GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Акимат города Семей
Меню
Страницы
Байланыс ақпараты
Әкім аппараты
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Қызметі
Онлайн қабылдау
Әкім аппараты
Қызметі
Онлайн қабылдау
Әкім аппараты
Все материалы
22 октября 2026
Құрметті Семей қаласының тұрғындары мен қонақтары!

Республика күніне орай 25 қазан күні сағат 10:30-да Бейбітшілік аралындағы Рәміздер алаңында Мемлекеттік Туды көтеру салтанатты рәсімі өтеді.

Мерекелік бағдарлама «Мәңгілік жаса, қыран елім – Қазақстан!» атты концертпен жалғасады. Концертте Өмірқұл Айниязов, Ұшқын Жамалбек, Ақбота мен Серікбол, сондай-ақ «ETHNO ARLAN» және «Семсер» топтары өнер көрсетеді.

Қала тұрғындары мен қонақтарын ұлттық мерекемізге арналған салтанатты іс-шараға қатысуға шақырамыз!

Спорт және туризм
20 октября 2026
Қазақстан Республикасының Күніне орай туристтік көпсайыстан Ашық қала чемпионаты өтті

2026 жылғы 16–18 қазан аралығында Семей қаласының Геологоразведочный колледжінде Республика күніне арналған туристтік көпсайыстан Ашық қала чемпионаты өтті.  

Жарысқа қатысушылар үш жас санаты бойынша бақ сынасты.

20 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?

БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар

1) БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын белгіленген кесте бойынша төлем ретінде алуға кімдер құқылы?

Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес, БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар мынадай тұлғаларға міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МКЗЖ) есебінен белгіленген кесте бойынша ай сайынғы зейнетақы төлемдері жүзеге асырылады:

  • зейнет жасына толған адамдар (ерлер – 63 жас, әйелдер – 61 жас (2028 жылдан бастап әйелдердің зейнет жасы жыл сайын 6 айға ұлғайып, 2031 жылы 63 жасқа жетеді));
  • 55 жасқа толған, зейнетақы төлемін алуға өтініш берген кезде өздері үшін жиынтығында кемінде күнтізбелік 84 ай бойы МКЗЖ төленген, уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен өндірістердің, жұмыстардың және жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесінде көзделген зиянды еңбек жағдайларындағы жұмыстарда еңбек қызметін тоқтатқан адамдар;
  • бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі мерзімсіз белгіленген адамдар.

Ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған жинақтар бойынша зейнетақы төлемдерін жалпыға бірдей белгіленген зейнет жасына жетпей-ақ, яғни 50 жастан бастап алуға болады. Сонымен қатар ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдері мүгедектік тобына және оның белгіленген мерзіміне қарамастан, мүгедектігі бар адамдарға да беріледі. Бұл ретте төлемдерді алу кестесін салымшы өзі дербес белгілейді.

2) Кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшері қалай есептеледі?

Кесте бойынша зейнетақы төлемдері мынадай тәртіппен есептеледі: төлемдерді алудың бірінші жылында зейнетақы жинақтарының сомасы 6,5% мөлшеріндегі зейнетақы жинақтарының төлем мөлшерлемесіне көбейтіліп, 12-ге бөлінеді. Кейінгі жылдары ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері зейнетақы төлемдерін индекстеудің 5% мөлшерлемесіне сәйкес ұлғайтылады. Бұл ретте БЖЗҚ-дан төленетін ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің (бұдан әрі – ЕТК) кемінде 70%-ын құрауға тиіс.

Алушылардың жекелеген санаттары үшін, атап айтқанда, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі мерзімсіз белгіленген адамдарға, сондай-ақ зиянды және қауіпті өндірістерде жұмыс істеген, жинақтары жиынтығында кемінде 60 ай бойы төленген міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан адамдарға қатысты Әдістемеде ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшерін арттыратын түзету коэффициенттері көзделген. Егер алушы жоғарыда аталған талаптардың бірнешеуіне бірдей сәйкес келсе, мәні ең жоғары түзету коэффициенті қолданылады.

55 жасқа толған және өздері үшін жиынтығында кемінде 84 ай бойы МКЗЖ төленген адамдарға зейнетақы төлемдерін есептеу және жүзеге асыру кезінде:

  • зейнетақы төлемінің мөлшеріне қатысты ЕТК-нің кемінде 70%-ын құрауы тиіс деген ең төменгі шек қолданылмайды;
  • түзету коэффициенттері қолданылмайды;
  • жеке зейнетақы шотындағы ЕТК-нің 70%-ынан аз қалдық кезекті зейнетақы төлемінің сомасымен бірге төленбейді.

Айта кетейік, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері алушының зейнетақы жинақтары толық таусылғанға дейін жүзеге асырылады.

Егер БЖЗҚ-дан төлем жүзеге асырылатын күнгі зейнетақы жинақтарының сомасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі зейнетақының он екі еселенген мөлшерінен аспаса, жинақтар біржолғы төлем түрінде беріледі.

3) Зейнет жасына толуына байланысты БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын алу үшін қайда және қашан жүгіну қажет?

Зейнет жасына толуына байланысты міндетті зейнетақы жарналары есебінен БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен базалық және ынтымақты зейнетақыны тағайындату үшін алушылар тұрғылықты жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына (ХҚКО) уақытылы жүгінуі қажет. Өтінішті зейнет жасына толғанға дейін 10 күн бұрын беруге болады. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің барлық түрі өтініш берілген күннен бастап жүзеге асырылады. Бұл ретте алушы зейнет жасына толған болса, ХҚКО-да өтініш пен қажетті құжаттар тіркелген күн өтініш берілген күн болып есептеледі. Ал егер өтініш зейнет жасына толғанға дейін берілсе, зейнет жасына толған күн өтініш берілген күн болып саналады. Мемлекеттік бюджеттен төленетін зейнетақыны алу үшін уақытылы жүгінудің маңызы ерекше. Себебі оны тағайындау кезінде алушы ұсынған құжаттар негізінде еңбек өтілін тексеру қажет. Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен зейнетақы төлемдері өмір бойы, ал БЖЗҚ-дан алушының зейнетақы жинақтары толық таусылғанға дейін жүзеге асырылады.

Естеріңізге сала кетейік, 50 жасқа толған немесе мүгедектігі бар адамдар ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған жинақтарын алу үшін БЖЗҚ-ның сайтындағы немесе мобильді қосымшасындағы жеке кабинет арқылы, сондай-ақ Қордың кеңсесіне барып өтініш бере алады.

4) Қандай жағдайларда ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдері автоматты түрде тағайындалады?

Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес, ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдері ЕЗЖ есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта және БЖЗҚ-ның зейнетақы қағидаларында айқындалған тәртіп пен талаптар бойынша жүзеге асырылады. Осыған байланысты 2026 жылғы наурыз айынан бастап зейнет жасына толған, БЖЗҚ-да ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары бар, бірақ бұған дейін 50 жасқа толуына немесе мүгедектігіне байланысты оларды алу үшін Қорға өтініш бермеген адамдарға ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін өтінішсіз тағайындау тәртібі енгізілді.

ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін (жинақтары болған жағдайда) өтінішсіз жүзеге асыру тәртібі мыналарды көздейді:

  • азамат зейнет жасына толуына байланысты мемлекеттік бюджеттен зейнетақы және міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен төлемдер алу үшін белгіленген тәртіппен Мемлекеттік корпорацияға өтініш берген кезде БЖЗҚ-ның ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін автоматты түрде тағайындауы;
  • Мемлекеттік корпорациямен жыл сайын жүргізілетін салыстырып-тексеру нәтижелері бойынша проактивті қызмет аясында ЕЗЖ есебінен төлемдерді жүзеге асыру. Бұл ретте әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесінде аталған адамдарға мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің және (немесе) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің тағайындалғаны туралы мәліметтердің болуы тексеріледі.

5) Бірінші немесе екінші топтағы мүгедектік мерзімсіз белгіленуіне байланысты зейнетақы жинақтарын алу үшін қайда жүгіну қажет?

Бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі мерзімсіз белгіленген адамдар зейнетақы жинақтарын алу үшін БЖЗҚ бөлімшелеріне жүгіне алады. Сондай-ақ Қордың ресми сайтындағы (enpf.kz) немесе БЖЗҚ мобильді қосымшасындағы жеке кабинет арқылы электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдалана отырып, өтініш беруге болады.

Назар аударыңыздар! БЖЗҚ-да бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі мерзімсіз белгіленген адамдар үшін көшпелі қызмет көрсету ұйымдастырылған. Бұл ретте алдын ала кеңес беріледі, оның ішінде Қор қызметтерін маманның баруынсыз, қашықтан алу мүмкіндігі де тексеріледі.

6) БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін рәсімдеуге қажетті құжаттардың тізімімен қайдан танысуға болады?

БЖЗҚ-ның enpf.kz ресми сайтындағы «Қызметтер – Зейнетақы төлемдері» бөлімінде зейнетақы төлемінің түріне және құжаттарды ұсыну тәсіліне қарай қажетті құжаттардың тізбесі, оларды ресімдеуге қойылатын талаптар, өтініш бланкілері мен оларды толтыру үлгілері, сондай-ақ сенімхат үлгісі орналастырылған.

Сонымен қатар сайттың «Онлайн-сервистер» бөлімінде БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу үшін ұсынылатын құжаттарды алдын ала тексеру мүмкіндігі қарастырылған.

Сервистің атауы – «Төлемге арналған құжаттарды алдын ала тексеру»:  https://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/checkdoc.php    

15 октября 2026
Қала әкімі азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады

Бүгін қала әкімі Әділет Нұрсағатұлы азаматтарды қабылдау орталығында тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға бөлім басшылары, «Отбасы банк» АҚ және коммуналдық қызмет өкілдері қатысты.

Жеке қабылдау барысында тұрғын-үй мәселелері, абаттандыру, көшелерді жарықтандыру, жол инфракұрылымы, жұмыспен қамту, әлеуметтік көмек, жер және қоқыс шығару мәселелеріне қатысты сұрақтарды көтерді.

Әділет Нұрсағатұлы қабылдауда азаматтардың өтініштерін тыңдап, әр мәселенің шешу жолдарын заң аясында түсіндіріп, тиісті бөлім басшыларына тапсырмалар берді. Тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтар мен көтерген мәселелердің назардан тыс қалмайтынын айтты.

БАҚ үшін..
14 октября 2026
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Бұқаралық ақпарат құралдары мен онлайн-платформаларды пайдаланушыларға сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастырудың ақы мөлшері мен шарттары туралы мәліметтерді жариялау жөнінде

Бұқаралық ақпарат құралдары мен онлайн-платформаларды пайдаланушылар Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағына сәйкес сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталғанға дейін бес күннен кешіктірмей, яғни 2026 жылғы 27 қазанға дейін, шарттық негізде ұсынылатын үгіт материалдарын орналастырудың ақы мөлшері мен шарттары туралы мәліметтерді жариялауға және оларды аумақтық сайлау комиссиясына ұсынуға тиіс.

Шарттық негізде эфир уақытын, баспасөз алаңын және ақпарат көлемін ұсынатын бұқаралық ақпарат құралдары мен онлайн-платформаларды пайдаланушылар үгіт материалдарын орналастырудың ақы мөлшері мен шарттары туралы мәліметтер жарияланғанға дейін партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруды және таратуды жүзеге асыра алмайды.

Үгіт материалдарын орналастырудың ақы мөлшері мен шарттары туралы мәліметтерді мынадай электрондық пошта мекенжайларына жолдауға болады: tic_semey_obl@saylay.kz

Мәслихаттар депутаттарының сайлауы - 2026
13 октября 2026
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

2026 жылғы 13 қазанда Семей қаласының аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті.

Отырыста 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған мәслихат депутаттарының сайлауын әзірлеу мен өткізу мәселелері қаралды.

Аумақтық сайлау комиссиясы:

  • сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекітті;
  • сайлау комиссияларының құрамдары, сайлау округтері, тиісті тізімдерді жариялау және сайлаушыларды хабардар ету мәселелерін қамтитын сайлау инфрақұрылымының жай-күйін қарады;
  • учаскелік сайлау комиссияларының жұмыс кестесін бекітті.

Отырыс қорытындысы бойынша тиісті қаулылар қабылданды.

 

Семей қаласының аумақтық сайлау комиссиясы

12 октября 2026
Тұрсынғазы Рахимовтың 75 жылдығына арналған республикалық ән байқауы өтуде

Семей қаласында қазақ ән өнерінің көрнекті өкілі, сырлы сазгер Тұрсынғазы Рахимовтың 75 жылдық мерейтойына арналған республикалық ән байқауының ашылу салтанаты өтті.

Салтанатты шарада қала әкімі Әділет Нұрсағатұлы құттықтау сөз сөйлеп, ұлттық өнерді ұлықтау мен сазгер мұрасын насихаттаудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ Тұрсынғазы Рахимовтың жұбайына құрмет көрсетіп, қазақы дәстүрге сай камзол кигізді.

Ашылу рәсімі аясында көрермен назарына Қуат Қиықбайдың сазгердің өмірі мен шығармашылығына арналған «Ән бесік» драма-концерті ұсынылды. Қойылымның режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жұлдызбек Жұманбай.

Республикалық байқауға еліміздің әр өңірінен келген 21 өнерпаз қатысып, сазгер мұрасын дәріптеу арқылы қазақ ән өнерінің сабақтастығын жалғастыруға үлес қосуда.

Мәдениет
09 октября 2026
Кітап – адамзат қазынасы

«Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің Цемент кентіндегі кітапхана-бөлімшесінің қызметкерлері «100 кітап» жобасы аясында «Кітап – адамзат қазынасы» атты кітапханалық квест өткізді. 

 Іс-шараның басында кітапхана қызметкері отандық және әлемдік әдебиетті насихаттауға, өскелең ұрпақтың кітап оқуға деген  қызығушылығын арттыруға бағытталған «100 кітап» ұлттық жобасының тарихы және оның оқу мәдениетін дамытудағы маңызы туралы ақпарат берді.

Әрі қарай қатысушыларға Абайдың «Қара сөздері» мен өлеңдері, Шәкәрімнің «Еңлік-Кебек» поэмасы және Міржақып Дулатұлының «Бақытсыз Жамал» романы сынды жобаға енген бірнеше кітап таныстырылды.

Шара жалғасында бірнеше кезеңді қамтитын кітапханалық квест болды. Әр кезеңде әдебиет, кітап және оқу тақырыптарына байланысты сұрақтар ұсынылды. Әр дұрыс жауап қатысушыларға квесттің келесі кезеңіне өтуге мүмкіндік берді.

Бірінші кезеңде қатысушылар танымал әдеби шығармалардың аттары бойынша олардың авторларын анықтады.

Келесі екінші кезең ұсынылған үзінді бойынша авторды тапты.

Үшінші кезең жастардың ерекше қызығушылығын тудыратын шығармалар мен тұлға психологиясы, эмоциялар мен тұлғааралық қатынастар туралы білімді кеңейтуге ықпал ететін заманауи психологиялық әдебиеттермен танысуға арналды.

Қорытынды кезең қатысушылардың сүйікті кітаптарына арналды. Әрбір қалаушы өзіне ерекше әсер қалдырған шығарма туралы айтып, қызығушылықтарымен бөлісті және неліктен дәл осы кітап оның жеке оқу тарихында маңызды орын алатынын түсіндірді.

 

 

 

 

 

Қалалық орталық кітапхана

Мәдениет
09 октября 2026
Күздің алтын жапырақтары

«Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің №6 кітапхана-бөлімшесінің қызметкерлері «Шебер қолдар» үйірмесі аясында экологиялық тәрбие беруге арналған «Күздің алтын жапырақтары» атты ойын-сайыс өткізді.

Кітапхана қызметкері шараны күз мезгілінің ерекшеліктері туралы танымдық әңгімеден бастап, қатысушыларды табиғаттағы маусымдық өзгерістермен таныстырды. Көкөністер, жемістер мен жидектердің пісуіне, ауа температурасының төмендеуіне, жапырақтар түсінің өзгеруіне, сондай-ақ жыл құстарының не себептен жылы жаққа ұшып кететініне тоқталды.

Іс-шара барысында оқушылар «Жемістер» және «Көкөністер» болып екі топқа бөлініп, түрлі танымдық және шығармашылық тапсырмаларды қамтитын «Ұйқасын тап», «Сөзді жалғастыр», «Кім жылдам», «Мәнерлеп оқу» сияқты кезеңдерден тұратын ойын-сайысқа қатысты.

Ойын-сайыс соңында «Жемістер» және «Көкөністер» топтары арасында нәтижелер қорытындыланып, тақырыптағы көркем және танымдық материалдарды қамтитын «Күз - береке, күз - мереке» атты тақырыптық кітап сөресіне шолу жасалды.

 

 

Қалалық орталық кітапхана

09 октября 2026
ТҰРҒЫНДАРДЫҢ НАЗАРЫНА!

 2026 жылғы 9 қарашада сағат 11.00-де Абай атындағы облыстық кітапхананың залында (Абай көшесі 86, 2 қабат) Семей қаласы мәслихатының тұрақты комиссияларында Семей қаласының бірқатар көшелерін қайта атау туралы  көпшілік тыңдаулар өткізіледі. 

 

Қалалық мәслихат аппараты

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы