
Атаулы әлеуметтік көмек
2026 жылы атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге 23 146 адамға 2,5 млрд. теңге (оның ішінде: 1,8 млрд.теңгеден астамы – облыстық бюджеттен, 0,7 млрд. теңге – қалалық және аудандық бюджеттен) жоспарланған.
Кедейлiк шегi 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап халықтың орташа табысының 35% -ы мөлшерiнде, бiрақ ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 70% -ынан төмен емес мөлшерде айқындалады.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі учаскелік комиссиялар үшін атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткерлерді тексеру кезінде автоматтандыру және формальды тәсілді болдырмау мақсатында FSM Social мобильді қосымшасын әзірледі.
Мобильдік қосымшаны енгізудің артықшылығы:
- геолокацияны анықтау (өтініш берушінің нақты географиялық орналасқан жері);
- жедел шешім қабылдау және қорытынды шығару рәсімін оңайлату;
- зерттеу жүргізу және шешім шығару кезінде формальды тәсілді болдырмау.
Ағымдағы жылдың алғашқы жартыжылдығында 2 104 отбасыға (10 821 адам) 795,6 млн. теңге сомасында атаулы әлеуметтік көмек және мектепке дейінгі жастағы 3 046 балаға 79,9 млн. теңге сомасында 1,5 АЕК (5 898 теңге) мөлшерінде қосымша көмек төленді.
Азаматтардың жекелеген санаттарына санаторлық-курорттық емделу
Абай облысы мәслихатының 2022 жылғы 21 қыркүйектегі № 7/37 – VII шешіміне сәйкес, «Абай облысының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына арналған «KARAGAILY» Семей медициналық-әлеуметтік мекемесінің базасында санаторлық-курорттық емдеуді ұйымдастыру» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы аясында 2022–2027 жылдарға жалпы сомасы 1 651 924,0 мың теңге көлемінде мемлекеттік міндеттемелер қабылданды.
Соның ішінде:
- 2022 жыл - 91 183,0 мың теңге;
- 2023 жыл - 310 654,0 мың теңге;
- 2024 жыл - 305 264,5 мың теңге;
- 2025 жыл – 222 826,5 мың теңге;
- 2026 жыл - 359 492,0 мың теңге;
- 2027 жыл – 362 504,0 мың теңге.
2022 жылдың шілде айынан бастап емделушілерді қабылдау басталды. Жалпы 5 жыл ішінде санаторлық-курорттық емдеумен 9 775 адамды (2022 ж. – 707, 2023-2026 жж. - по 1955 адамнан, 2027 ж. –1248) қамту жоспарланған.
Санаторлық-курорттық емделу ҰОС ардагерлеріне, тыл ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген басқа мемлекеттердің аумағындағы соғыс ардагерлеріне, сондай-ақ, жасы ұлғайғанына (қарттығына) байланысты өз-өзін күтуден қалған адамдарға беріледі. Санаторийда болу мерзімі - 12 күн, қызметтің бір күнгі құны - 11 784 теңгені құрайды (жеке әріптестің бизнес-жоспарына сәйкес).
Мемлекеттік міндеттемелер қабылданған сәттен бастап 7 260 адам санаторлық-курорттық емдеумен қамтылды (2022 жылы - 650, 2023 жылы - 2 202, 2024 жылы - 2 241, 2025 жылы – 1626, 2026 жылдың басынан бастап - 541).
Отбасын қолдау орталықтары
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Т.Д.Дүйсенованың 2023 жылғы 21 шілдедегі (2023 жылғы 21 шілдедегі № 16-04/05-3638 хаттама) тапсырмасын орындау үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен Орталықтарды ашу жөніндегі 2026-2028 жылдарға арналған жоспар бекітілді.
Бүгінгі таңда облыста 4 орталық (Семей, Курчатов қалаларында және Бородулиха, Абай аудандарында) құрылған.
Анықтама ретінде: 2024 жылғы 15 сәуірде Қазақстан Президенті Қ.Ж. Тоқаев әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі заңға қол қойды. Заңмен «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (2011 жылғы 26 желтоқсандағы) тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету үшін отбасын қолдау орталықтарын (бұдан әрі - Орталық) құру бойынша түзетулер енгізілді.
