Босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және оны тоқтату қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 9 наурыздағы № 183 Қаулысы.
Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.05.2022 № 306 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Босқындар туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
|
Қазақстан Республикасының |
|
|
Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
|
|
Қазақстан Республикасы |
Босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және оны тоқтату қағидалары
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.05.2022 № 306 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
босқын – нәсілдік, ұлттық, діни сенімі, азаматтық белгісі, белгілі бір әлеуметтік топқа жататындығы немесе саяси нанымы бойынша қудалаудың құрбаны болу қаупінің негізділігіне орай өзі азаматы болып табылатын елден тыс жерде жүрген және өз елінің қорғауын пайдалана алмайтын немесе осындай қауіп салдарынан мұндай қорғауды пайдаланғысы келмейтін шетелдік немесе осындай қауіп салдарынан еліне қайтып орала алмайтын немесе қайтып оралғысы келмейтін, өзі тұрақты тұратын немесе өзі азаматы болып табылатын елден тыс жерде жүрген азаматтығы жоқ адам;
босқын куәлігі – босқынның жеке басын куәландыратын және мәртебесін растайтын, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) беретін құжат;
жол жүру құжаты – босқын мәртебесі берілген адамға Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерде жүріп-тұру үшін берілетін құжат;
пана іздеген адам – жергілікті атқарушы орган босқын мәртебесін беру туралы өздерінің өтінішхаты бойынша түпкілікті шешім қабылдағанға дейін Қазақстан Республикасында пана сұрауға тілек білдірген шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам;
пана іздеген адамның куәлігі – босқын мәртебесін беру туралы өтінішхаттың тіркелгенін растайтын, жергілікті атқарушы орган беретін құжат;
уәкілетті орган – босқындар мәселелері бойынша қатынастарды реттеу саласында басқаруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы.
2-тарау. Босқын мәртебесін беру және ұзарту тәртібі
Шешім қабылдау үшін қосымша тексеру қажет болған жағдайларда түпкілікті шешім шығару бір жылдан аспайтын мерзімге кейінге қалдырылады, бұл туралы тиісті шешім қабылданған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде пана іздеп жүрген адамға хабарланады.
Босқын деп танылған адамның отбасының он сегіз жасқа толмаған мүшелері туралы мәліметтер ата-анасының біреуінің босқын куәлігіне, ал ата-анасы болмаса заңды өкілінің босқын куәлігіне не отбасының он сегіз жасқа толған және отбасының он сегіз жасқа толмаған мүшелерінің жүріс – тұрысына, тәрбиесіне және оларды асырауға өз еркімен жауапкершілік алған бір мүшесінің босқын куәлігіне жазылады. Кейіннен көрсетілген адамдар он сегіз жасқа толған соң олардың еркін нысандағы жазбаша өтініші негізінде жергілікті атқарушы орган оларға босқын куәлігін береді.
Босқын деп танылған, он сегіз жасқа толмаған және Қазақстан Республикасының аумағына ата-анасынсыз немесе заңды өкілдерінсіз келген адамға да босқын куәлігі тапсырылады.
Босқын куәлігі Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жарамды болады.
Босқын куәлігін алған кезде босқын деп танылған адамның ұлттық (азаматтық) паспорты және (немесе) жеке басын куәландыратын басқа да құжаттары осы адамның босқын деп танылу мерзіміне жергілікті атқарушы органда сақтауға қалдырылады.
Босқын Қазақстан Республикасының аумағындағы тұрғылықты жерін ауыстырған кезде оның жеке ісінің материалдары босқынның жаңа тіркелу орны бойынша жергілікті атқарушы органға жіберіледі.
Мерзімді ұзартқан кезде жергілікті атқарушы орган босқынның босқын куәлігінің, тұруға ықтиярхатының (бар болса), жол жүру құжатының бар-жоғын тексереді, отбасылық жағдайының, отбасы құрамының, тұратын мекенжайының өзгерістері туралы деректерді нақтылайды және бұл өзгерістерді босқынның жеке ісіне енгізеді.
3-тарау. Босқын мәртебесінен айыру және оны тоқтату
1) босқын мәртебесін беруге негіз болған көрінеу жалған мәліметтерді хабарласа не жалған құжаттарды ұсынса;
2) бейбітшілікке қарсы қылмысқа, әскери қылмысқа немесе адамзатқа қарсы қылмысқа қатысты шаралар қолдану мақсатында жасалған халықаралық актілерде осы әрекеттерге берілген анықтамадағы осындай қылмысы үшін сотталған болса;
3) Қазақстан Республикасының аумағына келгенге дейін оның шегінен тысқары жерлерде жасаған саяси емес сипаттағы ауыр қылмысы үшін сотталған болса;
4) Біріккен Ұлттар Ұйымының және Қазақстан мүшесі болып табылатын халықаралық ұйымдардың мақсаттары мен қағидаттарына қайшы келетін әрекеттер жасағаны үшін сотталған болса;
5) террористік, экстремистік, сондай-ақ тыйым салынған діни ұйымдардың қызметіне қатысқаны үшін сотталған болса, жергілікті атқарушы органның тиісті шешімінің негізінде босқын мәртебесінен айырылады.
1) Қазақстан Республикасының немесе өзге мемлекеттің азаматтығын алса және өзі азаматы болған мемлекеттің қорғауын пайдаланса;
2) өзін босқын деп тануға негіз болған мән-жайлар өзгергендіктен, бұдан әрі өзі азаматы болып табылатын елдің қорғауын пайдаланудан бас тарта алмайтын болса;
3) өзінің бұрынғы мемлекетінің жоғалтқан азаматтығын өз еркімен қайта қабылдаса;
4) өзі азаматы болған елдің қорғауын өз еркімен қайта пайдаланса;
5) өзіне босқын мәртебесін беру негіздері жойылғандықтан, шыққан еліне қайтып оралуға тілек білдірсе;
6) қудалау қаупінің салдарынан тастап шыққан немесе кетіп қалған еліне өз еркімен қайта оралса;
7) Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге тұрақты тұруға кетсе, осы негіздемелер бойынша босқын мәртебесі тоқтатылады.
Осы Қағидалардың 16-тармағында жазылған мән-жайлардың туындауы, атап айтқанда:
1) 1), 3) тармақшалар бойынша – тиісті азаматтық алған күні;
2) 2) тармақша бойынша – өзі азаматы болып табылатын елдегі, өзін босқын деп тануға негіз болған мән-жайлардың өзгергені туралы жергілікті атқарушы орган хабардар еткен күн;
3) 4), 6) тармақшалар бойынша – өзі азаматы болып табылатын елге өз еркімен қайта оралған күн;
4) 5) тармақша бойынша – босқынның өзінің шыққан еліне қайтуға ниет еткені туралы жергілікті атқарушы органды хабардар еткен күні;
5) 7) тармақша бойынша – Қазақстан Республикасынан тысқары тұрақты тұруға кеткен күн;
6) ұзартуға келмеген кезде – растаушы құжаттар ұсынылса, дәлелді себеп бойынша жағдайларды қоспағанда, босқын мәртебесінің мерзімі өткеннен кейінгі оныншы күн босқын мәртебесі тоқтатылуы басталған кез болып табылады.
|
|
Босқын мәртебесін беру, |
Босқындарды, сондай-ақ босқын мәртебесін беруден бас тартылған адамдарды есепке алу журналы
|
Р/с№ |
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) |
Туған күні және туған жері |
Азаматтығы |
Отбасылық жағдайы |
Қабылданған шешімнің №, күні |
Бас тарту туралы қабылданған шешімнің №, күні |
Босқын мәртебесі тоқтатылған күн |
Ескертпе |
|
||
|
беру туралы |
ұзарту туралы |
айыру туралы |
беруден |
ұзартудан |
|
||||||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК