
«Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің қызметкерлері «Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің қолдауымен Youtube арнасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Дәстүр мен ғұрып» арнайы жобасын іске асыруға арналған «Қазіргі заман және салт-дәстүрді жаңғырту» тақырыбындағы сұхбат бейнежазбасын жариялады.
Мақсаты: қазақ халқының мәдениеті, салт-дәстүрлері туралы түсінік қалыптастыру, жалпыұлттық құндылықтарды сақтау және нығайту.
Бірнеше ғасырлар бойы қалыптасқан қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары бір-бірімен үйлесім тауып, қазақ өмірінің түрлі сәттерін қамтып қана қоймай, ұрпақтар сабақтастығы мен байланысын қалыптастырады.
Сұхбат қазақ халқының үлкендерге деген құрмет, ынтымақшылдық пен төзімділік, ашық қарым-қатынас, қонақжайлылық және қоршаған әлеммен үйлесімділікте өмір сүруге деген ұмтылысы тәрізді басты мәдени құндылықтарын ашып көрсетті. Қатысушылар ұлттық рухты көтеретін, жоғары тәрбиелік және адамгершілік құндылығы бар қазақ дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының жандануы туралы білді. Сондай-ақ, Қазақстан мәдениетінің бір бөлігін құрайтын тұрмыс, салт-дәстүр, мәдениет, халық шығармашылығының алуан түрлілігі мен өнердің өзіндік ерекшелігі туралы түсініктерін байыта түсті.
Шара қонағы - суретші, мүсінші, ағаш шебері Аймуханбетов Құрман Абайұлы сұхбат беріп, көрермендерді өз қолынан шыққан мүсіндермен таныстырып өтті.
Іс-шара қазақ халқының рухани мұрасын талдауға және өзектілігін арттыруға өз септігін тигізді.
Қалалық орталық кітапхана