Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы

Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 5 желтоқсанда № 9934 тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі!

      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз

       Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 82-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 10.06.2021 № 555 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Қоса беріліп отырған Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесі бекітілсін (бұдан әрі - Ереже).
  2. Бюджеттік рәсімдер әдіснамасы департаментіне (З.А.Ерназарова):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап, 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Ереженің 4-тарауының 4-параграфын қоспағанда, қолданысқа енгізіледі.

      Қаржы министрі

Б. Сұлтанов

       "КЕЛІСІЛДІ"  

       Қазақстан Республикасы  

       Ұлттық экономика министрлігі  

       ________________ Е. Досаев  

      2014 жылғы 3 желтоқсан

       "КЕЛІСІЛДІ"  

       Қазақстан Республикасы  

       Ұлттық банкінің төрағасы  

       ________________ Қ. Келімбетов  

      2014 жылғы 4 желтоқсан

 

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2014 жылғы 4 желтоқсандағы
№ 540 бұйрығымен
бекітілген

 Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы

 1-тарау. Жалпы ережелер

       Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 26.03.2020 № 320 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Осы Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесі (бұдан әрі - Ереже) республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу және оған кассалық қызмет көрсету тәртібін, мемлекеттік мекемелердің және уәкілетті мемлекеттік органдардың бюджетке түсімдердің түсуін қамтамасыз ету, бюджеттік бағдарламаларды іске асыру, сондай-ақ бюджеттің тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) жөніндегі іс-шаралар кешенін орындау бойынша іс-қимыл тәртібін айқындайды.

 2-тарау. Міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасау және жүргізу тәртібі

       Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 26.03.2020 № 320 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

 1-параграф. Қаржыландыру жоспарларының түрлері

  1. Бюджеттің атқарылуы үшін қаржыландыру жоспарларының мынадай түрлерін:

      мемлекеттік мекемелер - мемлекеттік мекеменің міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарын (бұдан әрі - міндеттемелер бойынша жеке жоспар) және мемлекеттік мекеменің төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарын (бұдан әрі - төлемдер бойынша жеке жоспар);

      бюджеттік бағдарламалар әкімшісі - міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарын және төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарын (бұдан әрі - бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қаржыландыру жоспары);

      бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімімен- түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын әзірлейді.

      Жеке қаржыландыру жоспарлары, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржыландыру жоспарлары, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары, міндеттемелер бойынша жиынтық қаржыландыру жоспары кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға және жергілікті бюджеттер туралы мәслихаттардың шешімдеріне, кезекті қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың қаулыларына, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің шешіміне, мемлекеттік органдардың даму жоспарларына, бюджеттік бағдарламаларға, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтініміне, Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасына (бұдан әрі – ҚР ББС), Республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің анықтамалығына (бұдан әрі – Мемлекеттік мекемелердің анықтамалығы) сәйкес және осы Ережеде белгіленген тәртіппен әзірленеді.

      Қаржыландырудың жеке жоспарлары бөлшек қалдықтары бар, үтірден кейін бір белгісі бар сандармен мың теңгемен қалыптастырылады, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерін қаржыландыру жоспарлары, бюджетке түсетін түсімдердің жиынтық жоспары, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары бөлшек қалдықсыз бүтін сандармен мың теңгемен қалыптастырылады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 06.09.2017 № 543; өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің 30.11.2018 № 1046; 12.04.2022 № 397 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

 2-параграф. Қаржыландырудың жеке жоспарларын, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларын және түсімдер жоспарларын жасау және бекіту тәртібі

  1. Бюджеттің атқарылу процесінде қаржыландырудың жеке жоспары мемлекеттік мекеменің негізгі құжаты болып табылады, ол: осы Ереженің 1-6-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша шығыстардың функционалдық және экономикалық сыныптамасына сай міндеттемелер бойынша жеке жоспар, төлемдер бойынша жеке жоспар нысанында қалыптастырылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 12.07.2017 № 431 бұйрығымен

  1. Міндеттемелер бойынша жеке жоспар бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) іс-шараларын іске асыруға арналған бюджет қаражатының жылдық көлемдері шегінде ақшалай түрдегі мемлекеттік мекеме қабылдаған міндеттемелердің ай сайынғы көлемдерін анықтайды.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 24.11.2015 № 586 бұйрығымен.

  1. Төлемдер бойынша жеке жоспар қабылданған міндеттемелерді орындау есебінен төлемдерді жүзеге асыру үшін мемлекеттік мекемеге қажетті бюджет қаражатының жылдық көлемдері шегінде бюджет қаражатының ай сайынғы көлемін анықтайды.
  2. Міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларының жобаларын шығыстардың функционалдық және экономикалық сыныптамасы бойынша мемлекеттік мекемелер мынадай талаптардың:

      бюджет комиссиясы мақұлдаған және бюджетті бекіткен немесе бекіту немесе нақтылау кезінде қабылданған шешімдерді ескере отырып пысықталған бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімінде (бұдан әрі - бюджеттік өтінім) ұсынылған бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша шығыстардың есептері;

      бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру мақсатында қабылданған нормативтік құқықтық актілер;

      басқа да нормативтік құқықтық актілер;

      міндеттемелерді уақтылы қабылдауды және орындауды қамтамасыз ету;

      өткен қаржы жылдарында міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларының орындалу серпіні негізінде;

      шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің құрылымын ескере отырып әзірлейді.

      Экономикалық сыныптама ерекшеліктері тұрғысынан міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарының жылдық сомасын айлар бойынша бөлу міндеттемелерді қабылдау мерзіміне, операциялық жоспарда көзделген іс-шараларды орындау мерзіміне немесе мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық рәсімдерді өткізу мерзіміне, жұмыстарды жүргізу маусымдылығына, бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру үшін нормативтік құқықтық актілерді қабылдау мерзіміне сәйкес келуі тиіс.

      Төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарының жылдық сомасын айлар бойынша бөлу әрбір бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша тиісті қаржы жылы ішінде іс-шараларды іске асыру мерзіміне сәйкес алынатын тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша төлемдерді жүзеге асыру мерзіміне сәйкес келуі және аванстық төлемдерді төлеудің болжамды мерзімін ескеруі тиіс.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 24.11.2015 № 586; 23.02.2018 № 269 бұйрықтарымен.

  1. Жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру және бағдарламалық құжаттарда көзделген міндеттерді орындау мақсатында заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын арттыруға бағытталған бюджеттік бағдарламаларды іске асыратын бюджеттік бағдарламалар әкімшілері даму жоспарына немесе мемлекеттік органның бюджеттік бағдарламасына (кіші бағдарламасына) сәйкес міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларын жасайды.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 12.04.2022 № 397 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Жеке қаржыландыру жоспарларының жобаларына орталық атқарушы органның аппарат басшысы (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның аппарат басшысының өкілеттігі жүктелген лауазымды адам), ал мұндайлар болмаған жағдайда ‒ мемлекеттік мекеменің басшысы немесе ол уәкілеттік берген адам, мемлекеттік мекеменің оларды жасауға жауапты құрылымдық бөлімшесінің басшысы, ал соңғылары болмаған кезде-тиісті бұйрықтармен міндеттерді орындау жүктелген адамдар қол қояды) және мемлекеттік мекеменің елтаңбалы мөрінің бедерімен расталады, жоғарыда көрсетілген тұлғалар қол қойған жеке қаржыландыру жоспарлары жобаларының ай сайынғы бөлінуінің есептеулері мен негіздемелері жеке қаржыландыру жоспарларының жобаларымен бірге оларды бекіту және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржыландыру жоспарларын әзірлеу үшін белгіленген мерзімдерде бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне беріледі.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 26.03.2021 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Мемлекеттік мекеме жеке қаржыландыру жоспарлары жобаларының жасалу дұрыстығын, дәйектілігін және олардың тиісті бюджеттік бағдарлама әкімшісіне уақтылы берілуін қамтамасыз етеді.
  2. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарлары осы Ереженің 7-10-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша шығыстардың функционалдық және экономикалық сыныптамасына сәйкес міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларын жиынтықтау жолымен қалыптастырылады.

      Бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшісін қаржыландыру жоспарларының жылдық сомасы кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда бекітілген, мәслихаттың кезекті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы шешімімен бекітілген сомаларына сәйкес келеді.

      Міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарының, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарының жылдық сомалары:

      бюджеттік бағдарламалар деңгейінде – бекітілген (нақтыланған, түзетілген) бюджеттің бюджеттік бағдарламасы бойынша шығыс сомасына;

      бюджеттік кіші бағдарламалар деңгейінде – бекітілген (қайта бекітілген) бюджеттік бағдарламаның бюджеттік кіші бағдарламасы бойынша шығыс сомасына сәйкес келеді.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 23.02.2018 № 269 бұйрығымен.

  1. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның республикалық бюджет туралы заңын іске асыру туралы қаулысы немесе кезекті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімі қабылданғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдер аппараттарына айларға бөле отырып, жоспарларды айға бөлу негіздемесімен бірге:

      бюджеттік бағдарламалар деңгейінде бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасына сәйкес бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қаржыландыру жоспарларының жобаларын;

      қаржыландырудың жеке жоспарларының жобаларын ұсынады.

      Төмен тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы трансферттер бойынша, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерінің бюджеттік кредиттер бойынша қаржыландыру жоспарларының жобаларын бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері аппараттарына тұтастай бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша да, сол сияқты төмен тұрған бюджеттер бойынша да ұсынады. Осы бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша қаржыландыру жоспарларының жобаларына облыс әкімі, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімімен немесе төмен тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның басшысы қол қойған әрбір төмен тұрған бюджетті қаржыландыру жоспарлары жобаларының көшірмелері қоса беріледі.

      Бюджеттік бағдарламалар әкімшісін қаржыландыру жоспарларының жобаларын бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкім аппаратымен белгілеген пішімде қағаз және магнит (электрондық) тасығыштарда, қаржыландырудың жеке жоспарларының жобаларын тек магнит (электрондық) тасығыштарда ғана ұсынады.

      Бюджеттік бағдарлама әкімшісі бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін қаржыландыру жоспарлары мен қаржыландырудың жеке жоспарлары жобаларының шынайылығын, дұрыс ресімделуін және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкім аппаратына уақтылы ұсынылуын қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 06.09.2017 № 543 бұйрығымен.

  1. Түсімдер жоспарының жобаларын жасау үшін бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган кірістер бойынша түсімдердің, бюджет кредиттерін өтеудің, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдердің және қарыздардың болжамдық жылдық сомасын бекіту туралы бұйрық, сондай-ақ ерекшеліктер тұрғысында Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін, бюджетке түсетін түсімдердің жылдық көлемін бекіту туралы бұйрық (бұдан әрі - бұйрық) әзірлейді. Бюджеттің кіріс бөлігі түсімдерінің болжамдық жылдық сомасын ерекшеліктер бойынша бөлу кірістердің жалпы көлемінен ағымдағы қаржы жылының іс жүзіндегі (күтілетін) түсімдерінің үлес салмағы және бірқатар жылға іс жүзіндегі түсімдер серпіні назарға алына отырып, жүзеге асырылады.

      Іс жүзіндегі (күтілетін) түсімдердегі кірістердің үлес салмағы мен серпінін есептеген кезде жоспарланбаған (біржолғы) сипаттағы түсімдер алып тасталады.

      Болжамдық жылдық сомасын ерекшеліктер бойынша бөлу кезінде салық және кеден заңнамасына сәйкес салық және басқа да міндетті төлемдерді төлеу ставкалары мен мерзімдері ескеріледі.

      Бюджеттің атқару жөніндегі уәкілетті орган бұйрықты әзірлеген кезде қажет болған жағдайда, салық және бюджетке түсетін басқа да түсімдерді өндіріп алуға жауапты уәкілетті органдардан ерекшеліктер тұрғысынан кірістер түсімдерінің болжамды сомасы бойынша ұсыныс сұратады.

  1. Кезекті қаржы жылына арналған түсімдердің жылдық болжам сомасын және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілген бюджетке түсетін түсімдердің жылдық көлемін, кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң және мәслихаттардың жергілікті бюджеттер туралы шешімдері негізінде, оларды қабылданғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады және бюджеттік сыныптаманың тиісті кодтары бойынша түсімдер жоспарының жобасын жасау үшін салық және бюджетке түсетін басқа да міндетті түсімдерді, салықтық емес түсімдерді, негізгі капиталды сатудан түсетін, трансферттерді, бюджет кредиттерін өтеу сомасын, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдерді, қарыздарды өндіріп алуға жауапты уәкілетті органдарға жібереді.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 24.11.2015 № 586 бұйрығымен.

  1. Бюджетке түсетін түсімдердің жоспары және ерекшеліктер бойынша бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін бюджетке түсетін түсімдердің жылдық көлемі тиісті бюджет түсімдерінің сомасына және кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Заңда немесе мәслихаттың кезекті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы шешімінде бекітілген түсімдердің санаттары, сыныптары және кіші сыныптары бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қорына жіберілетін бюджетке түсетін түсімдердің көлеміне, ал ерекшеліктер бөлінісінде бюджет атқару жөніндегі уәкілетті органның бұйрығына сәйкес келуі тиіс.

       Салықтық, салықтық емес түсімдерді, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді, трансферттерді, бюджет кредиттерін өтеу сомасын, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдерді, қарыздарды өндіріп алуға жауапты уәкілетті органдар бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға қоса берілетін есептеулермен және негіздемелермен осы Ереженің 11-13-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша айлар бөлінісінде ҚР ББС-ның бюджет түсімдерінің сыныптамасына сәйкес қалыптастырылған түсімдер жоспарларының жобаларын ұсынады.

      Осы жобалар бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның бұйрығы қабылданғаннан кейін 2 күннің ішінде беріледі.

      14-1. Ұлттық қорына республикалық бюджетке тартылған кепілдік берілген трансферт бөлігін қайтару:

      қаржы жылы көлемінде - жоспарланғаннан артық күтілетін кірістер түсімдері асып түсу шегінде;

      жыл қорытындысы бойынша – жылдың басындағы бюджет қаражатының қалдықтары есебінен тиісті бюджетті түзету арқылы, ағымдағы қаржы жылының 1 наурызынан кешіктірілмей, республикалық бюджеттің кірістер бөлігін асыра орындалған кездегі жағдайларда жүзеге асырылады.

      Жоспарланғаннан артық күтілетін кірістер түсімдері асып түсу кезінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен, кейіннен тиісті заңнамалық және заңға тәуелді актілеріні, түсімдер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізуімен, Ұлттық қорына республикалық бюджетке тартылған кепілдік берілген трансферт бөлігін қайтару сомасы туралы шешім қабылданады. Қайтару сомасы айқындалғаннан кейін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган қорытындыны дайындайды.

      Тартылған кепілдік берілген трансферт бөлігін Ұлттық қорына қайтару ҚР ҰБ-дағы Үкіметтің теңгелік шотына бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органымен мемлекеттік кірістер органдарының төлем тапсырмасы негізінде жүргізіледі.

      Ескерту. Ереже 14-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 24.11.2015 № 586 бұйрығымен.

  1. Бюджеттік алымдар түсімдерінің жоспарларын республикалық бюджет туралы заңға немесе кезекті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешіміне сәйкес және осы Ереженің 4-тарауының 10-параграфында анықталатын тәртіппен төмен тұрған бюджеттерден алынатын бюджеттік алымдарды ай сайынғы аудару мөлшерін және төмен тұрған бюджеттер кірістерінің ай сайынғы болжамдық көлемін қолдана отырып, есеп айырысулар негізінде жоғары тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган қалыптастырады.

      Кірістер түсімдерін, бюджеттік кредиттерді өтеуді, қаржы активтерді сатудан түскен түсімдерді және қарыздарды айлар бойынша бөлуді Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес бюджетке төленетін төлемдерді төлеудің белгіленген мерзімдерін, өткен жылдарға бюджетке түсетін түсімдер серпінін, мемлекеттік бағалы қағаздардың кірістілік серпінін және бағалы қағаздар нарығындағы сұраныстар пен ұсыныстар деңгейін талдауды, жасалған кредиттік шарттар, қарыз шарттары, гранттар туралы келісімдер талаптарын негізге ала отырып, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.

      Жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар бойынша жоғары тұрған бюджеттің төмен тұрған бюджетке берілген бюджеттік кредиттерді өтеу бойынша жоспарлардың жобаларын бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган аталған түсімдердің коды бойынша тұтастай және сол сияқты төмен тұрған бюджеттер бойынша жасайды.

 3-параграф. Түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың
жиынтық жоспарын, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық
жоспарын жасаудың және бекітудің тәртібі

  1. Түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары бюджетке түсетін түсімдердің жиынтық жоспары жобасының, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің міндеттемелері мен төлемдері бойынша осы Ереженің 14-20-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша, қаржыландыру жоспарларының жобалары негізінде жасалады.

       Түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары бюджет түсімдері сыныптамасының санаттары, сыныптары, кіші сыныптары және ерекшеліктері бойынша жасалатын түсімдердің жиынтық жоспарынан және бюджет шығыстары функционалдық сыныптамасының функционалдық топтары, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және бюджеттік бағдарламалар бойынша жасалатын төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарынан тұрады. Түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары осы Ереженің 20-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалады.

      Бұл ретте міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының жылдық сомалары бекітілген (нақтыланған, түзетілген) бюджеттің түсімдері мен шығыстарының сомаларына сәйкес келеді.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 24.11.2015 № 586 бұйрығымен.

  1. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Бюджет кодексінің 85-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы қаулысы қабылданғаннан кейін он жұмыс күні ішінде төлемдер бойынша түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарын, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасайды және бекітеді.

      Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органы Бюджет кодексінің 85-бабының 1-тармағына сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі жергілікті бюджет туралы облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәслихат шешімін іске асыру туралы қаулы қабылдағаннан кейін сегіз жұмыс күні ішінде төлемдер бойынша түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарын, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасайды және бекітеді.

      Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органы Бюджет кодексінің 85-бабының 1-тармағына сәйкес ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкім аппараты жергілікті бюджет туралы аудандық мәслихат шешімін іске асыру туралы қаулы қабылдағаннан кейін бес жұмыс күні ішінде төлемдер бойынша түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарын, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасайды және бекітеді.

      Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты (бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган) Бюджет кодексінің 85-бабының 1-тармағына сәйкес аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің жергілікті бюджет туралы ауданның мәслихат шешімін іске асыру туралы шешімі қабылдағаннан кейін бес жұмыс күні ішінде төлемдер бойынша түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарын, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасайды және бекітеді.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 06.09.2017 № 543 бұйрығымен.

  1. Түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына енгізу үшін қабылдаған бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларының жобаларын жиынтықтау жолымен және мынадай шарттарды ескере отырып жасалады:

      1) міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларындағы бюджеттік бағдарламалардың жылдық сомасы қабылданған республикалық бюджет туралы заңға сәйкес келуі тиіс, ал жергілікті бюджеттік бағдарламалар бойынша жылдық сома кезекті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешіміне сәйкес келуі тиіс;

      2) міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарлары шығыстарының жиын сомасы міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларындағы бюджеттік бағдарламалар сомасына сәйкес келуі тиіс;

      3) жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке берілетін трансферттер мен кредиттердің сомасы төмен тұрған бюджеттің түсімдер және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарындағы сияқты дәл сондай көлемде және дәл сол айларда жоғары тұрған бюджеттің қаржыландырудың жиынтық жоспарларында ескеріледі;

      4) төмен тұрған бюджеттен жоғары тұрған бюджетке берілетін трансферттер, кредиттерді қайтару сомасы және жоғары тұрған бюджеттен алынған кредиттер бойынша төмен тұрған бюджет төлеген сыйақы сомасы жоғары тұрған бюджеттің түсімдері бойынша жиынтық жоспарындағы сияқты дәл сол көлемде және дәл сол айларда төмен тұрған бюджеттің қаржыландырудың жиынтық жоспарларында ескеріледі;

      5) төлемдер бойынша жоспарлардың сомасы жылдың басынан басталған кезеңде сол қаржы жылының кезеңіне міндеттемелер бойынша жоспарлардың сомасынан аспаған кезде міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспары мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспары арасындағы арақатынастың сақталуы.

      Түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары теңгерімделуі тиіс, бұл жыл басынан өсу қорытындысымен айлар бойынша түсімдерден шығыстардың артуына жол бермеуді білдіреді.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 14.03.2019 № 226 бұйрығымен.

  1. Бастапқы қалыптастырылған және бекітілген жиынтық жоспарлар электрондық дерекқор көшірмесі түрінде қаржы жылының соңына дейін сақталады, оған өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
  2. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерін атқару жөніндегі уәкілетті орган кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы Үкіметтің қаулысын бекіткеннен кейін 3 жұмыс күні ішінде төмен тұрған бюджеттерге трансферттер мен бюджеттік кредиттерді аударуға байланысты бюджеттік бағдарламаларға әкімшілік ететін орталық атқарушы органға айлар бойынша бөлінген оларға көзделген трансферттер мен бюджеттік кредиттер сомасын береді.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 04.10.2018 № 885 бұйрығымен.

  1. Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттерін атқару жөніндегі уәкілетті орган облыстық бюджеттер бекітілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде төмен тұрған бюджеттерге нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттерді бөлумен байланысты бюджеттік бағдарламаларға әкімшілік ететін жергілікті атқарушы органға айлар бойынша бөлінген облыстық бюджеттен аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттеріне, аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттерінен аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттеріне берілетін трансферттер мен бюджеттік кредиттер сомасын береді.

      Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеттері бекітілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде төмен тұрған бюджеттерге нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттерді бөлумен байланысты бюджеттік бағдарламаларға әкімшілік ететін жергілікті атқарушы органға айлар бойынша бөлінген аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеттерінен аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттеріне берілетін трансферттер мен бюджеттік кредиттер сомасын береді.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 06.09.2017 № 543 бұйрығымен.

  1. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның басшысы немесе өзі өкілеттік берген тұлға бекіткен түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, республикалық бюджет бойынша міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, оларды әзірлеуге жауапты бөлімшенің басшысы қол қояды және олардың мөрімен куәландырылады. Жергілікті бюджеттер бойынша - бюджетті атқару жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті органның басшысы немесе өзі өкілеттік берген тұлға бекітеді, оларды әзірлеуге жауапты бөлімшенің басшысы қол қояды және олардың мөрімен куәландырылады. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттері бойынша - аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімімен, оларды әзірлеу бойынша жауапты бөлімшенің басшысымен қол қойылады және олардың мөрімен рассталады.

      Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның басшысы немесе өзі өкілеттік берген тұлға және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органның басшысы болмаған жағдайда, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары тиісті бұйрықпен олардың міндеттерін атқару жүктелген тұлғалармен бекітіледі.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 24.11.2015 № 586; өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің 06.09.2017 № 543 бұйрықтарымен.

  1. Жоғары тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары бекітілгеннен кейін 2 жұмыс күні ішінде бюджеттік алулар, жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке берілген кредиттер мен кредиттерді қайтару бойынша сыйақылар сомасын айлар бойынша бөлуді төмен тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға айлар бойынша бөлінген қаржыландырудың жиынтық жоспарларымен бекітілген міндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаларды қаржыландырудың жылдық сомаларын бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерінің қаперіне жеткізеді.

      Жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалар әкімшілері міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жоспарларын бекіткеннен кейін 2 жұмыс күні ішінде төмен тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның және алушы өңірлер бөлінісінде бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның қаперіне айлар бойынша бөлінген жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер мен кредиттердің сомаларын жеткізеді.

      Ескерту. 23-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 09.10.2015 № 509 бұйрығымен.

  1. Түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары бекітілгеннен кейін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган екі жұмыс күні ішінде салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің орындалуын бақылауды қамтамасыз ететін мемлекеттік органдарға қаржыландырудың жиынтық жоспарымен бекітілген республикалық бюджетке түсетін кірістердің түсімдері жоспарының айлар бойынша бөлінісін жібереді.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 30.11.2018 № 1046 бұйрығымен.

  1. Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсі қаржыландырудың жиынтық жоспарларымен бекiтiлген айлар бойынша бөлiнген мiндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттiк бағдарламаларды қаржыландырудың жылдық сомасын алғаннан кейiн екі жұмыс күнi iшiнде бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiн қаржыландыру жоспарларын және мiндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларын бекiтедi. Жеке қаржыландыру жоспарларын бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсі ведомстволық бағынысты барлық мемлекеттік мекемелер бойынша бір мезгілде:

       республикалық бюджет бойынша өзiнiң орналасқан орны бойынша аумақтық қазынашылық бөлімшесіне осы Ережеге 22-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тізілімге тіркелген, бюджеттік бағдарламалар әкімшісі басшысының және бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің жеке қаржыландыру жоспарын жасау үшін жауапты құрылымдық бөлімшесі басшысының электрондық-цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қойылған осы Ережеге 3 және 6-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша электрондық түрлерін;

       барлау және қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын, қорғалатын тұлғалардың және объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мемлекеттік органдар бойынша, сондай-ақ қорғаныс саласындағы құпиялауға жататын мәліметтер тізбесіне кіретін мемлекеттік мекемелер бойынша өзiнiң орналасқан орны бойынша аумақтық қазынашылық бөлімшесіне осы Ережеге 21-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данадағы тiзiлiммен бiрге осы Ережеге 2 және 5-қосымшаларға сәйкес қағаз және магнит тасығыштарында;

      жергiлiктi бюджет бойынша - бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкілетті органға қағаз және магнит тасығыштарда ұсынады;

      аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттері бойынша - тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдері аппараттарына.

      Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін қаржыландыру жоспарларын және қаржыландырудың жеке жоспарларын орталық атқарушы орган аппаратының басшысы (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы орган аппараты басшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды адам), ал олар болмаған жағдайда ‒ бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің басшысы бекітеді.

      Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің басшысы немесе ол уәкілеттік берген адам, орталық атқарушы органның аппарат басшысы (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның аппарат басшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды адам) болмаған жағдайда, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржыландыру жоспарларын және қаржыландырудың жеке жоспарларын бұйрыққа сәйкес олардың міндеттерін атқаратын адамдар бекітеді.

       Бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкім аппараты бюджеттік бағдарлама әкiмшiсi барлық мемлекеттік мекемелер бойынша бекiтiлген қаржыландырудың жеке жоспарларын ұсынғаннан кейін бес жұмыс күні iшiнде міндеттемелер мен төлемдер бойынша барлық қаржыландырудың жеке жоспарлары жалпы сомасының ҚР ББС-ның әрбiр бюджеттiк бағдарламасы бойынша және айлар бойынша түсiмдердiң және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының сомасына сәйкес келуін тексеруді жүргiзедi және осы Ережеге 15, 17 және 19-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының электронды үлгілерімен осы Ережеге 23-қосымшаға сәйкес бекітілген жоспардың электронды үлгісі және осы Ережеге 22-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тізілімге тіркелген, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган басшысының және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның жиынтық жоспарларды жасау үшін жауапты құрылымдық бөлімшесі басшысының ЭЦҚ қол қойылған осы Ережеге 3 және 6-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша жеке қаржыландыру жоспарлары беріледі.

      Бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкілетті орган, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкім аппараты түсiмдердiң және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының, жергiлiктi бюджет бойынша мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының мемлекеттiк мекемелердiң барлық қаржыландырудың жеке жоспарлары шығыстарының жиынтық сомасына сәйкес келуiн, сондай-ақ олардың аумақтық қазынашылық органына уақтылы ұсынылуын қамтамасыз етедi.

      Аумақтық қазынашылық бөлімшелері республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң орналасқан жері бойынша республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi барлық мемлекеттiк мекемелер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларын ұсынғаннан кейiн бес жұмыс күнi iшiнде барлық мемлекеттiк мекемелер бойынша ҚР ББС кодтарына, мiндеттемелер мен төлемдер бойынша барлық қаржыландырудың жеке жоспарының жалпы сомасының түсiмдердiң және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының, ҚР ББС әрбiр бағдарламасы бойынша, айлар бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының сомасына сәйкес келуiн тексерудi жүргiзедi және Қазынашылықтың бiрiктiрiлген ақпараттық жүйесiне (бұдан әрi - ҚБАЖ) енгiзедi (жүктейді).

      Аумақтық қазынашылық бөлімшелері бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органдар, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкім аппараттарымен барлық мемлекеттiк мекемелер бойынша ҚР ББС кодтарына қаржыландырудың жеке жоспарларын ұсынғаннан кейiн бес жұмыс күнi iшiнде мiндеттемелер мен төлемдер бойынша барлық қаржыландырудың жеке жоспарының жалпы сомасы түсiмдерiнiң және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының, ҚР ББС әрбiр бағдарламасы бойынша, айлар бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының сомасына сәйкестігін, төмен тұрған бюджеттердің жиынтық қаржыландыру жоспарларының жоғары тұрған бюджеттің жиынтық қаржыландыру жоспарларына, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жиынтық қаржыландыру жоспарларының төмен тұрған бюджеттерге немесе мемлекеттік органдардың функцияларын берген жағдайда төмен тұрған бюджеттерден жоғары тұрған бюджеттерге нысаналы трансферттер мен кредиттер бойынша республикалық бюджеттің жиынтық жоспарларына сәйкестігін тексерудi жүргiзедi және ҚБАЖ-ға енгiзедi (жүктейдi).

      Орындауға қабылдаған кезде аумақтық қазынашылық бөлімшелерінің жауапты орындаушылары жергілікті бюджет бойынша түсiмдердiң және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын және міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларының кезекті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттер туралы мәслихаттардың шешімдеріне, жергілікті атқарушы органдардың жергілікті бюджеттерді іске асыру туралы қаулыларына, кезекті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы аудан (облыстық маңызы бар қала) маслихатының шешімін іске асыру туралы аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің шешімдеріне сәйкестігі тұрғысынан тексеруді жүзеге асырады.

      Аумақтық қазынашылық бөлімшелері белгіленген талаптарды орындамаған кезде жеке қаржыландыру жоспарлары "Қазынашылық-клиент" АЖ (бұдан әрі - "Қазынашылық-клиент" АЖ) бойынша қабылданбайды, барлау және қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын, қорғалатын тұлғалардың және объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мемлекеттік органдарға, сондай-ақ қорғаныс саласындағы құпиялауға жататын мәліметтер тізбесіне кіретін мемлекеттік мекемелер бойынша - осы Ереженің тиісті тармақтарына сілтеме жасап, себептерін көрсете отырып, түзету үшін қайтарылады. Жеке қаржыландыру жоспарлары кері қайтарылған сәттен бастап, республикалық бюджет бойынша - республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, жергілікті бюджет бойынша - жергілікті уәкілетті орган түзетілгендерін келесі жұмыс күнінен кешіктірмей ("Қазынашылық-клиент" АЖ-да қызмет көрсетілген жағдайда -электрондық нұсқасын) ұсынады.

      Қазынашылық-Клиент" ақпараттық жүйесі арқылы бюджеттік бағдарламалар әкімшілері және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар осы Ережеге 6-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Міндеттемелер/ Төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспары" 3-04-есептерін және осы Ережеге 20-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Міндеттемелер/Төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспары" 3-02-есептерін қалыптастырады, мемлекеттік мекемелер осы Ережеге 6-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Міндеттемелер/Төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспары" 3-04-есептерін қалыптастырады.

      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 30.11.2018 № 1046; өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің 26.03.2021 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

  1. Түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары бекітілгеннен кейін төмен тұрған бюджеттерді атқару жөніндегі уәкілетті орган 3 жұмыс күні ішінде жоғары тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға тиісті бюджеттерге түсетін кірістердің (ерекшеліктер деңгейіне дейін) жоспарының бекітілген айлар бойынша бөлінуін жібереді.
  2. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органнан алынған кірістер түсімдерінің жиынтық жоспарларын (ерекшеліктер деңгейіне дейін) 2 (екі) жұмыс күні ішінде салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің төленуін қамтамасыз ету саласында басшылық етуді жүзеге асыратын мемлекеттік органның қаперіне жеткізеді.
  3. Бюджет кодексінің 74 және 75-баптарының 3-тармақтарында белгіленген жағдайларда, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын Ереженің 2-27-тармақтарында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде кезекті қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджеттер болжамының төрттен бір бөлігі көлемінде жасайды.

      Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 23.02.2018 № 269 бұйрығымен.

 4-параграф. Қаржыландырудың жеке жоспарына, түсімдердің жиынтық
жоспарына және міндеттемелер мен төлемдер бойынша
қаржыландырудың жиынтық жоспарларына өзгерістер енгізу тәртібі

  1. Түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, бюджетке түсетін түсімдердің жиынтық жоспарына, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарына, қаржыландырудың жеке жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу Бюджет кодексінде айқындалған жағдайларда, сондай-ақ бөлінетін бюджеттік бағдарламаларды бөлген кезде, республикалық және жергілікті бюджеттердің ай сайынғы түсімдері мен шығыстарын түзетуді және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржыландыру жоспарларындағы және қаржыландырудың жеке жоспарларындағы бір бюджеттік бағдарламаның ішіндегі кіші бағдарлама мен шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшеліктері арасында соманы түзетуді талап ететін факторлар пайда болған кезде жүргізіледі.

      Түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерінен алынған есепке және өзгерістер негіздемесіне қоса берілетін міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарын өзгертуге өтінімдер негізінде және салықтық, кедендік және бюджетке түсетін басқа да міндетті төлемдердің атқарылуын бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардан алынған есепке және өзгерістер негіздемесіне қоса берілетін кірістер түсімдерінің жоспарларын өзгертуге өтінімдер негізінде бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппаратымен қалыптастыратын түсімдердің жиынтық жоспарына, төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына және міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізу туралы анықтамалар арқылы жүзеге асырылады. Бұл ретте кіріс түсімдерінің жоспарларын өзгертуге арналған өтінімдер есепті кезең аяқталғанға дейін кемінде жеті жұмыс күні бұрын беріледі.

      Қаржыландырудың жеке жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мемлекеттік мекемелерден алынған есептемелер және өзгерістер негіздемесі қоса берілген міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарын өзгертуге өтінімдер (бұдан әрі - мемлекеттік мекеннің өтінімі) негізінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілері қалыптастыратын ҚР ББС-ға сәйкес жасалған қаржыландырудың жеке жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы анықтамалар арқылы жүзеге асырылады.

       Өтінімдер мен анықтамалардағы өзгерістер сомасы мың теңгемен, бөлшек қалдығы бар, үтірден кейін бір белгіден аспайтын санмен көрсетіледі. Өтінімдер мен анықтамалар осы Ереженің 24-40-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша жасалады.

      Ескерту. 29-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің 30.11.2018 № 1046 бұйрығымен.

  1. Мемлекеттiк мекемелер мемлекеттiк мекеменiң өтiнiмдерiн қалыптастыру және оны бекiту үшiн бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiне жiберу жолымен тиiстi бюджеттiк бағдарлама (кiшi бағдарлама) бойынша қаржыландыру жоспарының бекiтiлген жылдық сомасы шегiнде шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшелiктерi жөніндегі соманы кемiтудi (арттыруды) талап ететiн факторлар туындаған жағдайда, мiндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарына бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасына сәйкес өзгерiстер енгiзе алады.
  2. Қаржыландырудың жиынтық жоспарларына, берілетін нысаналы трансферттер мен кредиттер бойынша жоғары тұрған бюджеттің қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу, атқарушы құжаттарды орындау, ҚР БСС-ға өзгерістер енгізу, бөлінетін бюджеттік бағдарламаларды бөлу, сондай-ақ мемлекеттік борышқа қызмет көрсету және өтеу жөніндегі бюджеттік бағдарламаларды және міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына, жеке қаржыландыру жоспарларына шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшеліктеріне қатысты өзгерістер енгізу жағдайларын қоспағанда, мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландырудың жеке жоспарына айына бір реттен асырмай, ал ағымдағы қаржы жылының соңғы айында - ағымдағы айдың жиырмасыншы күнінен кешіктірмей екі реттен асырмай өзгерістер енгізуге жол беріледі.

      Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 30.11.2018 № 1046 бұйрығымен.

  1. Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi бюджеттiк бағдарлама бойынша шығыстардың жылдық және ай сайынғы көлемдерiн қозғамайтын шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшелiктерiне және бюджеттiк бағдарламалардың кiшi бағдарламаларына қатысты мiндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына, қаржыландырудың жеке жоспарларына өзгерiстерді дербес енгiзедi.

      Қаржыландырудың жеке жоспарларына өзгерiстер енгiзу үшiн әкiмшi осы Ереженiң 34 және 36-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша 3 данада анықтама қалыптастырады.

       Жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу үшін барлау және қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын, қорғалатын тұлғалардың және құпиялауға жататын мәліметтер тізбесіне кіретін объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мемлекеттік органдар осы Ереженің 33 және 35-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша анықтаманы үш данада қалыптастырады.

      Анықтамалардағы өзгерiстер сомасы үтiрден кейiн бiр белгiден аспайтын бөлшек қалдығы бар сандармен мың теңгемен көрсетiледi.

      Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 23.02.2018 № 269; өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің 30.11.2018 № 1046 бұйрықтарымен.

  1. Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi мемлекеттiк мекемелердiң өтiнiмдерi негiзiнде төлемдер мен мiндеттемелер бойынша бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсiн қаржыландыру жоспарларын өзгертуге анықтама және мемлекеттiк мекемелердi қаржыландырудың жеке жоспарларына өзгерiстер енгiзу туралы анықтама (бұдан әрi – қаржыландырудың жеке жоспарына өзгерiстер енгiзу туралы анықтама) қалыптастырады. Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi қаржыландырудың жеке жоспарына өзгерiстер енгiзу туралы анықтаманы қалыптастырғанға және мемлекеттiк мекеменiң өтiнiмiн қарағанға дейiн өзi орналасқан жерi бойынша аумақтық қазынашылық органына тиiстi шығыстарды оқшаулауды жүзеге асыру қажеттiлiгi туралы хатпен өтiнiш жасайды. Аумақтық қазынашылық бөлімшесі қаржыландыру жоспарларына өзгерiстер енгiзу жөніндегі рәсiмдер аяқталғанға дейiн жоспарлы тағайындауларды өзгерту жоспарланған бағдарламалар, кiшi бағдарламалар, ерекшелiктер бойынша мемлекеттiк мекеменiң мiндеттемелерiн тiркеудi және оның төлемдерiн жүргiзудi тоқтата тұрады.

      Аумақтық қазынашылық бөлімшелері осы Ережеге 41-қосымшаға сәйкес 4-20 "Шығыстар бойынша жиынтық есеп" нысанын барлау және қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын, қорғалатын тұлғалардың және объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мемлекеттік органдарға, сондай-ақ қорғаныс саласындағы құпиялауға жататын мәліметтер тізбесіне кіретін мемлекеттік мекемелерге береді.

      Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі шығыстардың бюджеттік сыныптамасының тиісті кодтары бойынша операцияларды тоқтата тұрған кезде өзінің ведомстволық бағынысындағы мемлекеттік мекемелерге қаржыландырудың жеке жоспарына жоспарланған өзгерістер енгізу туралы хабарлайды. Бұл ретте мемлекеттік мекемелер шығыстардың бюджеттік сыныптамасының өзгертілетін кодтары бойынша операцияларды қаржыландырудың жеке жоспарларына өзгерістер енгізу рәсімі аяқталғаннан кейін жүргізіледі.

      Мемлекеттік мекеменің өтінімі мыналар ескеріле отырып қалыптастырылады:

      ерекшелік сомаларын ағымдағы айдан алдағы айларға және керісінше аударуға тыйым салынады;

      жоспарлы тағайындаулар мен жасалған кассалық шығыстардың сомалары арасындағы сәйкестікті сақтауды;

      төлемдер бойынша жоспарлардың сомасы жылдың басынан басталған кезеңде сол қаржы жылының кезеңіне міндеттемелер бойынша жоспарлардың сомасынан аспаған кезде міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспары мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспары арасындағы арақатынастың сақталуы;

      қабылданған, бірақ ақы төленбеген міндеттемелерді;

      инкассолық өкімдердің болуын;

      шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшеліктері бойынша жоспарлы соманы қабылданған міндеттемелерді шегере отырып, жоспарлы тағайындалулардың сомасына азайту жасалады;

      жоспарлы соманы бюджет шығыстары экономикалық сыныптамасының бiр ерекшелiктерi бойынша ұлғайту (азайту) қаржыландыру жоспарында көзделген бюджеттiк бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша айдың қорытынды сомасы шегiнде басқа ерекшелiктер бойынша жоспарлы соманы азайту (ұлғайту) есебiнен, бюджеттiк бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша жылдық сома шегiнде жүзеге асырылады;

      бір бюджеттік бағдарлама шегінде бюджеттік кіші бағдарламалар арасындағы қаражатты қайта бөлу бюджеттік бағдарлама бойынша жылдық сомалар шегінде жүргізіледі;

      Республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітілген қаулысы бюджеттік даму бағдарламасы бойынша бюджет қаражатының жылдық көлемі шеңберінде үкіметтік сыртқы қарыздар және грант қаражаты есебінен қаржыландырылатын бюджеттік даму бағдарламаларының бюджеттік кіші бағдарламалары арасында бюджет қаражатын қайта бөлу үшін негіз болып табылады.

      Мемлекеттік мекеменің өтініміне басшы немесе өзі өкілеттік берген тұлға, оларды жасауға міндетті мемлекеттік мекеменің құрылымдық бөлімшесінің басшысы, ал соңғысы болмаған кезде – тиісті бұйрықтармен міндеттерді атқару жүктелген тұлғалар қол қояды және өзгерістерге есептемелер мен бірге олардың негіздемесі ағымдағы айдың 10 күнінен кешіктірілмей тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне беріледі.

      Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 23.02.2018 № 269 бұйрығымен.

  1.   Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі қоса берілетін өзгерістер бойынша негіздемені және осы Ереженің 32-33-тармақтарында белгіленген шарттардың және мерзімдердің сақталуын тексереді.

      Осы Ережеде көзделген шарттар сақталмаған кезде бюджеттік бағдарламалар әкімшісі ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің өтінімдерін қайтарады.

  1. Осы Ережеде көзделген талаптар сақталған кезде бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерiстер енгiзу туралы анықтаманы бекiтедi.

      Республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерiстер енгiзу туралы анықтаманы барлау және қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын, қорғалатын тұлғалардың және объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мемлекеттік органдарға, сондай-ақ қорғаныс саласындағы құпиялауға жататын мәліметтер тізбесіне кіретін мемлекеттік мекемелерге 3 данада бекiтедi, олардың бiреуiн мемлекеттiк мекемеге, екiншiсiн өзiнiң орналасқан жері бойынша аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне осы Ереженiң 21-қосымшасына сәйкес нысан бойынша 2 данадағы тiзiлiммен бiрге жiбередi және үшiншiсiн өзiнде қалдырады.

       Республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi өзiнiң орналасқан орны бойынша аумақтық қазынашылық бөлімшесіне осы Ереженің 22-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тізіліммен бірге осы Ережеге 34 және 36-қосымшаларға сәйкес жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу туралы бектілген анықтамалардың электрондық нұсқасын жібереді.

       Жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi аумақтық қазынашылық бөлімшесіне осы Ереженің 22-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тізіліммен бірге осы Ережеге 34 және 36-қосымшаларға сәйкес жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу туралы бекітілген анықтамалардың электрондық нұсқаларын жібереді, оларға бюджеттік бағдарламалар әкімшісі басшысының және бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің жеке қаржыландыру жоспарын жасауға жауапты құрылымдық бөлімшесі басшысының ЭЦҚ қойылады.

       Жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерiстер енгiзу туралы анықтамаларды бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне осы Ереженің 34 және 36-қосымшаларына сәйкес "Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесі бойынша, ал барлау және қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын, қорғалатын тұлғалардың және объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мемлекеттік органдарға, сондай-ақ қорғаныс саласындағы құпиялауға жататын мәліметтер тізбесіне кіретін мемлекеттік мекемелерге қағаз жүзінде мынадай тәртiппен бередi:

      қаржыландырудың жиынтық жоспарларына енгiзiлетiн өзгерiстерге қатысы жоқ өзгерiстерді жеке қаржыландыру жоспарларына енгiзу туралы анықтамалар айына бiр реттен асырмай, ағымдағы айдың жиырмасыншы күнiнен кешiктiрмей, ал ағымдағы қаржы жылының соңғы айында - айына екі реттен асырмай, ағымдағы айдың жиырмасыншы күнiнен кешiктiрмей берiледi.

      қаржыландырудың жиынтық жоспарларына енгiзiлетiн өзгерiстерге қатысты емес жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерiстер енгiзу туралы анықтамалар ағымдағы айдың жиырмасыншы күнiнен кешiктiрілмей айына кемiнде бiр рет, ал ағымдағы қаржы жылының соңғы айында – ағымдағы айдың жиырмасыншы күнiнен кешiктiрілмей айына екі реттен асырмай берiледi.

      Аумақтық қазынашылық бөлімшесі қаржыландырудың жиынтық жоспарларына енгізілетін өзгерістерге қатысы жоқ өзгерістерді жеке қаржыландыру жоспарларына енгізу туралы анықтамаларды ҚБАЖ-ға жүктегеннен кейін, "Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне, сондай-ақ тиісті жергілікті бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппаратына, соңғысының бюджеттік мониторинг жүргізуі үшін ҚБАЖ-ға аталған анықтамаларды жүктегенін растау туралы хабарлама жіберіледі.

      Түсiмдердiң және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына және мiндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына өзгерiстер енгiзуге арналған анықтамаларды орындауға қабылдау кезiнде аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнiң жауапты орындаушылары анықтамалар кодтарының ҚР ББС кодтарына сәйкестiгiн, төмен тұрған бюджеттердің қаржыландыру жоспарларының республикалық бюджеттен немесе республикалық бюджетке берілетін нысаналы трансферттер мен кредиттер бойынша жоғары тұрған бюджеттің қаржыландыру жоспарларына сәйкестiгiн тексерудi жүзеге асырады.

      Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 23.02.2018 № 269; өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің 30.11.2018 № 1046 бұйрықтарымен.

      35-1. Төмен тұрған бюджеттердің қаржыландыру жоспарларының нысаналы трансферттер мен республикалық бюджеттен бөлінетін кредиттер, бюджеттік субвенциялар бойынша жоғары тұрған бюджеттің қаржыландыру жоспарларына сәйкестігіне бақылауды жүзеге асыру мақсатында жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалар әкімшілері олар бекітілгеннен кейін екі жұмыс күні ішінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға алушы өңірлер бөлінісінде төлемдер бойынша түсімдер мен қаржыландыру жоспарларына және міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарларына, сондай-ақ дәлелдеу мәліметтерін қамтитын төлемдер мен міндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу анықтама ұсынады.

      Ескерту. 35-1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 12.04.2022 № 397 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi қаржыландырудың жеке жоспарларына өзгерiстер енгiзу туралы анықтаманы бекiткеннен кейiнгi кезеңде мемлекеттiк мекеменің мiндеттемелердi қабылдауы немесе кассалық шығыстарды жүргiзуi себепті жоспарларлы тағайындаулар жетіспеген, ҚР ББС-ға сәйкес келмеген, жоспарлы тағайындаулар дұрыс бөлiнбеген және бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнің қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізуге анықтамаларды ұсыну мерзімдерін сақтамаған кезде аумақтық қазынашылық бөлімшесі:

      1) міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізуге анықтаманы - бюджеттік бағдарлама әкімшісіне;

      2) түсімдердің жиынтық жоспарына, төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына және міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізуге анықтаманы - бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органға, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппаратына орындаусыз қайтарады ("Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша себебін көрсете отырып қайтарады).

       Осы Ереженің 33-тармағы үшінші бөлігінің оныншы абзацында көрсетілген нормативтік құқықтық акті болмаған кезде, аумақтық қазынашылық бөлімшесі осы Ереженің тиісті тармақтарына сілтеме жасалып, себептері көрсетіле отырып, бюджеттік бағдарлама әкімшісіне жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу туралы анықтаманы орындамай ("Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша осы Ереженің тиісті тармақтарына сілтеме жасалып, себептері көрсетіле отырып қайтарылады) қайтарады.

      "Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша түскен осы Ереженің және пайдаланушы нұсқаулығының талаптарына сәйкес ресімделмеген жоспарлардың/анықтамалардың тізілімі мен электрондық үлгілерін аумақтық қазынашылық бөлімшесі қайтару себептерін көрсете отырып қайтаруға жатады.

      Міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізуге берілген анықтамаларды кері қайтарған (қабылдамаған) кезде бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі аумақтық қазынашылық бөлімшесінің ескертулерін ескере отырып, түзетілген анықтамаларды кері қайтарған (қабылдамаған) сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде ұсынады.

      Ескерту. 36-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 26.03.2015 № 202; 09.10.2015 № 509; 30.11.2018 № 1046 бұйрықтарымен.

  1. Бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстардың ай сайынғы көлеміне өзгерістер енгізу қажет болған жағдайда, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері осы Ереженің 30-тармағының талаптарын сақтай отырып, бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарын өзгертуге өтінім (бұдан әрі - бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің өтінімі) қалыптастырады, оны ол енгізілетін өзгерістердің тиісті негіздемелерімен бірге бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға/аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппаратына жібереді.

       Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі өтінімді қалыптастырған кезде осы Ереженің 33-тармағында жазылған ережелерді сақтайды.

      Ескерту. 37-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің 30.11.2018 № 1046 бұйрығымен.

  1. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламалар бойынша шығыстардың ай сайынғы көлемдеріне өзгерістер енгізу жөніндегі өтінімін бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша көзделген сомалар шегінде мемлекеттік мекемелердің өтінімдеріне сәйкес қалыптастырады.

      Жоғары тұрған бюджеттен алынатын трансферттер мен кредиттер бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржыландыру жоспарларын өзгертуге өтінім төмен тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган жоғары тұрған бюджеттің тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне береді, оның негізінде жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалар әкімшісі осы бөлімде белгіленген тәртіппен жоғары тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға өтінім ұсынады.

  1. Ағымдағы айдың қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізуге арналған өтінімді бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппаратына ұсынылатын өзгерістердің негіздемелерін қоса бере отырып, мынадай тәртіппен береді:

      аумақтық бөлімшелері және ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелері жоқ республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ағымдағы айдың бесінші күніне дейін береді;

      аумақтық бөлімшелері және ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелері бар республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ағымдағы айдың он бесінші күніне дейін береді;

      жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi ағымдағы айдың он бесі күніне дейiнгі мерзімде жоғары тұрған бюджеттен алатын нысаналы трансферттердің және бюджеттік кредиттердің қаражаты есебінен іске асырылатын бюджеттік бағдарламалар бойынша шығыстардың ай сайынғы көлеміне өзгерістер енгізген жағдайда ағымдағы айдың бесі күніне дейінгі мерзімде ұсынылады.

      Ескерту. 39-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 30.11.2018 № 1046 бұйрығымен.

  1. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жиынтық қаржыландыру жоспарларын өзгертуге арналған өтінім, берілетін нысаналы трансферттер мен кредиттер бойынша, әлеуметтік төлемдер (мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, зейнетақылар және жәрдемақылар) бойынша, мемлекеттік борышқа қызмет көрсету мен оны өтеу бойынша, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жиынтық жоспарына өзгерістер енгізу, бөлінетін бюджеттік бағдарламалардың атқарушылық құжаттарын орындау, сондай-ақ бюджетті нақтылау және түзету кезіндегі жағдайларды қоспағанда, айына кем дегенде бір рет ұсынылады.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша, тиісті бюджет комиссиясының шешімі бойынша жиынтық қаржыландыру жоспарларын өзгертуге, сондай-ақ бөлінетін бюджеттік бағдарламалар бойынша, мемлекеттік борышқа қызмет көрсету мен оны өтеу бойынша немесе атқарушылық құжаттарды орындау үшін қаражат бөлуге бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің өтінімі - ағымдағы ай ішінде, ал соңғы айда - ағымдағы қаржы жылының аяқталуына үш жұмыс күні қалғанда қабылданады.

      Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға немесе бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органға, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппаратына бөлінетін бюджеттік бағдарламаларға байланысты жоспарларды, мемлекеттік борышқа қызмет көрсету мен оны өтеуді, форс-мажорлық мән-жайларды, сот талқылауларын, аванс төлемінің мөлшерін азайтуды, бағам айырмасының, баға өзгеруі мен заттай тұтыну көлемі есебінен пайда болған жете пайдаланылмаған қаражат қалдықтарын, бос қызмет орындарының бар болуы, ақысыз демалыстар беру және уақытша еңбекке жарамсыздық парақтары бойынша төлемдер есебінен қалыптасқан ағымдағы шығындар бойынша үнемдеуді, өткізілген мемлекеттік сатып алу нәтижесінен үнемдеу, сондай-ақ жоспарланғанға қарағанда бюджет қаражатын алушылардың іс жүзіндегі санын азайтумен, кредиттер, қарыздар бойынша сыйақы мөлшерлемесін өзгертумен, сапарға шығу немесе іс-шараларды өткізу мерзімдерінің ауысуына байланысты іссапарлар кестесінің өзгеруімен байланысты жоспарларды қоспағанда, міндеттемелер мен төлемдер бойынша ағымдағы айдың жоспарларын өзгертуге арналған өтінімді алдағы айларға ауыстыра отырып ұсынуға жол берілмейді.

      Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық немесе жергiлiктi уәкiлеттi органға, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппаратына азайтылатын айларға қатысты айлардың жоспарларын ұлғайту жолымен өткен айлардың жоспарларын ағымдағы және алдағы азайтуға арналған өтiнiмдер беруге жол берiледi, бұл ретте осы өзгерiстер өткен есептi кезеңдi қозғамайды. Тиісті бюджеттің қолма-қол ақшаны бақылау шотында теріс сальдо болған немесе ағымдағы қолма-қол ақша тапшылығы құрылған жағдайда алдағы айлардың төлемдер бойынша жоспарларын ағымдағы айға және азайтылатын айға қатысты алдындағы айларға көшіруге жол берілмейді.

      Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық немесе жергiлiктi уәкiлеттi органға, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппаратына арттыру жолымен өткен айлардың жоспарларын ағымдағы айдың жоспарларын ұлғайту жолымен алдыңғы айлардың міндеттемелері бойынша жоспарларды азайтуға арналған өтiнiмдер беруге жол берiледi, бұл ретте осы өзгерiстер өткен есептi кезеңдi қозғамауы тиiс.

      Бюджеттік бағдарламалардың жылдық жоспарлы тағайындауларын азайту бойынша тиісті бюджет комиссиясының оң шешімі болған жағдайда бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппаратына азайтылатын соманы ағымдағы немесе келесі айлардан ағымдағы жылдың желтоқсан айына көшіру бойынша міндеттемелер мен төлемдер жөніндегі қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізуге өтінім енгізеді.

      Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органға, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппаратына қаржыландыру жоспарларына өзгерiстер енгiзуге өтiнiмдi қағаз және магнит (электрондық) тасығыштармен бередi.

      Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қаржыландыру жоспарларын өзгертуге өтініміне орталық атқарушы органның аппарат басшысы (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның аппарат басшысының өкілеттігі жүктелген лауазымды адам), ал ондай болмаған жағдайда – бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің басшысы және қаржыландыру жоспарын жасауға жауапты бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы, ал олар болмаған кезеңде – тиісті бұйрықтармен олардың міндеттерін атқару жүктелген адамдар қол қояды және бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің мөрімен расталады.

      Ескерту. 40-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 30.11.2018 № 1046; өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің м.а. 07.11.2019 № 1235; 26.03.2021 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

  1. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізу үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының өтінімдерін қарайды және олар мақұлдаған жағдайда төлемдер мен міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларына өзгерістер енгізу туралы анықтама қалыптастырады.

       Анықтаманы қалыптастыру осы Ереженің 33-тармағында көзделген тәртіппен, сондай-ақ мынадай шарттарды ескере отырып жүргізіледі:

       осы Ереженің 18-тармағына сәйкес түсімдердің жиынтық жоспарының және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының теңгерімділігін сақтау;

      жиынтық жоспардың "Республикалық және жергілікті бюджеттердің тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)" бөлімінде түсімдер мен өтеудің көлемін өзгерту бюджет тапшылығын қаржыландырудың (профицитін пайдаланудың) бекітілген (нақтыланған) көлемін сақтау шартымен ғана жүзеге асырылады.

      Ескерту. 41-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің 30.11.2018 № 1046 бұйрығымен.

  1. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, төмен тұрған бюджеттерді атқару жөніндегі уәкілетті органдардың, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппараттарының өтінімдерін жоғары тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган олар түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қарайды.

       Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган ұсынылған өзгерістер бойынша негіздемені және осы Ереженің 33-40-тармақтарында белгіленген шарттардың сақталуын тексереді.

       Егер бюджеттік бағдарламалар әкімшілері өтінімдерінің сомасы ағымдағы қаржы жылының басынан бастап түзетілетін кезең бойынша төлемдер бойынша шығыстардың бюджетке түсетін түсімдерден асып кетуіне әкеп соқтырса, сондай-ақ бұл ретте осы Ереженің 33-40-тармақтарында айқындалатын басқа да шарттар бұзылса, онда бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің өтінімдерін қабылдамайды.

      Өтінімді қабылдамаған кезде бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бір жұмыс күні ішінде бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының ескертулерін есепке ала отырып, түзетілген өтінімді ұсынады.

      Ескерту. 42-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 30.11.2018 № 1046 бұйрығымен.

  1. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган және аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты қаржыландырудың жиынтық жоспарларына өзгерістер енгізу туралы анықтаманы бекіткеннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде оны қағаз тасығышта тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қаперіне жеткізеді.

      Ескерту. 43-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 30.11.2018 № 1046 бұйрығымен.

  1. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі төлемдер мен міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларына өзгерістер енгізу туралы бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органнан немесе бюджетті атқару жөніндегі жергілікті атқарушы органнан, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппаратынан алған анықтаманың негізінде дәл сол күні бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің жиынтық қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізеді және қаржыландырудың жеке жоспарларына өзгерістер енгізу туралы анықтамаларды бекітеді.

      Ескерту. 44-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 30.11.2018 № 1046 бұйрығымен.

  1. Өзгертілген заңнамалық актілерді іске асыруға қажетті өзгерістерді қоспағанда және Бюджет Кодексінде көзделген бюджет түзетілген жағдайда, өткен айлардағы (қалыптасқан есепті кезең үшін) бекітілген түсімдердің жиынтық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
  2. Бюджеті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган түсімдердің жиынтық жоспарына өзгерістер енгізу туралы бекітілген анықтамалардың негізінде салық және бюджетке түсетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға республикалық бюджет кірістері түсімдерінің жоспарын жібереді.
  3. Салықтық және бюджетке түсетін басқа да міндетті түсімдердің, салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің, трансферттердің, бюджеттік кредиттерді өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін сомасының, қарыздардың бюджетке түсетін түсімдерінің жиынтық жоспарына өзгерістер енгізуді кредиттік шарттарға, қарыз шарттарына, борышты қайта құрылымдау келісіміне енгізілген өзгерістердің негізінде және осы Ереженің 29-тармағында белгіленген тәртіппен мемлекеттің қаржы активтерін сату жоспарын өзгертудің негізінде аталған түсімдер тізбесі бойынша оларға өзара қатынасы бар органдардың өтінімдері бойынша бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты жүзеге асырады.

      Түсімдердің болжамдық жылдық сомасын өзгертуге кезекті қаржы жылына арналған бюджетті нақтылаған кезде ғана жол беріледі.

      Түсімдердің жиынтық жоспарына және жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылардың, жоғары тұрған бюджеттен темен тұрған бюджетке берілетін бюджеттік кредиттерді өтеу сомасының жоғары тұрған бюджетке түсетін түсімдер жоспарына өзгерістер енгізуді төмен тұрған бюджеттер кірістерінің жоспарын асыра орындаудың, кредит шарттарының талаптарын өзгерту негізінде және жоғары тұрған бюджет түсімдерінің бірдей ай сайынғы сомасын және төмен тұрған бюджеттердің тиісті шығыстарының сомасын сақтап қалу мақсатында төмен тұрған бюджеттерді атқару жөніндегі уәкілетті органдардың және аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының өтінімі бойынша жоғары тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.

      Ескерту. 47-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің 12.07.2017 № 431; 30.11.2018 № 1046 бұйрықтарымен.

  1. Кірістердің түсімдері, кредиттерді өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түскен түсімдерді, қарыздарды өтеу жоспарларын өзгертуге өтінімдер қабылданбаған кезде бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган бас тарту себептері мен негіздемесін көрсете отырып, өтінім берген мемлекеттік органға, төмен тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппаратына жоспарларды өзгертуден бас тартатыны туралы хабардар етеді.

      Ескерту. 48-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 30.11.2018 № 1046 бұйрығымен.

  1. Жоғары тұрған бюджеттен алынатын трансферттер мен кредиттер бойынша төлемдер мен мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларына өзгерістер енгiзу туралы анықтаманы Ереженiң осы тарауында белгiленген тәртiппен төмен тұрған бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi орган, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты осы Ереженiң 37-40-қосымшаларына сәйкес жоғары тұрған бюджеттiң тиiстi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi ұсынған жоғары тұрған бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органның анықтамасы негiзiнде қалыптастырады.

      Жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалар әкімшісі төмен тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппаратына жоғары тұрған бюджеттен алынатын трансферттер мен кредиттер бойынша жиынтық және жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу туралы анықтамаларды бекітілгеннен кейін үш жұмыс күн ішінде береді.

      Төмен тұрған бюджеттердiң жоғары тұрған бюджеттерге трансферттердi беруiне, борышқа қызмет көрсету мен оны өтеуге байланысты шығыстар бойынша төмен тұрған бюджеттi қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерiстер енгiзу туралы анықтаманы Ереженiң осы тарауында белгiленген тәртiппен және жоғары тұрған бюджеттiң уәкiлеттi органы ұсынған жоғары тұрған бюджет түсiмдерiнiң жиынтық жоспарына өзгерiстер енгiзу туралы анықтама негiзiнде төмен тұрған бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi орган, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты қалыптастырады.

      Ескерту. 49-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 30.11.2018 № 1046 бұйрығымен.

  1. Бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкілетті орган, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты жергiлiктi бюджет бойынша түсiмдердiң және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларына, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерiстер енгiзу туралы анықтаманың бiр данасын оларды бекiтілгеннен кейiн екі жұмыс күнi iшiнде бір мезгілде аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне берген кезде - осы Ереженің 26, 38 және 40-қосымшаларына сәйкес түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларына жергілікті бюджет бойынша міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізу туралы анықтамалардың электрондық үлгілерін, осы Ереженің 22-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тізілімге тіркейді және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган/аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппараты басшысының және жиынтық жоспарларды жасау үшін жауапты бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі /аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты басшысының ЭЦҚ қойылады.

      Бюджет нақтыланған жағдайда аумақтық қазынашылық бөлімшесіне осы Ереженің 26, 38 және 40-қосымшаларына сәйкес жиынтық жоспарға өзгерістер енгізу туралы анықтамалардың электронды үлгілері және 42-қосымшасына сәйкес нақтыланған жоспардың осы Ереженің 22-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тізілімге тіркелген электронды үлгісі ұсынылады.

      Ескерту. 50-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 23.02.2018 № 269; өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің 30.11.2018 № 1046 бұйрықтарымен.

  1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетін атқару жөніндегі жергілікті атқарушы орган бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға электрондық дерекқор түрінде есептіден кейінгі айдың 15 күнінен кешіктірмейтін мерзімде облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бойынша кірістер түсімдерінің нақтыланған жиынтық жоспарын ұсынады. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган салық, және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің орындалуын бақылауды қамтамасыз ететін мемлекеттік органға жергілікті бюджеттердің кірістері түсімдерінің нақтыланған жоспарын жібереді.

      Ескерту. 51-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 23.02.2018 № 269 бұйрығымен.

  1. Республикалық бюджет туралы заңға немесе жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттың шешiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу арқылы республикалық және жергiлiктi бюджеттердi нақтылау кезiнде мемлекеттiк мекемелер қаржыландырудың жеке жоспарларын, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi - бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiн қаржыландыру жоспарларын, бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi орган, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкім аппараттары - бюджетке түсетiн түсiмдердiң жиынтық жоспарын, түсімдер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын осы Ереженiң 29-66-тармақтарымен және 25-тармағының тоғызыншы абзацында белгiленген тәртiппен оларға өзгерiстер енгiзу жолымен нақтылайды.

      Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның республикалық бюджет туралы заңын іске асыру туралы қаулысына немесе мәслихаттың жергілікті бюджет туралы шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның қаулыларын қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты жылдық жоспарлы сома өзгертілген бюджеттік бағдарламалар бойынша қаржыландыру жоспарларын өзгертуге өтінім ұсынады.

      Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері қосымша бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппаратына осы Ереженің 2-12-тармақтарына сәйкес міндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарларының жобаларын тапсырады.

      Бюджет нақтыланған жағдайда бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппаратының кезекті қаржы жылына арналған бюджет түсімдерінің сыныптамасына сәйкес түсімдердің жылдық болжамдық сомаларын бекіту туралы бұйрыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы бұйрығы кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң немесе мәслихаттың кезекті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәслихаттың шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнінің ішінде бекітіледі.

      Ескерту. 52-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 06.09.2017 № 543 бұйрығымен.

  1. Бюджет нақтыланғанға дейін кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға және жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы бюджеттерді түзетулер негізінде (бұдан әpi - бюджетті түзету) жиынтық жоспарларға енгізілетін түсімдер мен шығыстар сомасының барлық ағымдағы өзгерістері, сондай-ақ оларды ай сайынғы бөлгендегі өзгерістерді бекітілген бюджеттің электрондық дерекқорының қайталама көшірмесінде жүзеге асырылады.

      Бекітілген бюджеттің электрондық дерекқорының қайталама көшірмесіне енгізілетін түзетулер нәтижесінде түзетілген бюджет қалыптастырылады.

  1. Кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға немесе жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға немесе мәслихаттың шешіміне сәйкес қалыптастырылған, бөлінетін бюджеттік бағдарламаларды бөлуге байланысты түзетуден басқа, сол сияқты бюджетті нақтылауға дейін жүргізілген түзетуді де ескеретін түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары ағымдағы қаржы жылына арналған нақтыланған бюджетке сәйкес келеді.

      Нақтыланған бюджет бойынша жиынтық жоспарларды қалыптастыру бюджеттің нақтыланған көрсеткіштері бойынша бөлінетін бюджеттік бағдарламаларды бөлуге байланысты түзетулерді қоспағанда, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізуге анықтамалар енгізу арқылы түзетілген бюджеттік электрондық дерекқорында жүзеге асырылады.

  1. Бюджет кодексінің 111-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына және 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес бір бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша бюджетте бекітілген бюджеттік бағдарламаның қаражатын түрлі бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері арасында бөлу туралы шешім қабылданған кезде бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган осы Ереженің 4-тарауының 2-параграфында белгіленген тәртіппен бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган қалыптастыратын түсімдердің және төлем бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізу туралы анықтамалардың негізінде түсімдердің және төлем бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жолымен түзетілген бюджетте осы өзгерістерді көрсетеді.
  2. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жүргізілген бюджеттік мониторинг негізінде тоқсанына бір реттен асырмай тоқсанның бірінші айының 25-і күніне дейін, төртінші тоқсанда ағымдағы қаржы жылының 1-қазанынан кешіктірмей Бюджет кодексінің 111-бабының 2-тармағы 3-1) тармақшасында көзделген жағдайларда бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға республикалық бюджет бағдарламасының бір әкімшісінің өзінің мазмұны жағынан біртектес бюджеттік даму бағдарламалары арасында қаражатты қайта бөлу бойынша ұсыныстар енгізеді:

      1) бюджет шығыстарының құрылымын өзгертпей, Республикалық бюджет комиссиясында қарастырмай-ақ ағымдағы қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарлама шығыстары көлемінің бес пайызынан аспайтын көлемде.

      Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәклетті орган республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік даму бағдарламаларының инвестициялық жобалары тізбесімен ұсыныстарын 10 жұмыс күні ішінде қарайды және ұсынылып отырған өзгерістер осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда белгіленген тәртіпте республикалық бюджетке түзету туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қаулы жобасын дайындайды.

       Қабылданған нормативтік құқықтық актінің және бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің өтінімі негізінде бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган осы Ереженің 4-тарауының 2-параграфында айқындалған тәртіппен төлемдер бойынша түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізеді.

      2) бюджет шығыстарының құрылымын өзгертпей ағымдағы қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарлама шығыстары көлемінің бес пайызынан он пайызына дейінгі көлемде.

      Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ұсыныстарын 10 жұмыс күні ішінде қарайды және республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бөлінісінде оларды қайта бөлу бойынша ұсыныспен белгіленген тәртіпте бюджеттік даму бағдарламаларының инвестициялық жобалары тізбесін Республикалық бюджет коммиссиясының қарауына енгізеді.

      Республикалық бюджет комиссиясының оң шешімінің негізінде республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісі республикалық бюджетті түзету туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қаулы жобасын белгіленген тәртіпте әзірлейді.

       Қабылданған нормативтік құқықтық актінің және республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің өтінімі негізінде бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган осы Ереженің 2-тарауының 4-параграфында айқындалған тәртіппен төлемдер бойынша түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізеді.

      Ескерту. 56-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің 30.11.2018 № 1046 бұйрығымен.

      56-1. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүргізген бюджеттік мониторинг негізінде бюджетті жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган ағымдағы қаржы жылы ішінде тоқсанның нәтижесі бойынша, есепті тоқсаннан кейінгі тоқсанның бірінші айының 25-і күніне кешіктірмей Бюджет кодексінің 111-бабының 2-тармағы 3-2) тармақшасында көзделген жағдайларда Республикалық бюджет комисссиясында міндетті түрде қарай отырып, бюджет шығыстарының құрылымын өзгертпей, ағымдағы қаржы жылы ішінде бюджет қаражаты игерілмеген және (немесе) бюджеттік бағдарламалар тиімсіз орындалған кезде, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферттер есебінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қоспағанда, бюджетті түзету жолымен қаражатты республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары арасында ағымдағы қаржы жылына бекітілген (нақтыланған) бюджет бойынша бюджеттік бағдарлама шығыстары көлемінің он пайызынан аспайтын көлемде қайта бөлу жүзеге асырылады.

      Бюджетті жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджеттік мониторинг қорытындылары негізінде ағымдағы қаржы жылы ішінде бюджет қаражатының игерілмеуі және (немесе) бюджеттік бағдарламалар тиімсіз орындалуы туралы мемлекеттік аудитпен қаржылық бақылау органдарының тұжырымы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұсынысына сәйкес белгіленген тәртіппен Республикалық бюджет комиссиясының қарауына республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының тізілімін, оларды ағымдағы қаржы жылында республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері арасында қайта бөлу жөніндегі ұсыныспен енгізеді.

      Республикалық бюджет комиссиясының оң шешімі негізінде белгіленген тәртіппен республикалық бюджетті түзету туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қаулы жобасы дайындалады.

      Қабылданған нормативтік құқықтық актінің және республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің өтінімі негізінде бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган осы Ереженің 2-тарауының 4-параграфында айқындалған тәртіппен төлемдер бойынша түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізеді.

      Ескерту. 56-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы министрінің 23.02.2018 № 269 бұйрығымен.

  1. Бюджет кодексінің 104-бабы 4-тармағының 4), 4-2 және 7) тармақшаларында көзделген шығыстарды қаржы жылының басындағы қаражат қалдықтарының есебінен қаржыландыру үшін бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган ағымдағы жылдың 20 қаңтарына қарай мынадай құжаттарды дайындауды жүзеге асырады:

      1) бюджет қаражатының қалдықтары туралы ақпарат;

      2) бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бөлінісінде өткен қаржы жылында іс-шаралардың толық орындалмау себептерін көрсете отырып, төлемдер мен міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарының орындалуы туралы ақпарат, бюджеттік даму бағдарламалары бойынша іске асырылу мерзімі бір қаржы жылынан асатын инвестициялық жобалар бөлінісінде қабылданған, бірақ ақысы төленбеген міндеттемелер сомасы; дайындалу және жеткізу мерзімі бір қаржы жылынан асатын активтер мен басқа да тауарларды сатып алуды көздейтін ағымдағы бюджеттік бағдарламалар; сыртқы қарыздар, гранттар және бюджеттік кредиттер қаражаты есебінен іске асырылатын бюджеттік даму бағдарламаларын қоспағанда, көрсетілу мерзімі бір қаржы жылынан асатын қызметтер;

      3) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке нысаналы трансферт түрінде тартылған, пайдалынылмаған қаражат туралы ақпарат;

      4) Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резерв есебінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) пайдаланылмаған қаражаты туралы ақпарат.

      Ескерту. 57-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 09.01.2023 № 13 бұйрығымен.

       57-1. Бюджет кодексінің 104-бабының 4-тармағының 4-1)-тармақшасына сәйкес бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға ағымдағы жылдың 20 қаңтарына қарай аяқталу мерзімі осы Кодекстің 157-бабының 1 және 2-тармақтарына және 159-бабының 1-1-тармағында көрсетілген бекітілген құжаттамаға сәйкес бюджеттік инвестицияларды іске асыру кезеңі бойынша сәйкес келетін бюджеттік инвестицияларды одан әрі қаржыландыру бойынша ақпараттар ұсынылады.

      Ескерту. Ереже 57-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 24.11.2015 № 586 бұйрығымен.

       57-2. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Бюджет кодексінің 104-бабы 4-тармағының 4-3) тармақшасына сәйкес есепті қаржы жылының 20 қарашасына дейін бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға өткен кезеңдегі іс-шаралардың толық орындалмау себептерін, қаржы жылының басындағы қаражат қалдықтары есебінен одан әрі қаржыландыру үшін болжанатын бюджеттік бағдарламалар бойынша қабылданбаған міндеттемелер сомасын көрсете отырып, төлемдер мен міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарының орындалуы туралы ақпаратты береді.

      Ескерту. Ереже 57-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 09.01.2023 № 13 бұйрығымен.

  1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган бюджетті атқару жөніндегі тиісті уәкілетті орган ұсынған, осы Ереженің 57, 57-1 және 57-2-тармақтарында көрсетілген ақпараттар негізінде белгіленген тәртіппен бюджеттік бағдарламалар тізбесін оларды бюджет қаражатының қолда бар қалдықтары көлемінің шегінде ағымдағы қаржы жылы қаржыландыру жөніндегі ұсыныспен бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.

      Ескерту. 58-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 09.01.2023 № 13 бұйрығымен.

  1. Бюджет комиссиясының шешiмi негiзiнде мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган тиiстi бюджеттiк бағдарламалардың жылдық жоспарлы тағайындауларын бюджет қаражатының қалдықтары есебiнен ұлғайту жөнiндегi Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе жергiлiктi атқарушы орган қаулысының жобасын әзiрлейдi және оны белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне немесе тиiстi жергiлiктi атқарушы органның әкiмдiгiне енгiзедi.

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе жергiлiктi атқарушы органның тиiстi бюджеттiк бағдарламалардың жылдық жоспарлы тағайындауларын бюджет қаражатының қалдықтары есебiнен ұлғайту жөнiндегi қаулысының жобасында нысаналы даму трансферттері инвестициялық жобалар бөлiнiсiнде көрсетiледi.

  1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін қарыздардың, гранттардың, нысаналы трансферттердің есебінен қаржыландырылатын бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қоспағанда, бiр бюджеттiк бағдарламаның (кіші бағдарламаның) шеңберiнде республикалық бюджеттiк инвестициялық жобалар бойынша бюджет қаражатын үнемдеу пайда болған жағдайда республикалық б юджеттік бағдарламалардың әкімшілері белгіленген тәртіппен бюджеттік бағдарламаға өзгерістер енгізу жолымен Республикалық бюджет комиссиясының қарауынсыз, республикалық бюджеттік инвестициялық жобалар арасында үнемдеу сомасын ауыстыруды жүзеге асырады.

      Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін қарыздардың, гранттардың, нысаналы трансферттердің есебінен қаржыландырылатын бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қоспағанда, бiр бюджеттiк бағдарламаның (кіші бағдарламаның) шеңберiнде жергілікті бюджеттiк инвестициялық жобалар бойынша бюджет қаражатын үнемдеу пайда болған жағдайда жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті бюджет комиссиясының қарауынсыз тиісті бюджеттік бағдарламаға өзгерістер енгізу жолымен үнемдеу сомасын жергілікті бюджеттiк инвестициялық жобалар арасында, сондай-ақ республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен келісім бойынша жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері есебінен қаржыландырылатын және бір облыс шеңберінде жергілікті инвестициялық жобалар арасына ауыстыруды жүзеге асырады.

      Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Қазақстан Республикасы Үкіметінің республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қаулы жобасын әзірлейді және оны белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді.

      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган жергілікті бюджеттер туралы мәслихаттардың шешімдерін іске асыру туралы жергілікті атқарушы органдар қаулыларының жобасын әзірлейді және оны белгіленген тәртіппен тиісті жергілікті атқарушы органның әкімдігіне енгізеді.

      Жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттерінің есебінен іске асырылатын бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша үнемдеу пайда болған жағдайда бюджеттік инвестициялық жобалар арасында соманы ауыстыру осы Ереженің 300-тармағының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ағымдағы бюджеттік кіші бағдарлама бойынша пайда болған үнемдеу сомасын, қаражатты бюджеттік даму кіші бағдарламасын іске асыруда көзделмеген жаңа бюджеттік инвестициялық жобаларға және бюджеттік инвестициялық жобалардың құнын қымбаттатумен байланысты шығыстарға қайта бөлуді қоспағанда, бюджеттік бағдарлама әкімшісінің шешімімен, бюджеттік бағдарламаға өзгерістер енгізу жолымен, тиісті бюджет комиссиясының қарауынсыз, бір бюджеттік бағдарлама ішінде бюджеттік даму кіші бағдарламасына қайта бөледі.

      Қарыздар, гранттар, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферттер, жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер қаражаты есебінен қаржыландырылатын бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қоспағанда, мемлекеттік мекемелер қаражатты бір бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) ішінде қайта бөледі.

      Ескерту. 60-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 23.02.2018 № 269 бұйрығымен.

  1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін қарыздардың, гранттардың, нысаналы трансферттердің есебінен қаржыландырылатын бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қоспағанда, республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері республикалық бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері есебінен іске асырылатын жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуына жүргізілген бюджеттік мониторингтің негізінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісім бойынша республикалық бюджеттік бағдарлама әкімшісінің шешімімен бюджеттік бағдарламаға өзгерістер енгізу жолымен ағымдағы қаржы жылына арнап бекітілген (нақтыланған) республикалық бюджетте көзделген нысаналы даму трансферттері бойынша бір бюджеттік бағдарламаның (кіші бағдарламаның) ішінде бекітілген (нақтыланған) бюджет бойынша облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана арасында қаражатты қайта бөледі.

      Ұсынылған өзгерістер осы Ережеде белгіленген талаптарға сәйкес болған жағдайда, республикалық бюджет бағдарламасының әкімшісі белгіленген тәртіппен республикалық бюджетті түзету туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қаулы жобасын әзірлейді.

      Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін қарыздардың, гранттардың, нысаналы трансферттердің есебінен қаржыландырылатын бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қоспағанда, республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері облыстық бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері есебінен іске асырылатын жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуына жүргізілген бюджеттік мониторингтің негізінде тиісті аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен келісім бойынша облыстық бюджеттік бағдарлама әкімшісінің шешімімен бюджеттік бағдарламаға өзгерістер енгізу жолымен ағымдағы қаржы жылына арнап бекітілген (нақтыланған) облыстық бюджетте көзделген нысаналы даму трансферттері бойынша бір бюджеттік бағдарламаның (кіші бағдарламаның) ішінде бекітілген (нақтыланған) бюджет бойынша аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) арасында қаражатты қайта бөледі.

      Облыстық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері қаражатты қайта бөлу жөніндегі ұсыныстарын және нысаналы даму трансфеттерінің жергілікті инвестициялық жобалардың тізілімін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті органға жібереді.

      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ұсыныстарын 10 жұмыс күн ішінде қарайды және берілген өзгерістер аталған Ереженің талаптарына сәйкес келген жағдайда жергілікті бюджеттер туралы мәслихаттардың шешімдерін іске асыру туралы жергілікті атқарушы органдардың қаулы жобасын әзірлейді және оны белгіленген тәртіпте тиісті жергілікті атқарушы органның әкімдігіне енгізеді.

      Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жүргізілген бюджеттік мониторингтің негізінде бекітілген (нақтыланған) бюджет бойынша қаражатты нысаналы даму трансферттері бойынша бір бюджеттік бағдарламаның ішінде бекітілген (нақтыланған) бюджетте көзделген жоғары тұрған бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен келісу бойынша оң шешім болған жағдайда, тікелей және түпкілікті нәтижелердің жоспарланған көрсеткіштерін сақтап қалу шартымен қайта бөледі.

      Жоба бойынша жоспарлы соманы азайтуға мынадай:

      1) мемлекеттік сатып алу конкурстарының қорытындылары бойынша үнемдеу болса;

      2) жұмыстарды жүргізу кестесінен қалуға әкеліп соққан міндеттемелерді қабылдамау немесе уақтылы қабылдамау (көрсетілетін қызметтерді берушінің шарт жасамауы немесе уақтылы жасамауы);

      3) көрсетілетін қызметтерді берушіні жауапқа тарта отырып, белгілі бір уақыт ішінде (бір айдан астам) қызмет көрсетуді берушінің шарттық міндеттемелерді орындамау жағдайлары болғанда жол беріледі.

      Жоба бойынша жоспарлы соманы ұлғайтуға көрсетілетін қызметтерді берушіде қосымша міндеттемелерді қабылдау туралы кепілхат болған жағдайда рұқсат беріледі.

      Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері қаражатты қайта бөлу туралы ұсыныстарды жергілікті инвестициялық жобалар бойынша нысаналы даму трансферттері бойынша ұсыныстарын тиісті мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға жібереді.

      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ұсыныстарын 10 жұмыс күн ішінде қарайды және берілген өзгертулер аталған Ереженің талаптарына сәйкес келген жағдайда, жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісі жергілікті бюджеттер туралы мәслихаттардың шешімдеріне түзету енгізу туралы жергілікті атқарушы органдардың қаулы жобасын әзірлейді және оны белгіленген тәртіппен сәйкес жергілікті атқарушы органның әкімдігіне енгізеді.

      Нысаналы даму трансферттерi бойынша сомаларды ауыстыру осы Ереженің 299-тармағының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 61-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 23.02.2018 № 269; өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 04.10.2018 № 885 бұйрықтарымен.

      61-1. Бюджеттің атқарылуы барысында бюджеттік бағдарламалар әкімшілері қаражатты жоспарланған түпкілікті нәтижелер көрсеткіштері сақталған жағдайда бюджеттік бағдарлама бойынша жылдық шығындар көлемін өзгертусіз бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен:

      тиісті бюджет комиссиясының қарауынсыз, ағымдағы бір бюджеттік бағдарламаның бюджеттік бағдарламасы немесе ағымдағы бір бюджеттік кіші бағдарламасы шегіндегі іс-шаралар арасында дербес;

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан қарыздар, гранттар, нысаналы трансферттер қаражаттары есебінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламаларды, мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті органмен келісу бойынша жоғары тұрған бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттерді қоспағанда, бір бюджеттік бағдарлама шегінде ағымдағы бюджеттік кіші бағдарламалар арасында тиісті бюджет комиссиясының қарауынсыз;

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан қарыздар, гранттар, нысаналы трансферттер, жоғары тұрған бюджеттен нысаналы трансферттер мен кредиттер қаражаты есебінен қаржыландырылатын кіші бағдарламаларды қоспағанда, бір бюджеттік даму бағдарламасы немесе бюджеттік бағдарламаның бір кіші даму бағдарламасы шегінде бюджеттік инвестициялық жобалар арасында бюджет комиссиясының қарауынсыз;

      мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті органмен келісу бойынша, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан қарыздар, гранттар, нысаналы трансферттер және жоғары тұрған бюджеттен нысаналы трансферттер қаражаттары есебінен қаржыландырылатын кіші бағдарламаларды қоспағанда, бір бюджеттік бағдарлама шегінде дамудың бюджеттік кіші бағдарламалары арасында бюджет комиссиясының қарауынсыз қайта бөлуге құқылы.

      Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері, өз бастамашылығымен бюджеттік бағдарламаларға өзгерістер енгізген кезде, тиісінше бюджетті атқару жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органға, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппаратына хабарлама ретінде үш жұмыс күні ішінде бюджеттік бағдарламаларға бекітілген өзгерістерді жібереді.

      Ескерту. Ереже 61-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 24.11.2015 № 586; жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 12.04.2022 № 397 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      61-2. Бюджеттің атқарылуы барысында республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері қаражатты жоспарланған түпкілікті нәтижелер көрсеткіштері сақталған жағдайда бюджеттік бағдарлама бойынша жылдық шығындар көлемін өзгертусіз бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен:

      республикалық бюджет комиссиясында міндетті түрде қарала отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферттер қаражаты және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін кепілдік берілген трансферт қаражаты есебінен қаржыландырылатын бір бюджеттік бағдарлама шегінде ағымдағы бюджеттік кіші бағдарламалар арасында

      республикалық бюджет комиссиясында міндетті түрде қарала отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферттер қаражаты және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін кепілдік берілген трансферт қаражаты есебінен қаржыландырылатын бір бюджеттік даму бағдарламасы немесе бюджеттік бағдарламаны дамытудың бір бюджеттік кіші бағдарламасы шегіндегі бюджеттік инвестициялық жобалар арасында;

      республикалық бюджет комиссиясында міндетті түрде қарала отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферттер қаражаты және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін кепілдік берілген трансферт қаражаты есебінен қаржыландырылатын бір бюджеттік бағдарлама шегінде бюджеттік даму кіші бағдарламалары арасында жүзеге асырылады.

      Ескерту. Ереже 61-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 29.09.2022 № 1001 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi орган осы Ереженiң 59, 60, 61-тармақтарында санамаланған нормативтiк құқықтық актiлердiң негiзiнде осы Ереженiң 2-тарауының 4-параграфында айқындалған тәртiппен түсiмдердiң және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерiстер енгiзедi.

      Ескерту. 62-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 12.07.2017 № 431 бұйрығымен

  1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе облыстың жергілікті атқарушы органның және аудандық (облыстық маңызы бар қала) резервінен қаражат бөлу кезінде төмен тұрған бюджетті, сондай-ақ бөлінетін бюджеттік бағдарламалар бойынша түзету осы Ереженің 29-66-тармақтарымен белгіленген тәртіппен кейіннен түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізе отырып, жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімін іске асыру туралы жергілікті атқарушы органның қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы мәслихатта бюджетті нақтыламастан жүзеге асырылады.

      Ескерту. 63-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 06.09.2017 № 543 бұйрығымен.

  1. Республикалық бюджетті нақтылау және түзету шеңберінде жоғары тұрған бюджеттен қосымша нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттер бөлінген және (немесе) олардың бөлінген көлемдері өзгерген кезде осы Ереженің 2-тарауының 4-параграфында белгіленген тәртіппен кейіннен түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізе отырып, жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімін іске асыру туралы жергілікті атқарушы органның қаулысына, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жолымен төменгі деңгейдегі бюджетті түзету жүзеге асырылады.

      Ескерту. 64-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 30.11.2018 № 1046 бұйрығымен.

  1. Қаржы жылының ішінде орталық мемлекеттік органдарды, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарды және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді құрған, таратқан, қайта ұйымдастырған, олардың функцияларын өзгерткен жағдайда бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жаңадан құрылған мемлекеттік органдардың, таратылған және қайта ұйымдастырылған мемлекеттік органдардың құқықтық мирасқорларының және оның ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің функцияларын айқындайтын нормативтік құқықтық актілердің негізінде Қазақстан Республикасының бірыңғай бюджеттік сыныптамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.

      Мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган мемлекеттiк органдарды, жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарды және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелердi құруға, таратуға, қайта ұйымдастыруға, олардың функцияларын өзгертуге байланысты бекiтiлген (нақтыланған) бюджет көрсеткiштерiн түзету жөнiндегi қаулылардың жобаларын әзiрлейдi және оны тиісінше Қазақстан Республикасының Үкiметiне немесе тиiстi жергiлiктi атқарушы органның әкiмдiгiне енгiзедi.

      Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің шешіміне республикалық бюджет туралы заңын іске асыру туралы қаулысына немесе мәслихаттың жергілікті бюджет туралы шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның қаулыларын қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараттары жылдық жоспарлы сома өзгертілген бюджеттік бағдарламалар бойынша қаржыландыру жоспарларын өзгертуге өтінім ұсынады.

       Қазынашылықтың аумақтық бөлімшелері, олар бойынша жылдық жоспарлы сома өзгертілген бюджеттік бағдарламалар бойынша жоспарлы жұмсалымдар мен кассалық шығыстарды көшіру аяқталғанша қайта ұйымдастырылатын (таратылатын) мемлекеттік мекемелердің шығыс операцияларын тоқтата тұрады.

       Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган осы Ереженің 2-тарауының 4-параграфында белгіленген тәртіппен жоспарлы тағайындауларға көшіру бөлігінде берілетін, бөлінетін бюджеттік бағдарламалар бойынша түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда және жергілікті бюджеттер туралы мәслихаттардың шешімдерімен бекітілген аталған бюджеттік бағдарламалардың жалпы сомасы шегінде көшіру бөлігінде өзгерістер енгізеді.

      Жоспарлы тағайындаулар мен бұрын жүргізілген кассалық шығыстарды көшіруді бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның хатының негізінде аумақтық қазынашылық бөлімшелері мынадай жағдайларда:

      1) құрылған, таратылған, қайта ұйымдастырылған, орталық мемлекеттік және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың және олардың оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің штат санының функциялары мен лимиттері өзгерген;

      2) республикалық және/немесе жергілікті бюджеттерді нақтылау;

       3) Қазақстан Республикасының бірыңғай бюджеттік сыныптамасына өзгерістер енгізген;

      4) аумақтық қазынашылық бөлімшеде мемлекеттік мекеменің қызмет көрсетілу орны өзгерген;

       5) шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің құрылымына шығыстардың түрлерін өзгерту бөлігінде өзгерістер енген;

      6) ағымдағы қаржы жылы ішінде бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті орталықтандыру/орталықсыздандыру туралы шешім қабылдағанда;

      7) секвестрде жүзеге асырады.

       Тапсырыстың (хабарламалардың) жабылуы (жойылуы) тиісті НҚА-ны, сондай-ақ соманы және шартты қайта тіркеу туралы хабарламаның қалдық сомасын көрсете отырып, мемлекеттік мекеменің хатының негізінде жасалады. Бұрын қабылдаған міндеттемелерді қайта тіркеу осы Ереженің

       6-тарауының 1-6-параграфтарының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік органдар функцияларын мемлекеттік басқарудың төмен тұрған деңгейінен жоғары тұрған деңгейіне, сондай-ақ мемлекеттік басқарудың жоғары тұрған деңгейінен төмен тұрған деңгейіне беру кезінде нысаналы трансферттер бойынша жоспарлық тағайындаулардың пайдаланылмаған қалдықтарының сомаларын көшіру жүзеге асырылады.

      Ескерту. 65-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 24.12.2014 № 583; 12.07.2017 № 431; 06.09.2017 № 543 бұйрықтарымен.
      66. Алып тасталды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 26.03.2020 № 320 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

 3-тарау. Бюджеттің атқарылуы

       Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 26.03.2020 № 320 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Бюджеттің атқарылуы бюджетке барлық бюджет түсімдерінің түрлерін толық және уақтылы төлеумен, оларды Бірыңғай қазынашылық шотына (бұдан әрі - БҚШ) есепке алумен және бюджеттік бағдарламалардың мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған іс-шараларды іске асыру мақсатында БҚШ-дан төлемдер мен аударымдарды уақтылы жүзеге асырумен қамтамасыз етіледі.
  2. Бюджеттiң атқарылуы кассалық негiзде жүзеге асырылады. БҚШ-ға түсiмдердi есепке алу және оларды БҚШ-дан есептен шығару жөнiндегi операциялар ақша нысанында есептеледi.

      "Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша мемлекеттік мекемелер, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері, уәкілетті органдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері түсімдер мен шығыстар бойынша есептерді дербес қалыптастырады.

      Ескерту. 68-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 24.11.2015 № 586; 26.02.2016 № 87 бұйрықтарымен.

  1. Бюджеттерді атқаруды және оларға кассалық қызмет көрсетуді аумақтық қазынашылық бөлімшелері мемлекеттік мекемелердің/квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, уәкілетті органдардың құжаттарды қағаз және магнит жеткізгіштерде беруімен де, құжаттардың электрондық түрлерін қалыптастыру және жөнелту, "Қазынашылық-клиент" АЖ арқылы есептерді қалыптастыруы арқылы да жүзеге асырады. "Қазынашылық-клиент" АЖ-де жұмыс істеу үшін мемлекеттік мекемелер/квазимемлекеттік сектор субъектілері, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, уәкілетті органдар аумақтық қазынашылық бөлімшесі мен мемлекеттік мекеме/квазимемлекеттік сектор субъектілері арасында Электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану туралы келісім (бұдан әрі – ЭЦҚ туралы келісім) жасасады.

      Ескерту. 69-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 26.02.2016 № 87 бұйрығымен.

 4-тарау. Қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын және мемлекеттік мекемелердің шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі

       Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 26.03.2020 № 320 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

 1-параграф. Тиісті бюджеттердің қолма-қол ақшасын бақылау шоттары

  1. Қолма-қол ақшаны бақылау шоттары (бұдан әрi – ҚБШ) мына:

      1) республикалық және жергiлiктi бюджеттерге түсiмдердi есептеумен және республикалық және жергiлiктi бюджеттерден шығыстарды жүргiзумен;

      2) мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуден түсетiн ақшаны есептеуімен және олардың есебiнен шығыстарды жүргiзумен;

      3) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына бағытталатын түсiмдердi есептеумен және оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiндегi (бұдан әрі – ҚР ҰБ) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шотына аударумен;

      4) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында белгіленген нормативтер бойынша бөлінген түсімдерді есептеумен және оларды ҚР ҰБ-да Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер үшін ашылған шоттарға аударумен;

      5) және Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес мемлекеттiк мекемелер алатын оларға арналған филантропиялық қызметтен және (немесе) демеушілік қызметтен, және (немесе) меценаттық қызметтен, және (немесе) кіші отанға қолдау көрсету жөніндегі қызметтен түсетiн ақшаны жұмсауымен;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жеке және (немесе) заңды тұлғалар белгілі бір жағдайлар басталған кезде олардың қайтарымдылығы не тиісті бюджетке немесе үшінші тұлғаларға аудару шартында мемлекеттік мекемеге беретін ақшаны есепке алумен;

      7) бюджеттiк ақшаны есептеумен және оларды ерекше шығыстарды жүргiзуге пайдаланумен;

      8) қаржылық ұйымдардың, Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қорының жарғылық капиталдарын ұлғайтуды қоспағанда, республикалық бюджет туралы заңда не жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімінде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталдарын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға көзделген не мемлекеттік тапсырманы орындауға байланысты ақшаны есепке алумен және оларды инвестициялық жобаларды іске асыруға (бұдан әрі – квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоты), сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген ең аз мөлшерде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталдарын қалыптастыру кезінде пайдаланылуымен;

      9) және Қазақстан Республикасы ратификациялаған мемлекеттік қарыздар туралы халықаралық шарттарға немесе байланысты гранттар туралы шарттарға сәйкес бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотынан (бұдан әрі - сыртқы қарыздардың немесе байланысты грантты қайтадан айырбастау шоты) қайтадан ұлттық валютаға айырбасталатын үкіметтік сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың ақшасын жұмсауға байланысты операцияларды есепке алуға;

      10) және қазынашылық сүйемелдеу шеңберінде бас мердігерлерге және қосалқы мердігерлерге аударылатын ақшаны пайдаланумен (бұдан әрі – мемлекеттік сатып алу шоттары);

      11) және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу үшін республикалық бюджеттен әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына берілетін трансферттерді жұмсаумен;

      12) Жәбірленушілерге өтемақы қорына (Қор шотына) жіберілетін ақша түсімдерін есепке жатқызумен және Қазақстан Республикасының Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы заңнамасында көзделген өтемақылардың төлемін жүргізумен;

      13) мемлекеттік бағдарламаларды, қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдауды жүзеге асыруға арналған бюджет ақшасын және оларды пайдалануға (бұдан әрі – қаржылық және (немесе)қаржылық емес қолдау операторларының шоты);

      14) Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігімен қарыз шарттарына сәйкес мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілген мемлекеттік емес қарыздардың ақшасын жұмсауға (бұдан әрі – мемлекет кепілдік берген қарыздың ұлттық валютадағы шоты);

      15) қарыз алушылардың мемлекеттік кепілдік беру туралы келісімдерге сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігімен қамтамасыз етілген мемлекеттік емес қарыздарға қызмет көрсетуге және оларды өтеуге арналған ақшаны жұмсауға (бұдан әрі – ұлттық валютадағы қызмет көрсету шоты);

      16) Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына жіберілетін ақша түсімдерін (бұдан әрі – Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының шоты) есепке алуға және оларды "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Білім туралы заңы) сәйкес жұмсауға;

      17) Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының ақша түсімдерін (бұдан әрі – білім беру инфрақұрылымын қолдау жөніндегі жергілікті атқарушы органның шоты) есепке алуға және оларды Білім туралы заңына сәйкес жұмсауға байланысты операцияларды есепке алуға арналған.

