекеттер болып табылмайтын тараптардың міндеттемелеріне сәйкес келеді;
b) осы Хаттаманың 1 бабы, 1 тармағына сәйкес қолдануға жататын және федерацияның конституциялық құрылысы бойынша заңнамалық шараларды қолдануы міндетті емес штаттар федерациясына, провинцияларға, кантондарға енетін, заңның қарауына түсетін Конвенция баптары бойынша федералдық үкіметтер мүмкіндік болған жағдайда осы баптарды жақсы сипатпенен штаттардың, провинциялар мен кантондардың тиісті биліктеріне жеткізеді.
с) осы Хаттамаға қатысушы федеративтік мемлекет Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының тапсыруы арқылы кез келген қатысушы мемлекеттің талап етуімен аталған ереженің өмірде қалай және қандай жолмен,заңды немесе басқа жолмен орындалғандығын көрсету арқылы осы Хаттаманың 1 бабы, 1тармағына сәйкес қолданылуы тиіс Конвенцияның кез келген ережесіне бойынша федерациядағы және оның құрамдас бөлігіндегі заң мен тәжірибе туралы анықтама береді.
7-бап Ескертпелер мен мәлімдемелер
8-бап Күшіне ену
9-бап Бас тарту
10-бап Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы жіберген хабарлама
Бас хатшы осы Хаттаманың жоғарыдағы баптарында аталған күшіне ену, қосылу,түсіндіру және алу және одан бас тарту туралы, сонымен бірге осыған қатысты мәлімдеме мен хабарламалар туралы барлық мемлекетке хабарлайды.
11-бап Біріккен Ұлттар Ұйымы Хатшылығының мұрағатында сақтау
Бас Ассамблеяның Төрағасы және Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысы қол қойған, тең дәрежеге барабар болып табылатын ағылшын, испан, қытай, орыс және француз мәтіндеріндегі осы Хаттаманың көшірмесі Біріккен Ұлттар Ұйымы Хатшылығының мұрағатында сақталады. Бас хатшы осы Хаттаманың расталған көшірмелерін Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болатын барлық мемлекеттерге және жоғарыдағы 5бапта аталған мемлекеттерге жолдайды.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК