
Конкурсқа қатысу тәртібі: Конкурсқаға қатысушы ретінде тіркелу үшін мынадай құжаттарды беру қажет: байқауға қатысуға өтінім; жеке басты куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін); кепілдік жарна енгізілгенін растайтын төлем құжаты; өкілдің өкілеттіліліктерін куәландыратын құжат.
Конкурсқа қатысушыларды тіркеу - Конкурсқа қатысуға өтінім конкурс өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап «ШҚО Семей қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ, Қ. Мұхамедханов көшесі, 8, сол жақ қанат, 2 қабат, 241 кабинетте жүргізіледі. Қосымша ақпарат пен анықтамалар алу үшін телефон нөмірі:
8 (7222) 36-03-22.
Конкурсқа қатысушылар конкурстық құжаттаманың көшірмесін Қ. Мұхамедханов көшесі, 8, сол жақ қанат, 2 қабат, 241 кабинетте қол қойып алады.
Конкурсқа қатысуға өтінім бергеннен кейін өтінім беруші жер учаскесінің бағасы және оны пайдалану жөніндегі жеке конвертте мөрленген ұсыныстарды (конкурстық өтінімді) береді.
Қатысушы ұсынысты (конкурстық өтінімді) басып шығарады немесе өшірілмейтін сиямен жазады, тігілген, беттері нөмірленген және соңғы беті жеке тұлғалар үшін - қатысушының қолымен, ал заңды тұлға үшін - бірінші басшының (сенім білдірген тұлғаның) қолымен және мөрімен куәландырылған түрде ұсынады. Ұсыныстарда (конкурстық өтінімде), қатысушы грамматикалық немесе арифметикалық қателерді түзетуі қажет болған жағдайларды қоспағанда, жолақтар арасында ешқандай қойылымдар, өшіріліп жазулар немесе қосымша жазылған жазулар болмауы тиіс.
Қатысушы конкурстық ұсынысты (конкурстық өтінімді) конвертке салып мөрлейді, онда мына деректер көрсетіледі: атауы және мекенжайы; конкурсты ұйымдастырушы және оның мекенжайы, сондай-ақ «____жылғы «__»___ _____сағатқа дейін АШУҒА БОЛМАЙДЫ» (нақты уақыты мен күні көрсетіледі) деген сөздер жазылады. Ұсыныстар (конкурстық өтінім) ұсыныстарды (конкурстық өтінімдерді) беру мерзімі аяқталғанға дейін ұйымдастырушыға қолма-қол немесе пошта арқылы табыс етіледі.
Объект бойынша сауда-саттыққа қатысушылардың саны кемінде екеу болған жағдайда ғана Конкурс өткізілді деп есептеледі.
Жер учаскелерін пайдалану шарттары: нысаналы мақсатына сәйкес пайдалану, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 92-94-баптарының нормаларына сәйкес пайдалану, жер салығын уақытылы төлеу (жал төлемі).
Жер учаскесін жалға алу құқығына сатып алу-сату шарты хаттама ресімделген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жасалады.
Конкурсты ұтып алған және сатып алу-сату шартын жасасқан тұлғаның кепілдік жарнасы сатып алу-сату шарты бойынша тиесілі төлемдердің есебіне есептеледі.
Конкурста анықталған учаскенің құны 50 % мөлшерінде аванстық төлем түрінде сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап 5 (бес) банк күнінен кешіктірілмей төленеді, ал қалған сома сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей енгізілуі тиіс.
Кепілдік жарна «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің депозиттік шотына ИИК КZ380705034631515001, Семей қаласының қазынашылық басқармасы, БИК KKMFKZ2A, БСН 060240002668 (қаржыландыру көзі 5, бюджет түрі 03), КБЕ 17, КНП 171 төленеді.