      Ескерту. 70-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 09.01.2023 № 13 (қолданысқа енгiзiлу тәртібін 3-т. қараңыз) бұйрығымен.

  1. Республикалық және жергілікті бюджеттердің түсімдерін есептеу мен республикалық және жергілікті бюджеттерден шығыстарды жүргізумен байланысты операцияларды есептеу үшін қолма-қол ақшаны бақылау шоттары (бұдан әрі - тиісті бюджеттердің ҚБШ) бюджетті атқару жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдарға ашылады.

      Тиісті бюджеттің ҚБШ түрлері:

      республикалық бюджеттің ҚБШ;

      облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің ҚБШ;

      аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттердің ҚБШ;

      аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің ҚБШ.

      Ескерту. 71-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің 06.09.2017 № 543 бұйрығымен.

  1. Тиісті бюджеттердің ҚБШ-сынан түсімдер және жүргізілген төлемдер мен ақша аударымдары бойынша операциялар ҚР ББС және мемлекеттік мекемелердің кодтарына сәйкес ескеріледі.

 2-параграф. Мемлекеттік мекемелердің кодтарын беру

  1. Республикалық және/немесе жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге республикалық және/немесе жергілікті бюджеттерден шығыстарды жүргізу үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жеті мәнді кодтар беріледі. Мұнда бірінші 3 белгі ҚР ББС-қа сәйкес бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің кодын білдіреді, келесі төрт белгі әр мемлекеттік мекеме үшін жеке болып табылады.

      Ескерту. 73-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 23.02.2018 № 269 бұйрығымен.

  1. Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелерге кодтар беру үшiн бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға мемлекеттік мекеменің бизнес-сәйкестендіру нөмірін міндетті түрде көрсете отырып, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлiктiң/анықтаманың көшірмесін қоса бере отырып, осы Ережеге 43-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде мемлекеттік мекемелерге кодтар беруге өтінімді ұсынады.

      Жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге кодтар беру үшін жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері аумақтық қазынашылық бөлімшесіне мемлекеттік мекеменің коды ашылғаннан кейін ұсынылатын осы Ереженің 98-тармағының 3), 4), 5)-тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоспағанда, осы Ереженің 4-тарауының 5-параграфында көзделген құжаттар жинағын қалыптастыруға қажетті құжаттарды қоса бере отырып, осы Ереженің 43-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде мемлекеттік мекемелерге кодтар беруге өтінім жібереді.

      Аумақтық қазынашылық бөлімшесі осы Ереженің 43-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мекемелерге кодтар беруге өтінім алған күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға осы Ереженің 43-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мекемелерге кодтар беруге арналған өтінім жібереді.

      Республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мемлекеттік мекемелерге кодтар беруге арналған өтінімде көрсетілген деректемелердің шынайылығын қамтамасыз етеді.

      Мемлекеттік мекемелерге кодтар беруге арналған өтінім белгіленген нысанға сәйкес келмесе не болмаған немесе мәліметтер дұрыс көрсетілмеген жағдайда, сондай-ақ 1, 2-абзацтарда қарастырылған құжаттарды қоса берусіз өтінім орындаусыз қайтарылады.

      Ескерту. 74-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 26.02.2016 № 87 ; өзгеріс енгізілді - 11.11.2016 № 597; 23.02.2018 № 269 бұйрықтарымен.

  1.   Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінен және аумақтық қазынашылық бөлімшелерінен осы Ереженің 43-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мекемелерге кодтар беруге арналған өтінім алған күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей кодтар беріледі.

      76 Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер кодтар берген күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей электрондық түрдегі хат арқылы берілген кодтар туралы республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне және аумақтық қазынашылық бөлімшелеріне хабарлайды.

      Аумақтық қазынашылық бөлімшесі жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің кодтарын беру туралы бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органнан хат алған күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей берілген кодтар туралы жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне хабарлайды.

  1. Мемлекеттік мекемелердің берілген кодтарын тіркеу ҚБАЖ-да қалыптастырылатын мемлекеттік мекемелер анықтамалығында жазылады.
  2. Аумақтық қазынашылық бөлімшелері бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган оларды ашқаннан кейінгі 3 жұмыс күні ішінде мемлекеттік мекемелердің кодтарын ашқаны туралы тиісті мемлекеттік кірістер органдарына жазбаша хабарлайды.

 3-параграф. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын, шетел валютасындағы шоттарды, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарын, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарына шоттар ашуы

  1. Мемлекеттік мекемелердің мынадай қолма-қол ақшаны бақылау шоттары және шоттары болуы мүмкін:

      1) мемлекеттік мекемелер өздерінің иелік етуінде қалған тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан қалған қолма-қол ақшаны бақылау шоты (бұдан әрі – ақылы қызметтердің ҚБШ);

      2) филантропиялық қызметтен және (немесе) демеушілік қызметтен, және (немесе) меценаттық қызметтен, және (немесе) кіші отанға қолдау көрсету жөніндегі қызметтен қолма-қол ақшасын бақылау шоты (бұдан әрі – қайырымдылық көмек ҚБШ);

      3) ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшасын бақылау шоты (бұдан әрі – ақшаны уақытша орналастырудың ҚБШ);

      4) нысаналы қаржыландырудың қолма-қол ақшасын бақылау шоты (бұдан әрі – нысаналы қаржыландырудың ҚБШ);

      5) шетел валютасындағы шоттар;

      6) алып тасталды - ҚР Қаржы министрінің 06.09.2017 № 543 (халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2018 және халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7) сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайтадан айырбастаудың қолма-қол ақшаны бақылау шоты;

      8) сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шоты;

      9) сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына

      ашылған шот.

      Ескерту. 79-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 26.02.2016 № 87; 06.09.2017 № 543 (халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2018 және халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.08.2018 № 783 бұйрықтарымен.

  1. Қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастау ҚБШ-сын ашу үшін республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға осы Ережеге 47-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолма-қол ақшаны бақылау шотын ашуға өтінім береді.

      Ақылы қызметтер ҚБШ-сын ашу үшін республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер аумақтық қазынашылық бөлімшесіне осы Ережеге 47-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ақылы қызметтер қолма-қол ақшасын бақылау шотын ашуға өтінім береді.

      Ескерту. 80-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 23.02.2018 № 269 бұйрығымен.

  1. Қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру, ақылы қызметтер ҚБШ-сын ашу үшін жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын өзін-өзі басқару органдары, мемлекеттік мекемелер аумақтық қазынашылық бөлімшесіне осы Ережеге 47-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолма-қол ақшаны бақылау шотын ашуға өтінім береді.

      Ақылы қызметтер ҚБШ-сын ашуға арналған өтінім мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақшаларының түсімдері мен шығыстарының жоспары негізінде жасалады.

      Ескерту. 81-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 23.02.2018 № 269 бұйрығымен.

  1. Қолма-қол ақшаны бақылау шотын ашуға өтінім мынаны:

      ҚБШ ашылатын мемлекеттік мекеменің атауы мен кодын;

      ашу талап етілетін ҚБШ-ның атауын;

      мемлекеттік мекеме қаржыландырылатын бюджет түрін;

      мемлекеттік мекеменің орналасқан жерінің кодын;

      баптың, тармақтың, тармақшаның нөмірлерін көрсете отырып, бюджет қаражатынан басқа өзге де қаржыландыру көздеріне жол беретін заңнамалық актінің атауы мен күнін (сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастау ҚБШ-сы үшін – Қазақстан Республикасы ратификациялаған мемлекеттік қарыз туралы халықаралық шарттың немесе байланысты грант туралы шарттың нөмірі мен күнін) қамтуы тиіс.

      Ескерту. 82-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 23.02.2018 № 269 бұйрығымен.

  1. Мемлекеттік мекеме қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру, ақылы қызметтер, жергілікті өзін-өзі басқару, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастау ҚБШ-сын ашуға өтінімді ұсыну негізділігін қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 83-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 23.02.2018 № 269 бұйрығымен.

  1. Аумақтық қазынашылық бөлімшесі мемлекеттік мекемеден алынған қолма-қол ақшаны бақылау шотын ашуға өтінімнің негізінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға осы Ережеге 47-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолма-қол ақшаны бақылау шотын ашуға өтінім жібереді.

      Өтінім белгіленген нысанға сәйкес болмаған не мыналар:

      1) ашылатын қолма-қол ақшаны бақылау шотының түрі;

      2) мемлекеттік мекеменің атауы мен коды;

      3) бюджет түрі;

      4) қолма-қол ақшаны бақылау шотын ашу үшін негіз болмаған немесе дұрыс көрсетілмеген жағдайда қолма-қол ақшаны бақылау шотын ашуға өтінім мемлекеттік мекемеге орындаусыз қайтарылады.

      Ескерту. 84-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 23.02.2018 № 269 бұйрығымен.

  1. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемеден қолма-қол ақшаны бақылау шотын ашуға өтінімді алғаннан кейін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган қолма-қол ақшаны бақылау шоты ашылғаны туралы жазбаша хабарлама жібере отырып қолма-қол ақшаны бақылау шотын ашуды жүзеге асырады немесе мемлекеттік мекемеге өзгеше негізделген жауап жібереді.

      Қолма-қол ақшаны бақылау шоты ашылғаны туралы хабарламада мыналар:

      мемлекеттік мекеменің атауы және коды;

      қолма-қол ақшаны бақылау шотының атауы және нөмірі көрсетіледі.

      Ескерту. 85-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 23.02.2018 № 269 бұйрығымен.

  1. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган:

      республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге - ақылы қызметтер ҚБШ-лары бойынша: аумақтық қазынашылық бөлімшелерінен ақылы қызметтер ҚБШ-ларын ашуға өтінімдер түскеннен кейін келесі жұмыс күнінен кешіктірмей;

      жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге - аумақтық қазынашылық бөлімшелерінен қолма-қол ақшаны бақылау шотын ашуға өтінім түскеннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей – қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын және шоттарын ашуды жүзеге асырады.

      Ескерту. 86-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 23.02.2018 № 269 бұйрығымен.

  1. Қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру, ақылы қызмет, жергілікті өзін-өзі басқару ҚБШ-лары осы Ереженің 4-тарауының 8-параграфында көзделген жағдайларда ашылады және олар жабылғанға дейін әрекет етеді. Сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастау ҚБШ-лары қарыздың немесе байланысты гранттың қолданылу мерзіміне ашылады.

      Ескерту. 87-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 23.02.2018 № 269 бұйрығымен.

  1. Республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің ҚБШ және шоттарын ашқаннан кейін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган "Қазынашылық-клиент" АЖ арқылы ҚБШ мен шоттардың ашылғаны туралы хабарламаны электронды таратуды жүзеге асырады.

      Ескерту. 88-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 23.02.2018 № 269 бұйрығымен.

  1. Республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің шетел валютасындағы шоттарын, сыртқы қарыздарының немесе байланысты гранттарының арнайы шоттарына шот ашу үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға осы Ережеге 46-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті шотты ашуға өтінім береді.

      Мемлекеттік мекеменің өтінімі мынаны қамтуы тиiс:

      шот ашылатын мемлекеттік мекеменің атауы мен коды;

      орналасқан жерінің коды;

      шоттың атауы;

      валюта түрi (Ұлттық Банк олар бойынша айырбастау және қайта айырбастау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын валюталар түрлерінің тізбесіне сәйкес);

      қаржыландыру көзі (республикалық немесе жергілікті бюджеттің қаражаты, бірлесіп қаржыландыру қаражаты немесе қаржыландырудың өзге көзі);

      шығыстар бағыттарының мақсаты;

      шот ашу үшін негіздеме.

      Ескерту. 89-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 23.02.2018 № 269 бұйрығымен.

  1. Мемлекеттік мекеменің шетел валютасында шот ашуға өтінім беруіне:

      1) халықаралық шарттан оны қолдану үшін заң шығару талап етілетін жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттар туралы заңнамасына сәйкес жасалған халықаралық шарттар;

      2) Қазақстан Республикасының халықаралық ынтымақтастықты, сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру немесе шетел валютасында операциялар жүргізу көзделген нормативтік құқықтық актілері;

      3) мемлекеттік мекеменің халықаралық ынтымақтастықты, сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру немесе шетел валютасында операциялар жүргізу көзделген ережесі немесе жарғысы.

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының бейрезиденттерімен жасалған тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алу туралы шарт;

      5) мемлекеттік мекемелерде оларға сәйкес шетел валютасында міндеттемелер туындаған халықаралық, шетелдік соттардың шешімдері негіз болып табылады.

      Мемлекеттік мекеменің бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотын, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына ашылатын шотты ашуға арналған өтінім беруіне шарттарында осындай шот ашу көзделген Қазақстан Республикасы ратификациялаған мемлекеттік қарыз туралы халықаралық шарт немесе байланысты грант туралы шарт негіз болып табылады.

      Мемлекеттік мекеме шетел валютасында шотын, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотын, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына ашылатын шотты ашуға арналған өтінім берудің негізділігін қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 90-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 23.02.2018 № 269 бұйрығымен.

  1. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекеттік мекемеден шетел валютасында шотын, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотын, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына ашылатын шотты ашуға арналған өтінімді алғаннан кейін шот ашылғаны туралы хабарлама жібере отырып, тиісті шотты ашуды жүзеге асырады не мемлекеттік мекемеге басқа негізделген жауап жібереді.

      Шоттың ашылғаны туралы хабарламада:

      шотты ашуға арналған өтінімнің нөмірі мен күніне сілтеме;

      мемлекеттік мекеменің атауы мен коды;

      шоттың атауы мен нөмірі, валюты түрі;

      мемлекеттік мекеме қаржыландырылатын бюджет түрі;

      шығыстар бағыттарының мақсаты;

      шотың қолданыс мерзімі көрсетіледі.

      Шетел валютасындағы шот ағымдағы қаржы жылының соңына дейін ашылады және қолданылады. Сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шоты, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына ашылған шот қарыздың немесе байланысты гранттың қолданылу мерзіміне ашылады. Сотқа дейінгі тергеуді жүргізетін орган алып қойған шетел валютасын есепке жатқызуға арналған шетел валютасындағы шот осы Ереженің 4-тарауы 8-параграфында көзделген жағдайларда ашылады және шот жабылғанға дейін қолданылады.

      Ескерту. 91-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 23.02.2018 № 269 бұйрығымен.

  1. Мемлекеттiк мекеменiң атауы өзгерген жағдайда республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға мемлекеттiк қайта тiркеу туралы анықтаманың көшiрмесiн қоса бере отырып, осы Ережеге 48-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттiк мекеменiң атауын өзгертуге мемлекеттік және орыс тілдерінде өтінім береді.

      Ескерту. 92-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 30.11.2018 № 1046 бұйрығымен.

  1. Мемлекеттiк мекеменiң атауы өзгерген жағдайда жергiлiктi уәкiлеттi орган аумақтық қазынашылық бөлімшесіне мемлекеттiк қайта тiркеу туралы анықтаманың көшiрмесiн қоса бере отырып, осы Ережеге 48-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттiк мекеменiң атауын өзгертуге мемлекеттік және орыс тілдерінде өтiнiм бередi.

      Ескерту. 93-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 30.11.2018 № 1046 бұйрығымен.

  1. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінен және аумақтық қазынашылық бөлімшесінен осы Ережеге 48-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мекеменің атауын өзгертуге өтінім алған күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік мекеменің атауын өзгертуді жүзеге асырады.

      Мемлекеттік мекеменің атауы өзгергеннен кейін бұрын берілген қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру, ақылы қызметтер, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайтадан айырбастау ҚБШ, шетел валютасындағы шот, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шоты, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына ашылатын шот өзгеріссіз қалдырылады.

      Ескерту. 94-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 26.03.2015 № 202; өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 26.02.2016 № 87; 23.02.2018 № 269 бұйрықтарымен.

  1. Нысаналы қаржыландыру ҚБШ-сын, шетел валютасындағы шоттарды және ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ-сын ашу, жүргізу және жабу тәртібі Қазақстан Республикасының кейбір заңдарының ерекшеліктерін ескере отырып, анықталады.
  2. Тиісті бюджеттердің, ақылы қызметтердің, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайтадан айырбастаудың ашылған ҚБШ тіркеу осы Ережеге 49-қосымшаға сәйкес 5-19-нысаны бойынша аумақтық қазынашылық органының ішкі есебінде - қолма-қол ақшасын бақылау шоттарының тізбесінде көрсетіледі.

      Шетел валютасында ашылған шоттарды, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарын, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарына ашылатын шоттарды тіркеу осы Ережеге 50-қосымшаға сәйкес 8-08 "Шетел валютасындағы шоттардың тізбесі" нысаны бойынша аумақтық қазынашылық бөлімшесінің есебінде көрсетіледі.

      Ескерту. 96-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 26.02.2016 № 87; 12.07.2017 № 431; 06.09.2017 № 543 (халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2018 және халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 23.02.2018 № 269; 30.11.2018 № 1046 бұйрықтарымен.

  1. Аумақтық қазынашылық органдары тиісті мемлекеттік кіріс органдары оларды бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ашқаннан кейін үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік мекемелердің ақылы қызметтердің, қайырымдылық көмектің ҚБШ ашқаны туралы хабарлайды.

