«Жолдау жолдарынан»

«Жолдау жолдарынан»

Семей қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің қызметкерлері ҚР Президентінің Жолдауы, бағдарламалық мақалалары бойынша «Жолдау жолдарынан» атты жеке пікір сағатын өткізді.
Кітапхана қызметкері кіріспе сөзінде Жолдау мазмұнының өзектілігіне, мерзімділігіне, басым бағыттарына тоқталып өтіп, кез келген мемлекеттің басты тірегі халық болып табылатынын түсіндірді.
Шара барысында қатысушылардың еліміздің бірлігі мен өзара достығы, әлеуметтік қолдауды одан әрі дамыту, қоғамдық сұхбат, ашықтық, мемлекеттік органдар қызметінің басты басымдықтары болып табылатын адамдардың қажеттіліктеріне жедел ден қою жайында өз пікірлерін білдірді.
Іс-шара қорытындысында мемлекет басшысының үндеулерінде азаматтардың жарқын болашаққа деген сенімін арттыруға қабілетті көптеген ұтымды ұсыныстары жайлы сөз болды.
Қатысушылардың назарына «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты кітап көрмесі ұсынылып, әдебиеттерге библиографиялық шолу жасалды.

 

Қалалық орталық кітапхана