2021 жылдың 7 маусымында қалалық Достық үйінде дөңгелек үстел өтті

2021 жылдың 7 маусымында қалалық Достық үйінде дөңгелек үстел өтті

2021 жылдың 7 маусымында қалалық Достық үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс - шаралар аясында "Отбасы –бұл үлкен бақыт" тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Оның мақсаты отбасылық құндылықтар мен дәстүрлерді насихаттау, ана мен әкенің беделін арттыру, отбасы институтының беделін нығайту болды.
Дөңгелек үстел жұмысына ҚХА мүшелері Г.Ахунжанов, О. Шарипбаев, А. Губанов, сондай-ақ № 6 гимназияның мұғалім-психологы Т. Касымханов, педагогикалық колледж оқытушысы А. Нұрланова, Семей қалалық сотының өкілі А.Әбілқасымова, "Семей қалалық Казак этно-мәдени орталығы " ҚБ төрағасының орынбасары Я. Радионова, "Отбасы Орталығы" ҚҚ атқарушы директоры Л. Асташкина, Семей қ. ПБ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі аға инспекторы Д. Амренова, ШҚО татар қоғамдық орталығының белсендісі З. Макаева қатысты.
"Уют" балалар студиясы тәрбиеленушілерінің жұмыстарының көрмесін "Орыс әлеуметтік-мәдени орталығы" ҚБ төрайымы А.Клиновицкая ұсынды. Өз қол өнер жұмысын қазақ сәндік-қолданбалы өнерінің шебері, "Айша бибі "Қалалық Қазақ Мәдени Орталығы" ҚБ белсендісі Қ.Төлеубаева көрсетті.
Іс-шараға қатысушылар отбасы институтын нығайту жөніндегі жұмыстағы проблемаларды талқылады, қазақстандық қоғамның рухани-адамгершілік негіздерін жаңғырту және дамыту ісінде күш-жігерді біріктіру үшін барлығын сындарлы ынтымақтастыққа шақырды.

 

Семей қ. Достық үйі