Заңға сәйкес (5-1-баптың 1-тармағы) Орталықтар аудандардағы және қалалардағы жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмi бойынша жергiлiктi атқарушы органдардың жанынан құрылады.
Отбасының цифрлық картасы
10.01.2026 жылға арналған ақпараттық базада D және Е отбасыларының саны 39 051 отбасыны құрады, жеткізілген жоспарға сәйкес 2026 жылдың соңына қарай 35 768 отбасыға дейін төмендетуді қамтамасыз ету қажет (3 282 отбасыға немесе 39 051 7% -ға төмендету).
2026 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша Д және Е категориялары бойынша 39 779 отбасыны құрайды.
Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтiк көмек табысы ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 70 %-ынан төмен отбасыларға немесе азаматтарға шартсыз немесе шартты ақшалай көмек түрiнде тағайындалады.
Сөзсiз ақшалай көмек келесi тұлғаларға көрсетiледi:
1) келесi себептерге байланысты жұмыспен қамту шараларына қатысуға мүмкiндiктерi шектеулi жалғызбасты және (немесе) жалғыз тұратын аз қамтылған тұлғаларға:
- зейнеткерлiк жасқа жетуiне орай;
- 1 және 2-топтағы мүгедек болып табылса; -екi айдан астам мерзiмге уақытша еңбекке қабiлетсiздiк орнатылуы мүмкiн ауруы бар болса.
2) барлық еңбекке қабiлеттi мүшелерi 1 немесе 2-топтағы мүгедек болып табылатын және (немесе) екi айдан астам уақытқа уақытша еңбекке қабiлетсiздiк орнатылуы мүмкiн аурулары бар және (немесе) жетi жасқа дейiнгi балаға, мүгедек-балаға, 1 немесе 2-топтағы мүгедекке, қарт адамға күтiмдi жүзеге асыратын аз қамтылған отбасыларға. Ағымдағы тоқсанға тағайындалады және ай сайын төленедi. Көмектi алуға құқық тоқсан сайын келесi мәлiметтердi ұсыну арқылы расталады:
- отбасы мүшелерiнiң алған табыстары туралы;
- отбасы құрамы туралы.
Негiзделген ақшалай көмек — жалғыз басты және (немесе) жалғыз тұратын аз қамтылған еңбекке қабiлеттi адамдарға, оған қоса жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң және (немесе) қажет болған жағдайда әлеуметтiк бейiмдеу шараларына қатысу шартымен құрамында еңбекке қабiлеттi мүшесi (мүшелерi) бар аз қамтылған отбасыларға көрсетiледi. 6 айға ұзарту мүмкiндiгiмен тағы 6 айға дейiн тағайындалады. Тағайындаудың мiндеттi шарты болып:
- жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына және (немесе) бейiмдеу бағдарламаларында қатысу бойынша тараптардың мiндеттемелерi көрсетiлетiн әлеуметтiк келiсiмшарт жасасу;
- аз қамтылған отбасылардағы еңбекке қабiлеттi мүшелердiң жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына және әлеуметтiк бейiмдеу бағдарламаларына қатысуы.
Аз қамтылған отбасының еңбекке қабiлеттi мүшелерi Нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамыту бағдарламасы шеңберiнде оқу шығыстарын төлеу, әлеуметтiк еңбек орындарындағы жалақының 35%-ын субсидиялау, оқу орындары түлектерiне арналған жастар тәжiрибесiн төлеу немесе жеңiлдiк шарттар қарастырылған микрокредит түрiнде мемлекеттiк қолдау ала алады.
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың, босқындардың, шетелдіктердің және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, азаматтығы жоқ адамдардың атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар (КД – отбасының өткен тоқсандағы кірісі мүшесіне 22792 теңге аспайтын).
Атаулы әлеуметтік көмекті алу мәселесі бойынша белгіленген үлгідегі өтініші мен сәйкестендіру үшін жеке басын куәлендіретін құжатын алып тұрақты тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына немесе «Электрондық үкімет» E-gov веб-порталы арқылы өтініш беруге болады.
Өтініш білдіру кезінде сізге толық кеңес беріледі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тағайындау (бас тарту) мәселесі қарастырылады.