
Дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне қосуға құжаттарды қабылдау туралы хабарландыру
Шығыс Қазақстан облысы кәсіпкерлерінің назарына!
2022 жылдың 01-15 маусым аралығында дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне қосуға конкурс өткізілетін болады.
Ұйымдастырушы: «Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалық-инновациялық даму басқармасы» ММ;
Орналасқан жері: Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, М. Горького көшесі, 40;
Өтінімдерді қабылдау мәні: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қазандағы №773 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне қосуға конкурс өткізіледі.
Пошталық мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 070004, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, М. Горького көшесі, 40;
Байланыс телефоны: 8 (7232) 71-32-52;
Электрондық пошта мекен-жайы: 241883@mail.ru;
Өтінім беру орны: «Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалық-инновациялық даму басқармасы» ММ, ШҚО, Өскемен қаласы, М. Горького көшесі 40, 3 қабат, 316А каб;
Өтінім беру мерзімі: 2022 жылдың «01» маусымынан 2022 жылдың «15» маусымына дейін.
Өтінім берудің басталу күні: 2022 ж. «01» маусым.
Өтінім берудің аяқталу күні: 2022 ж. «15» маусым.
Көрсетілген мерзім өткеннен кейін келіп түскен өтінімдер қабылдауға жатпайтынын атап өтеміз.
Конкурстық құжаттамамен сіз мына сілтеме бойынша таныса аласыз: https://adilet.zan.kz/rus/docs/P2100000773/history.