      Ескерту. 97-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 06.09.2017 № 543 (халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2018 және халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

 4-параграф "Құпия"

 5-параграф. Құжаттар жинағын қалыптастыру және құжаттар жинағын қалыптастырған кезде құжаттарға қойылатын талаптар

  1. Мемлекеттiк мекеменiң/квазимемлекеттiк сектор субъектiсiнiң құжаттар жинағы мынадай құжаттарды қамтиды:

      1) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәліктің нотариалды расталған көшiрмесi немесе заңды тұлғаны тіркеу туралы анықтама;

       2) алып тасталды - ҚР Қаржы министрінің 09.10.2015 № 509 бұйрығымен.

      3) қолдардың және мөр бедерiнiң үлгiсi;

      4) мемлекеттiк мекеменiң/квазимемлекеттiк сектор субъектiсiнiң бiрiншi басшысын тағайындау туралы бұйрықтардың көшiрмелерi және қаржылық құжаттардағы бiрiншi және екiншi қол қою құқығын жүктеу туралы бұйрықтардың көшiрмелерi;

      5) қолма-қол ақшаны бақылау шоттары туралы есеп, 8-08 "Шетел валютасындағы шоттардың тізбесі" нысаны бойынша есеп.

      Мемлекеттік мекемеге/квазимемлекетік сектор субъектісіне "Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша қызмет көрсеткен кезде қосымша мыналар:

      1) қазынашылық пен мемлекеттік мекеме/квазимемлекетік сектор субъектісі арасындағы Электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану туралы келісімнің түпнұсқасы (бұдан әрі – ЭЦҚ туралы келісім);

      2) ЭЦҚ кілттерінің қолданылу мерзімі өткен жағдайда ЭЦҚ пайдалану туралы келісімге Қосымша келісімнің түпнұсқасы беріледі.

      Мемлекеттiк мекеменiң/квазимемлекеттік сектор субъектісінің атауы өзгерген кезде оларға сәйкес мемлекеттiк мекеменiң/квазимемлекеттік сектор субъектісінің атауы өзгертілген нормативтік құқықтық актінің не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге құжаттың көшірмесін бір мезгілде ұсына отырып, жоғарыда санамаланғандарға ұқсас жаңа құжаттар ұсынылады.

      Ескерту. 98-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 09.10.2015 № 509; 26.02.2016 № 87; өзгеріс енгізілді – 12.07.2017 № 431; 23.02.2018 № 269 бұйрықтарымен.

  1. Аумақтық қазынашылық бөлiмшесi әр мемлекеттiк мекемеге/квазимемлекеттік сектор субъектісіне бiр құжаттар жинағын қалыптастырады.
  2. Мемлекеттiк мекеменiң/квазимемлекеттiк сектор субъектiсiнiң құжаттар жинағын қалыптастырған кезде аумақтық қазынашылық бөлiмшесi мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәліктегі/анықтамадағы және мөр бедерiнде (ММ үшiн – елтаңбалы) мемлекеттiк мекеменiң/квазимемлекеттiк сектор субъектiсi атауының сәйкестігін, сондай-ақ бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрықтардың, қол қою құқықтарын және мөр бедері үлгілерін қоюды жүктеу туралы бұйрықтардың сәйкестігін тексередi. Алшақтықтар анықталған жағдайда сәйкестендiру үшiн мемлекеттiк мекемеге/квазимемлекеттiк сектор субъектiсiне қайтарады.

      Ескерту. 100-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 09.10.2015 № 509 бұйрығымен.

  1.   Қолдар мен мөр бедерiнiң үлгiлерi аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне осы Ереженiң 51-қосымшасына сәйкес нысан бойынша екi данада ұсынылады. Бiр данасы мемлекеттiк мекеменiң/квазимемлекеттік сектор субъектісінің құжаттар жинағында сақталады, екiншiсiн қаржылық құжаттардағы қолдар мен мөр бедерiнiң (ММ үшін – елтаңбалы) шынайылығын тексеру үшiн аумақтық қазынашылық бөлiмшесi пайдаланады.
  2. Бiрiншi қол қою құқығына мемлекеттiк мекеменiң/квазимемлекеттік сектор субъектісінің басшысы (басшының қызметін атқару міндеті жүктелген тұлға) және/немесе ол уәкiлеттiк берген тұлғалар ие болады. Бiрiншi қол қою құқығы, оның ішінде бірінші басшының міндеттерін атқару міндеті жүктелген уақытқа да мемлекеттік мекеме/квазимемлекеттік сектор субъектісі басшының (басшының міндеттерін атқару міндеті жүктелген тұлғаның) бұйрығымен ресімделуі тиіс. Екiншi қол қою құқығы бухгалтерлiк есеп жүргiзу жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттiк мекеменiң/квазимемлекеттік сектор субъектісінің құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысына және/немесе мемлекеттiк мекеменiң/квазимемлекеттік сектор субъектісінің басшысы уәкілеттік берген бухгалтерлiк есептi жүргiзу жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын тұлғаларға беріледi.
  3. Мемлекеттiк мекеменiң/квазимемлекеттік сектор субъектісінің қолдары мен мөр бедерiнiң үлгiсi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi басшысының немесе ол уәкiлеттік берген тұлғаның қолымен расталады және бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң мөр бедерiмен (ММ үшін – елтаңбалы) бекітіледі не нотариалды куәландырылады.

      Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң/квазимемлекеттік сектор субъектісінің қолдары мен мөр бедерiнiң үлгiлерi нотариалды куәландырылады.

  1. Қолдар мен мөр бедерiнiң үлгiлерi өшпейтiн төзiмдi сиялармен орындалуы тиiс, мөрдiң бедерi (ММ үшін - елтаңбалы) дәл және анық болуы тиiс. Ұшып кететiн сиялар құйылған фломастер және автоқаламмен қол қоюға және қолды факсимильдi көшiру құралдарын пайдалануға жол берiлмейдi. Мөр бедерін (ММ үшін - елтаңбалы) қойған кезде ("Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi" мемлекеттiк мекемесiн қоспағанда), қызыл, қара және жасыл түстi мастиканы пайдалануға тыйым салынады.

      Арнайы мақсаттарға арналған мөрлердi қолдануға жол берiлмейдi.

  1. Қайта құрылған мемлекеттiк мекемеде/квазимемлекеттік сектор субъектісінде мөр уақытша болмаған, мөрдiң атауы өзгерген, ескiрген немесе жоғалған жағдайда, аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнiң басшысы мемлекеттiк мекемеге/квазимемлекеттік сектор субъектісіне оның өтiнiшiнiң негiзiнде жаңа мөр дайындауға және осы жағдайға байланысты құжаттарды сол елдi мекенде орналасқан бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң мөр бедерiмен бекітуге немесе құжаттарды мөр бедерінсiз беруге рұқсат бере отырып, мөр болмаған уақытта қаржылық құжаттарды ұсынуға уақыт (күнтiзбелiк 10 күннен аспайтын) бередi. Қолдар мен мөр бедерiнiң үлгiлерi мөрдiң (ММ үшін – елтаңбалы) дайындалу уақытында оның әрекет ету мерзiмi көрсетiлiп, "Мемлекеттік мекеменің/квазимемлекеттік сектор субъектісінің мөр табанының үлігісі" ашық жолағында "уақытша мөрсіз" деген белгімен елтаңбалы мөрдiң бедерiнсiз (ММ үшін – елтаңбалы) ресiмделедi.

      Ескерту. 105-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 09.10.2015 № 509 бұйрығымен.

  1.   Ең болмағанда бір қол ауыстырылған немесе толықтырылған немесе мөр ауыстырылған жағдайда аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне осы параграфтың 103-тармағында белгiленген тәртiппен куәландырылған қол қою және мөр бедерiнiң үлгiлерiмен жаңа құжат ұсынылады.

      Бiрiншi немесе екiншi қол қою құқығы бар тұлғалардың бiрiнiң қолын уақытша ауыстырған кезде аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне тұлғаны тағайындау және уақытша мiндетiн атқарушыға қол қою құқығын жүктеу туралы бұйрықтың көшiрмесiн оның қолданылу мерзiмiн көрсете отырып, уақытша міндетін атқаратын тұлғалардың қолдарының үлгілерін қамтитын уақытша құжат ресiмделедi. Жаңадан ұсынылған құжаттар мемлекеттiк мекеменiң/квазимемлекеттік сектор субъектісінің құжат жиынына тiгiледi.

      Екiншi қол қою құқығы бар тұлға уақытша болмаған (демалыс немесе науқастанған) кезде төлем құжаттарына қол қою мен мөр бедерiнiң үлгiлерi бар құжатта көрсетiлген екiншi қол қою құқығы бар тұлғалар қол қояды. Бұл жағдайда қол қою мен мөр бедерiнiң үлгiлерi бар уақытша құжат толтыру талап етiлмейдi.

  1. Аумақтық қазынашылық бөлімшелері артық төленген түсімдердің сомасын қайтару, түсімдердің бюджеттік сыныптамасы кодтарының арасында, мемлекеттік кірістер органдарының арасында артық төленген түсімдерді есепке алу (бұдан әрі – қайтару және/немесе есепке алу) жөніндегі операцияларды жүргізу үшін мемлекеттік кірістер органдары қолтаңбалардың және мөр бедердің үлгілерін ұсынады. Мемлекеттік кірістер органдары аумақтық қазынашылық бөлімшелеріне қолтаңба және мөр бедерінің үлгілерімен бірге төлем тапсырмаларына қол қою құқығы және аумақтық қазынашылық бөлімшесіне қайтару және/немесе есепке алу жөніндегі құжаттарды ұсыну және одан құжаттар алу туралы бұйрықтардың көшірмелерін береді.
  2. Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган, бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органдар, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi, мемлекеттiк мекемелер/квазимемлекеттік сектор субъектілері аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне құжат жиынын қалыптастыру үшiн қажеттi құжаттарда көрсетiлген деректердiң шынайлығы үшін жауап береді.

      Аумақтық қазынашылық бөлiмшесi ұсынылған құжаттардың толықтығын және осы параграф белгiленген талаптарға сәйкестiгiн тексергеннен кейiн құжаттау туралы заңнамаға сәйкес тексерiлген құжаттарды құжат жиынына тiгедi және сақтайды.

 6-параграф. Қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын, шетел валютасындағы шоттарды, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарын, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарына ашылатын шоттарды жүргізу

  1. Ақылы қызметтердің, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастаудың, шетел валютасындағы шоттардың, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарының, мемлекеттік мекемелердің сыртқы қарыздарының немесе байланысты гранттарының арнайы шоттарына арналған шоттардың, мемлекет кепілдік берген ұлттық және шетел валютасындағы қарыздар шоттарының, ұлттық және шетел валютасында қызмет көрсету шоттарының, квазимемлекеттік сектор субъектілері шоттарының, аумақтық қазынашылық бөлімшелерінің қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдау операторларының шоттарының кодтарын, ҚБШ-ларын жүргізу тиісті ҚБШ-дан және шоттардан төлемдер мен ақша аударымдарын жүргізуді, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген есептерді қалыптастыруды және ұсынуды қамтиды.

      Бiр мемлекеттiк мекеменiң кодынан екiншi мемлекеттiк мекеменiң кодына ақша аударуға жол берiлмейдi.

      Ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша шетел валютасындағы шоттарда ағымдағы қаржы жылы аяқталғанға дейiн жетi жұмыс күнi iшiнде қайырымдылық көмек түрiнде түскен шетел валютасының бар болуына, сондай-ақ ағымдағы қаржы жылының соңғы жұмыс күні 0900НП "Анықтауға дейiнгi шетел валютасындағы сомалар" шотына түскен сомалардың бар болуына рұқсат етiледi.

      Ақылы қызметтердің, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, сыртқы қарыздарды немесе байланысты гранттарды қайта айырбастаудың ҚБШ-сында, ұлттық және шетел валютасындағы мемлекет кепілдік берген қарыздар шоттарында, ұлттық және шетел валютасындағы қызмет көрсету шоттарында және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарында, қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдау операторларының шоттарында, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарында, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарына арналған шоттарда ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша пайдаланылмаған ақша қалдықтарының болуына жол беріледі.

      Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізетін орган алып қойған шетел валютасын есепке жатқызуға арналған шетел валютасындағы шоттарда, мемлекет кепілдік берген қарыздардың шетел валютасындағы шоттарында, шетел валютасындағы қызмет көрсету шоттарында, сондай-ақ бағдарламалық сыртқы қарыздардың қаражатын есепке жатқызуға арналған шоттарда ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша пайдаланылмаған ақша қалдықтарының болуына да жол беріледі.

      Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарындағы ағымдағы жылы жарғылық капиталды қалыптастыруға (толықтыруға) бөлінген және есепті кезеңнің соңында пайдаланылмай қалған қаражат қалдықтары квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ағымдағы жылы пайдаланылмай қалған қаражаты болып табылады және бюджеттік бағдарламалардың тиімсіз атқарылуына жатады.

      Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы, ағымдағы шоттарындағы олардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы (бюджет қаражатын үнемдеу) арқылы бюджеттік инвестицияларды іске асыру қорытындысы бойынша қаражаттан қалыптасқан пайдаланылмаған қалдықтар:

       Қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы пайдаланылмаған қаражатты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9938 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау қағидаларына сәйкес бюджеттік инвестициялардың ағымдағы қаржылық-экономикалық негіздемесіне түзету жүргізе отырып және (немесе) жаңа қаржылық-экономикалық негіздемесін әзірлеу арқылы жаңа және (немесе) ағымдағы жобаны (жобаларды) іске асыруға бағыттау;

      егер үнемдеу сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 50 000 еселенген мөлшерінен аспаса, үнемдеу қаражатын квазимемлекеттік сектор субъектісінің басқару органының (құрылтайшысының) шешімі бойынша жобаның қаржылық-экономикалық негіздемені түзетпей-ақ даму мақсаттарына (жаңғыртуға, активтер сатып алуға) пайдалану арқылы қолданылады.

      Ескерту. 109-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 12.04.2022 № 397 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       109-1. Қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы олардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджет қаражатын үнемдеу түрінде бюджеттік инвестицияларды іске асыру қорытындылары бойынша пайда болған пайдаланылмаған қалдықтар "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Мемлекеттік мүлік туралы заң) және "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Акционерлік қоғамдар туралы заң) сәйкес қабылданған квазимемлекеттік сектор субъектісінің тиісті басқару органының (құрылтайшысының) шешімі бойынша бюджетке қайтарылады.

      Егер квазимемлекеттік сектор субъектісі алдыңғы бюджеттік инвестициялардың қорытындылары бойынша қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы үнемдеу қаражатын пайдаланбаса және (немесе) үнемдеу қаражаты бюджетке қайтарылмаса, жаңа мемлекеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталған заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы Бюджеттік инвестицияларды жоспарлау қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы үнемдеу сомалары ескеріле отырып жүзеге асырылады. Бұл жағдайда бюджеттік бағдарламаның әкімшісі жаңа мемлекеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталған заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы Бюджеттік инвестицияларды жоспарлау кезінде ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы және 1 сәуіріндегі жағдай бойынша қалдықтарға сүйене отырып, квазимемлекеттік сектор субъектісінің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы үнемдеу сомасын ұсынуды қамтамасыз етеді.

      Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына есептелген тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) төлеуден түскен қаражат тиісті бюджеттің кірісіне аударуға жатады.

      Ескерту. 109-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы министрінің 19.03.2021 № 235 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Кодтарды енгізу, ҚБШ-ны және шоттарды жүргізуді аумақтық белгісі бойынша аумақтық қазынашылық органдары жүзеге асырады. Аудандық (облыстық маңызы бар қалаларда, Алматы аудандарында) аумақтық қазынашылық органдары болмаған жағдайда жоғарыда көрсетілген рәсімдерді жүргізу аумақтық тиістілігіне қарай тиісті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумақтық қазынашылық органдарында жүзеге асырылады.

      Ескерту. 110-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 12.04.2022 № 397 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Тиісті бюджеттердің ҚБШ-ның ақшасына билік етушілер тиісінше бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдар, ақылы қызметтердің, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайтадан айырбастаудың ҚБШ-ын, шетел валютасындағы шоттарды, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотын, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына ашылатын шоттағы ақшасына билік етушілер - мемлекеттік мекемелердің басшылары, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарына - квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшылары, қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдау операторларының шоттарына – қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдау операторларының басшылары, ұлттық және шетел валютасындағы мемлекет кепілдік берген қарыз шоттарына- ұлттық және шетел валютасындағы қызмет көрсету шоттарының басшылары – мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушылардың басшылары болып табылады.

      Ескерту. 111-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 12.04.2022 № 397 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттемелерi мен төлемдерi бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларының пайдаланылмаған қалдықтарына және ақылы қызметтердің, қайырымдылық көмектің ҚБШ-дағы, квазимемлекеттік сектор субъектісінің шоттарындағы ақшаға иелік етудi шектеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.

      Ескерту. 112-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 06.09.2017 № 543 (халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2018 және халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Тиiстi бюджеттердің ҚБШ шоттарында ақшаның қозғалысы және ҚР ББС-ға сәйкес шығыстар жөнiндегi есептердi берудi мынадай нысандар бойынша күн сайын аумақтық қазынашылық органы жүзеге асырады:

       осы Ереженiң 52-қосымшасына сәйкес магниттiк (электрондық) жеткізгіште 5-34 "Тиiстi бюджеттердiң ҚБШ жағдайы туралы есеп";

       осы Ереженiң 53-қосымшасына сәйкес электрондық жеткізгіште 5-52 "Шығыстар бойынша жиынтық есеп";

       осы Ереженiң 54-қосымшасына сәйкес қағаз жеткізгіште 5-20 "Қолма-қол ақшаны бақылау шотынан көшiрме" және бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органдарға берiледi.

      "Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша қызмет көрсетілетін мемлекеттік мекемелер, квазимемлекеттік сектор субъектілері, қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдау операторлары, мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушылар және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар осы тармақта көрсетілген есептерді дербес қалыптастырады.

      Ескерту. 113-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 12.04.2022 № 397 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Ақылы қызметтердің, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайтадан айырбастаудың ҚБШ-дағы, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарындағы, қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдау операторлары шоттарындағы, шетел валютасындағы шоттардағы, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарындағы, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарына ашылатын шоттардағы ақша қозғалысы жөніндегі есептерді беруді аумақтық қазынашылық органдар жүзеге асырады және:

      мемлекеттiк мекемелерге:

      1) төлемдер мен ақша аударымдарының жүргiзiлуiне қарай:

       осы Ережеге 54-қосымшаға сәйкес қолма-қол ақшаны бақылау шотынан көшiрме 5-20-нысаны бойынша;

       осы Ережеге 55-қосымшаға сәйкес ақылы қызметтер ҚБШ қалдықтар туралы есеп 5-33-нысаны бойынша;

       осы Ережеге 56-қосымшаға сәйкес шетел валютасындағы шоттар бойынша үзінді 8-17- нысаны бойынша;

      2) ай сайын:

       осы Ережеге 57-қосымшаға сәйкес ақылы қызметтер ҚБШ қалдығы 5-30-нысаны бойынша;

       осы Ережеге 58-қосымшаға сәйкес шетел валютасындағы шоттардағы қалдықтар туралы есеп 8-07-нысаны бойынша;

       бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарға есепті тоқсаннан кейінгі 3-ші күнге дейін тоқсан сайын және жыл сайын жылдық есепке осы Ережеге 59-қосымшаға сәйкес ақылы қызметтердің, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастаудың ҚБШ-дағы және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарындағы қалдықтар туралы есепті 5-34А-нысаны бойынша беріледі;

      квазимемлекеттік сектор субъектілеріне, қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдау операторларына, мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушыларға төлемдерді жүргізу және ақшаны аудару шамасына қарай:

       осы Ережеге 54-қосымшаға сәйкес қолма-қол ақшаны бақылау шотынан көшірмені 5-20-нысаны бойынша берiледi.

      Ескерту. 114-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 12.04.2022 № 397 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. 5-34 "Тиiстi бюджеттердiң ҚБШ жағдайы туралы есеп" нысаны бойынша тиiстi жергiлiктi бюджеттердiң қолма-қол ақшасын бақылау шоттары бойынша айналымдар мен қалдықтарды ай сайынғы салыстыруды жүзеге асыру үшiн аумақтық қазынашылық бөлiмшесi мен бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органның арасында аумақтық қазынашылық бөлiмшесi бiр ай аяқталғаннан кейiн 2 жұмыс күнi iшiнде 2 данада 5-34 "Тиiстi бюджеттердiң ҚБШ жағдайы туралы есеп" нысанындағы есептi қалыптастырады, жауапты атқарушының мөртабан бедерiмен ресiмдейдi, оған аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнiң басшысы және жауапты атқарушы қол қояды, елтаңбалы мөр бедерiмен куәландырылады және бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органға берiледi. Бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган өз кезегiнде 5-34 "Тиiстi бюджеттердiң ҚБШ жағдайы туралы есеп" нысаны бойынша тиiстi жергiлiктi бюджеттiң қолма-қол ақшасын бақылау шоты бойынша айналымдар мен қалдықтарды салыстырып, бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органның басшысына және бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органның жауапты атқарушысына қол қойдырады, елтаңбалы мөр бедерiмен куәландырады және бiр данасын аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне бередi.

       Қызмет көрсетiлетiн мемлекеттiк мекеме мен аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнiң арасында кассалық шығыстарды салыстыруды жүзеге асыру үшiн тоқсан сайын, ай аяқталғаннан кейiн 2 жұмыс күнi iшiнде 2 данада осы Ереженiң 41-қосымшасына сәйкес 4-20 "Шығыстар бойынша жиынтық есеп" нысаны қалыптастырылады, олар жауапты атқарушының мөртабан бедерiмен ресiмделедi, аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнiң басшысы мен жауапты атқарушы қол қояды, елтаңбалы мөр бедерiмен куәландырылады және мемлекеттiк мекемеге берiледi.

      Мемлекеттiк мекемелер есептердi алғаннан кейiнгi 2 жұмыс күнi iшiнде есептердiң деректерін өзiнiң бухгалтерлiк есебінің деректерiмен салыстырады.

      Мемлекеттiк мекеме деректерiнiң 4-20 "Шығыстар бойынша жиынтық есеп" нысаны есебiнiң деректерiмен алшақтығы болған кезде соңғысы алшақтық себебiн анықтау үшiн аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне жазбаша өтiнiм жасайды.

      Алшақтықтар болмаған кезде есептерге мемлекеттiк мекеменiң басшысы мен бас бухгалтерi не мемлекеттiк мекеменiң басшысы уәкiлеттiк берген тұлғалар (олар болмаған жағдайда) қол қояды және мемлекеттiк мекеменiң елтаңбалы мөр бедерiмен куәландырылады. Есептiң бiр данасы аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне қайтарылады.

      Аумақтық қазынашылық бөлімшелері мемлекеттік мекеменің жазбаша өтініші бойынша салыстырып тексеруді жүзеге асыру үшін 4-20 "Шығыстар бойынша жиынтық есеп" нысанды есебін қалыптастырады, оған қол қояды және береді, ал бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган үшін 5-34 "Тиiстi бюджеттердiң ҚБШ жағдайы туралы есеп" нысанды есебін қалыптастырады, оған қол қояды және береді.

      "Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша қызмет көрсеткен кезде бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган тиісті бюджеттердің ҚБШ бойынша айналымдарын және қалдықтарын ай сайын салыстырып тексеруді жүзеге асыру үшін ай аяқталғаннан кейін 5-34 "Тиiстi бюджеттердiң ҚБШ жағдайы туралы есеп" нысаны бойынша есепті дербес қалыптастырады. Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган 5-34 "Тиiстi бюджеттердiң ҚБШ жағдайы туралы есеп" нысаны бойынша тиісті бюджеттің ҚБШ бойынша айналымдарды және қалдықтарды салыстырып тексеріп, алшақтықтар болмаған кезде бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органның басшысына және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органның жауапты орындаушысына қол қойдырады, елтаңбалық мөрдің бедерімен растайды.

      Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган деректерінің 5-34 "Тиiстi бюджеттердiң ҚБШ жағдайы туралы есеп" нысанды есеп деректерімен алшақтықтар болған кезде бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган алшақтық себептерін анықтау және жою үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне жазбаша өтініш білдіреді.

  1. "Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша қызмет көрсеткен кезде мемлекеттік мекеме кассалық шығыстарды тексеру үшін тоқсан сайын ай біткен соң өз еркімен осы Ереженің 41-қосымшасына сәйкес 4-20 "Шығыстар бойынша жиынтық есеп" нысан әзірлейді және есептің міліметтерін бухгалтерлік есеп мәліметтерімен салыстырады.

      Алшақтықтар болмаған жағдайда есептіліктер мемлекеттік мекеменің басшысы мен бас бухгалтерінің немесе мемлекеттік мекеме басшысымен уәкілдендірілген (олар болмаған жағдайда) өкілдермен қол қойылады, және мемлекеттік мекеменің елтаңбалы мөр бедерінің үлгілерімен расталады.

      4-20 "Шығыстар бойынша жиынтық есеп" нысаны мен мемлекеттік мекеме есебінде алшақтықтар болған жағдайда, алшақтықтардың туындау себебін анықтау және жою туралы хатпен мемлекеттік мекеме қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне жүгінеді.

 7-параграф. "Құпия"

 8-параграф. Кодтарды, қолма-қол ақшаның бақылау шоттарын және шетел валютасындағы шоттарды, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарын, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарына шоттарды жабу

  1. Аумақтық қазынашылық бөлiмшелерi күнтізбелік бір жыл ішінде бір рет есепті жылдан кейінгі жылдың 25 қаңтарынан кешіктірмей ақылы қызметтердің, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың ҚБШ, квазимемлекеттік сектор субъектісінің шоттарын тексерудi жүргiзедi және 12 ай iшiнде оларда ақша қозғалысы мен қалдықтары болмаған кезде мемлекеттік мекемелерге/ квазимемлекеттік сектор субъектілеріне осы ҚБШ жабу жөнiнде шаралар қабылдау қажеттiлiгi туралы хабарлайды.

      Мемлекеттік мекеме/квазимемлекеттік сектор субъектісі тиісті ҚБШ-ның немесе шоттың қолданылуы қажеттігі туралы хатты хабарлама алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде ұсынған жағдайда бұл ҚБШ немесе шот жабылмайды.

      Мемлекеттік мекеме/квазимемлекеттік сектор субъектісі хабарлама алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде ақылы қызметтердің, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың ҚБШ, квазимемлекеттік сектор субъектісінің шоттарын жабу бойынша шаралар қабылдамаған жағдайда, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган аумақтық қазынашылық бөлімшесі хатының негізінде кейіннен мемлекеттік мекеменің/ квазимемлекеттік сектор субъектісінің аумақтық қазынашылық бөлімшесіне жабылуы жөнінде хабарлама бере отырып, өзі жабады.

      Ескерту. 117-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 23.02.2018 № 269 бұйрығымен.

  1. Тиісті бюджеттердің ҚБШ әкімшілік-аумақтық бірлікті тарату кезінде жабылады.

      Ескерту. 118-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 06.09.2017 № 543 (халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2018 және халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Мемлекеттік мекеменің коды осы Ережеге 60-қосымшаға сәйкес бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің өтінімі бойынша, квазимемлекеттік сектор субъектісінің коды және квазимемлекеттік сектор субъектісінің шоты 61-қосымшаға сәйкес квазимемлекеттік сектор субъектісінің өтінім бойынша, ал ақылы қызметтердің, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру, жергілікті өзін-өзі басқару, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастаудың қолма-қол ақшаны бақылау шоты, шетел валютасындағы шоттар, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттары, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарына ашылатын шоттар осы Ережеге 62-қосымшаға сәйкес мемлекеттік мекеменің өтініші бойынша:

      1) мемлекеттiк мекеме/квазимемлекеттік сектор субъектісі таратылған немесе қайта ұйымдастырылған;

      2) мемлекеттiк мекемелердiң билiгiнде қалатын олардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өткiзуден түскен ақшаны мемлекеттiк мекеменiң пайдалану құқығы айқындалатын заңнамалық актінің күші жойылған;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнен тиiстi ҚБШ мен шотты ашу үшiн негiз болып табылатын қаржыландыру көзiн алып тастаған;

      4) тиiстi ҚБШ мен шотының болу құқығын беретiн заңнамалық негiздеменi жойған;

      5) ақылы қызметтер, демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ, квазимемлекеттік сектор субъектісінің шоттары бойынша операциялар күнтізбелік жыл iшiнде болмаған;

      6) қарыз туралы шартта көрсетілген қарызды жабатын күн басталған немесе оның негізінде сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастаудың ҚБШ, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шоты, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына шот ашылған байланысты грант туралы шарттың қолданылу мерзімі өткен жағдайларда жабылады.

      Жабылатын ҚБШ және/немесе шоттарда қалдық болған кезде бюджеттік бағдарламалар әкімшісі ұсынған мемлекеттік мекемелерге берілетін кодтардың қолданысын тоқтатуға өтінім (квазимемлекеттік сектор субъектілері ұсынған квазимемлекеттік сектор субъектілерінің кодтарының қолданысын тоқтатуға және шоттарын жабуға өтінім) қайтаруға жатады.

      Ескерту. 119-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 23.02.2018 № 269 бұйрығымен.

  1. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге берілген кодтардың қолданысын тоқтату үшін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға осы Ереженің 60-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мекемелерге берілген кодтардың қолданысын тоқтатуға өтінім береді.

       Жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге берілген кодтардың қолданысын тоқтату үшін жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері аумақтық қазынашылық бөлімшелеріне осы Ереженің 60-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мекемелерге берілген кодтардың қолданысын тоқтатуға өтінім береді.

      Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi болып табылған мемлекеттік мекеме қайта ұйымдастырылған және елтаңбалы мөрді жою себебі бойынша кодты жабуға өтінім беру мүмкіндігі болмаған және қайта ұйымдастырылған мемлекеттiк мекеменің қаржылық құжаттарына қол қоюға құқығы бар адамдар болмаған жағдайда өтінімді құқық мирасқоры, ал ол таратылған жағдайда – тарату комиссиясы ұсынады.

       Аумақтық қазынашылық бөлімшелері бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға мемлекеттік мекемелерге берілген кодтардың қолданысын тоқтату үшін осы Ереженің 60-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінім береді.

      Ескерту. 120-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 09.10.2015 № 509 бұйрығымен.

  1. Ақылы қызметтердің, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, жергілікті өзін-өзі басқарудың, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастаудың ҚБШ, шетел валютасындағы шотты, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотын, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына шотты жабу үшін мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық органына осы Ережеге 62-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада қағаз жеткізгіште не ЭЦҚ қол қойылған электрондық түрінде өтініш береді. Аумақтық қазынашылық органы тиісті ақылы қызметтердің, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, жергілікті өзін-өзі басқарудың, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастаудың ҚБШ, шетел валютасындағы шотты, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотын, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына ашылатын шотты жабу туралы жазбаша өтінішін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жапқаннан кейін аумақтық қазынашылық органы жабылуы туралы белгісі бар өтініштің бір данасын мемлекеттік мекемеге қайтарады не ҚБШ немесе шоттың жабылуы туралы жазбаша хабардар етеді.

      Мемлекеттік мекемелердің шоттарын және ҚБШ жапқаннан кейін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган "Қазынашылық-клиент" АЖ арқылы ҚБШ және шоттардың жабылуы туралы хабарламаны электрондық таратуды жүзеге асырады.

      Мемлекеттік мекеме қайта ұйымдастырылған және елтаңбалы мөрді жою және қайта ұйымдастырылған мемлекеттiк мекеменің қаржылық құжаттарына қол қоюға құқығы бар адамдар болмауы себебі бойынша осы Ережеге 62-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім беру мүмкіндігі болмаған жағдайда өтінімді құқық мирасқоры, ол таратылған жағдайда – бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi, ал бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi таратылған жағдайда – тарату комиссиясы ұсынады

      Ескерту. 121-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 23.02.2018 № 269; өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің 30.11.2018 № 1046 бұйрықтарымен.

  1. Квазимемлекеттік сектор субъектісі кодтарының қолданылуын тоқтату және квазимемлекеттік сектор субъектісінің шоттарын жабу үшін квазимемлекеттік сектор субъектісі аумақтық қазынашылық бөлімшелеріне осы Ереженің 61-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінімді 2 данада жібереді.

       Аумақтық қазынашылық бөлімшелері квазимемлекеттік сектор субъектісі кодтарының қолданылуын тоқтатуға және квазимемлекеттік сектор субъектісінің шоттарын жабуға осы Ереженің 61-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінімді бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді.

      Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган квазимемлекеттік сектор субъектісінің кодын және квазимемлекеттік сектор субъектісінің шоттарын жапқаннан кейін, аумақтық қазынашылық бөлімшесі жабылғаны туралы белгісі бар өтінімнің бір данасын квазимемлекеттік сектор субъектісіне қайтарады.

  1. Жабылатын ақылы қызметтердің, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, жергілікті өзін-өзі басқару, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастаудың ҚБШ, квазимемлекеттік сектор субъектісінің шотында, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотында, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына ашылатын шотта, шетел валютасындағы шотта ақша қалдығы болған кезде мемлекеттік мекеме/квазимемлекеттік сектор субъектісі жабылатын:

      1) ақылы қызметтердің ҚБШ:

      құқықтық мирасқордың ақылы қызметтердің ҚБШ (бұл ретте, егер құқықтық мирасқорға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi) сатудан түскен ақшаға иелiк ету құқығы берiлсе);

      тиiстi бюджет кiрiсiне мынадай жағдайларда:

      құқықтық мирасқор болмағанда;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi) сатудан түскен ақшаға иелік ету құқығы берiлмеген құқықтық мирасқор анықталғанда;

      құқықтық мирасқорда ол бойынша қалдығы есептелетiн тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң) коды болмағанда;

      2) қайырымдылық көмектің ҚБШ:

      құқықтық мирасқордың қайырымдылық көмектің ҚБШ-на немесе екінші деңгейдегі банктегі шотына;

       құқықтық мирасқор болмаған жағдайда, салымшыға;

      құқықтық мирасқор мен салымшы болмаған жағдайда, тиiстi бюджеттiң кiрiсiне;

       3) уақытша ақша орналастырудың ҚБШ:

       салымшыға;

      құқықтық мирасқордың ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ;

      4) шетел валютасындағы шотта – бюджет ақшасы есебінен операциялар жүргізілген кодқа кейін жүргізілген кассалық шығыстарды қалпына келтіре отырып, шетел валютасының қалдығын қайта айырбастау жөніндегі операцияларды жүзеге асыру жолымен және/немесе айырбасталған валютаны қайырымдылық және/немесе ақшаны шетелдік валютада уақытша орналастыру ҚБШ есептеумен;

      құқықтық мирасқордың шетел валютасындағы шотына;

      5) квазимемлекеттік сектор субъектісінің шотына:

      құқықтық мирасқордың квазимемлекеттік сектор субъектісінің шотына;

      квазимемлекеттік сектор субъектісі құрылтайшысының шотына;

      белгіленген тәртіпте инвестициялық жобаны іске асыруды жалғастырып отырған квазимемлекеттік сектор субъектісінің шотына (бұл ретте, егер құқықтық мирасқорға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен инвестициялық жобаны іске асыруды жалғастыру құқығы берілсе);

      6) алып тасталды - ҚР Қаржы министрінің 06.09.2017 № 543 (халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2018 және халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7) сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастаудың ҚБШ:

      ақша ұлттық валютаға қайта айырбасталған сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына;

      республикалық бюджеттің кірісіне – шетел валютасының ең аз ақша бірлігін сатып алу және сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына қалдықты қалпына келтіру үшін ақша жетпеген жағдайда;

      құқықтық мирасқордың сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастаудың ҚБШ;

      8) сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотында:

      қарыз берушіге мемлекеттік қарыз беру туралы халықаралық шарттың талаптарына сәйкес немесе донорға байланысты грант туралы шарттың талаптарына сәйкес;

      құқықтық мирасқордың сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына;

      9) сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына берілген шотта:

       сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына соманы кейіннен қалпына келтіре отырып, шетел валютасындағы ақша қалдығын валютаға қайта айырбастауды жүзеге асыру жолымен пайдаланылмаған ақша

      қалдығын аудару үшін төлеуге берілетін шот ("Қазынашылық-клиент" АЖ-да электрондық бейне қалыптастырады), төлем тапсырмасын немесе шетел валютасын қайта айырбастауға өтінімді ұсынады";

      Ескерту. 123-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 12.07.2017 № 431; өзгеріс енгізілді - 06.09.2017 № 543 (халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2018 және халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.11.2018 № 1046; 14.12.2018 № 1089 бұйрықтарымен.

      123-1. Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің аумағында бюджет қалыптастырылған жағдайда Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген түсімдерден, жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБШ-да есепті қаржы жылының соңында пайдаланылмай қалған қаражат қалдықтарын тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің аппараты аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің тиісті бюджетінің түсімдері есебіне жатқызады.

      Ескерту. Қағида 123-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы министрінің 06.09.2017 № 543 бұйрығымен.

  1. Мемлекеттік мекеме немесе квазимемлекеттік сектор субъектісі қайта ұйымдастырылған және елтаңбалық мөр жойылған және қайта ұйымдастырылған мемлекеттік мекеменің немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінің қаржы құжаттарына қол қою құқығы бар адамдардың болмауы себепті осы жабылатын ақылы қызметтердің, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, жергілікті өзін-өзі басқарудың, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастаудың ҚБШ, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотындағы, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шоттарына квазимемлекеттік сектор субъектісінің шотына ашылатын шоттағы ақшаның қалдығын Ереженің 123-тармағында көзделген жұмсау бағыттары бойынша аудару үшін төлеуге арналған шотты немесе төлем тапсырмасын беру мүмкіндігі болмаған жағдайда, құқықтық мирасқор қайта ұйымдастырылған мемлекеттік мекемеге немесе квазимемлекеттік сектор субъектісіне қызмет көрсеткен аумақтық қазынашылық бөлімшесіне жабылатын ақылы қызметтер, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру, жергілікті өзін-өзі басқарудың, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастаудың ҚБШ, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотындағы, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шоттарына, квазимемлекеттік сектор субъектісінің шотына ашылатын шоттағы ақша қалдығын Ереженің 123-тармағында көзделген жұмсау бағыттары бойынша аудару туралы қолдаухат жібереді. Құқықтық мирасқордың шотына немесе ҚБШ-ға ақша қалдығын аударған жағдайда қолдаухатқа құқықтық мирасқорлығын растайтын құжаттар қосымша қоса беріледі.
Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы
Дата публикации
04 декабря 2014