Онлайн семинар өткізілді

Онлайн семинар өткізілді

«Ақыл- ойы бұзылған тұлғалардың үйде қауіпсіздік техникасы негіздерін және өзін- өзі ұстау ережелерін қалыптастыру» атты онлайн семинар өткізілді.
«ШҚО Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің әлеуметтік қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Ақыл- ойы бұзылған тұлғалардың үйде қауіпсіздік техникасы негіздерін және өзін- өзі ұстау ережелерін қалыптастыру» атты семинар онлайн түрінде өтті.
Семинардың мақсаты: үйдегі қауіпсіздік ережелерімен, қауіпті заттармен және олардан сақтану жолдарымен таныстыра отырып,кеңес беру, бір-бірімен тәжірибе алмасу және жаңадан келген қызметкерлерге әдістемелік көмек көрсету. Семинарда тақырыпқа сай материалдар талқыланып, сергіту сәттері орындалып, қауіпсіздік ережелерін сақтау әдістері слайд арқылы көрсетілді. Семинардан әріптестер өздеріне қажетті мәліметтер алып, өзара пікір бөлісті.

 

Жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және тіркеу бөлімі
азаматтық хал актілерін