Бобровка және Мұрат саяжай тұрғындарына түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Бобровка және Мұрат саяжай тұрғындарына түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Семей қалалық әкімдігінде мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы Марат Төлеген қала әкімінің тапсырмасына сәйкес Бобровка және Мұрат саяжай алабының тұрғындарына жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттарын заң жүзінде рәсімдеу және заңдастыру туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Жиын барысында тұрғандар өздерін алаңдатқан сұрақтарына жауап алды. Еске сала кетейік, Бобровка және Мұрат тұрғындары әкімнің жеке қабылдауларында болып, өз мәселелерін жеткізген болатын.

Тұрғындарға жылжымайтын мүлікті иелену мерзіммен және өз бетінше салынған құрылыс бойынша меншік құқығын тану үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес сотқа талап қою алгоритмі берілді. Сондай-ақ кепілді мемлекеттік заң көмегін тегін алуға кімнің құқығы бар екендігі түсіндірілді.