
2022 жылғы 28 маусымда сағат 11.00-де Карменов көшесі, 47А мекенжайындағы № 10 жалпы орта білім беру мектебінің ғимаратында Семей қаласының әкімі Б. К. Байахметовтің Цементшілер кенті, Степной, Нахаловка, Западный кенттері, 14-ықшамаудан, 905 құрылыс ауданының тұрғындарымен кездесуі өтеді.
Кездесуге қалалық әкімдік бөлімдерінің, коммуналдық кәсіпорындардың басшылары және Семей қаласы мәслихатының депутаттары шақырылады.
Құрметті Цементшілер кенті, Степной, Нахаловка, Западный кенттері, 14-ықшамаудан, 905 құрылыс ауданының тұрғындары!
Сіздерді қала әкімінің кездесуіне белсене қатысуға, сіздерді қызықтыратын сұрақтар қоюға және біздің туған қаламызды одан әрі дамыту бойынша ұсыныстар енгізуге шақырамыз!
Сондай-ақ, осындай кездесулер жыл бойы Семей қаласының барлық аудандарында өтетінін хабарлаймыз.