
2022 жылғы 26-27 мамырда "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы" РМҚК Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы Семей қаласының учаскелік референдум комиссияларының төрағалары, төраға орынбасарлары және мүшелері үшін "Республикалық референдум: құқықтық негіздер, референдум комиссияларының жұмысын ұйымдастыру" тақырыбында оқыту семинарын өткізеді. Оқыту Абай атындағы кітапханада және Достық үйінде өткізіледі, 1043 адамды қамтиды.