
Оспанов Руслан Айдарханович 1990 жылғы 23 шілдеде бұрынғы Семей облысы, Жарма ауданы, Воронцовка ауылында дүниеге келген.
2012 жылы Қазақстан гуманитарлық-заң инновациялық университетін «Қаржы» мамандығы бойынша тәмамдаған.
03.08.2009 – 21.12.2009 – жастар тәжірибесінен өтті, Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы, Қалбатау ауылы.
07.10.2010 – 01.07.2011 – салық инспекторы, «Жарма ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы.
13.12.2012 – 05.07.2013 – стационарлық сауда нүктесінің менеджері, Семей қаласындағы филиалдың сату бөлімі, «Қазкоммерц-Полис» акционерлік қоғамы, Семей қаласы.
15.07.2014 – 06.06.2016 – есепші, «Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Аршалы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
07.06.2016 – 15.05.2017 – бас маман, «Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Ақжал ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
03.01.2018 – 01.04.2019 – ассистент, «Жарма ауданы әкімдігінің Жарма ауданының халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
07.09.2020 – 28.03.2022 – ассистент, «Жарма ауданы әкімдігінің Жарма ауданының халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
29.03.2022 – 30.10.2023 – Жарық ауылдық округінің әкімі, «Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
16.01.2024 – 03.07.2024 – жұмыс берушілермен жұмыс жөніндегі маман, «Абай облысы Семей қаласының Мансап орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
04.07.2024 – 27.04.2026 – директор, «Абай облысы Мақаншы ауданының Мансап орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
28.04.2026 жылдан бастап – директор, «Абай облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Абай облысының еңбек мобильділігі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.