
«Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің қызметкерлері «Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің қолдауымен Instagram әлеуметтік желісінде сыбайлас жемқорлықпен күрес бағытына арналған «Сыбайлас жемқорлық – қоғамға төнген қауіп» атты ескерту сабағын өткізді.
Мақсаты: құқықтық сананы тәрбиелеу, құқықтық мәдениетті арттыру, белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру.
Тікелей эфир қонағы «Шығыс – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджері Кенжеғазин Думан өз сөзінде сыбайлас жемқорлық ежелгі дәуірде пайда болғанын және қазіргі уақытта күрделі әлеуметтік құбылыс ретінде өмір сүруді жалғастырып келе жатқанын, өкінішке орай, сыбайлас жемқорлық қоғамның барлық салалары мен әртүрлі нысандарынан көрініс табатынын атап өтті.
Қатысушылар сыбайлас жемқорлық ұғымы нені білдіретінін, тұрақты сыбайлас жемқорлық әрекеттің салдары қандай болатынын, сыбайлас жемқорлықтың құқықтық және этикалық екі құрамдас бөлігі туралы білді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың пайда болу нысандарымен, сыбайлас жемқорлық әрекеті үшін қылмыстық жауапкершілік нормаларымен танысты.
Қалалық орталық кітапхана