Акимат города Семей

Меню

Страницы

Статья

Құрметті кәсіпкерлер және Семей қаласының тұрғындары! Конкурс өткізу туралы хабарландыру

Құрметті кәсіпкерлер және Семей қаласының тұрғындары!

Конкурс өткізу туралы хабарландыру

Конкурсты ұйымдастырушы: «Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы» ММ.
электрондық пошта мекенжайы: u.predprinimatelstva@akimvko.gov.kz;
байланыс телефоны: 8 (7232)71-32-61.
Конкурстың нысанасы: 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, жас кәсіпкерлерге (өз бизнесін құруға) мемлекеттік гранттар беру.
Конкурс нысаны: ашық конкурс.
Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер беру орны: QOLDAU.KZ субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің веб-порталы.
Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: конкурсқа қатысу үшін үміткерлер бекітілген нысан бойынша электрондық өтінім мен конкурстық құжаттаманың толық топтамасын ұсынады.
Өтінімдерді ұсыну мерзімдері: 2022 жылғы «26» мамырдан бастап 2022 жылғы «03» маусым аралығында.
Көрсетілген мерзім өткеннен кейін келіп түскен өтінімдер қабылдануға жатпайды.
Осы хабарландырумен және конкурстық құжаттамамен өңірлік үйлестірушінің ресми сайтында танысуға болады: www.gov.kz.
Сонымен қатар, конкурсқа қатысу мәселесі бойынша «ШҚО Семей қаласы кәсіпкерлік бөлімі» ММ 8 (7222) 52-44-90, 8 (7222) 56-69-42 телефондарына хабарласуға болады.

Дата публикации
18 мая 2022
Дата обновления
18 мая 2022
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

16 октября 2026
Рухани келісім - бейбітшілікке бастар жол
16 октября 2026
29 қараша Мәслихат депутаттары сайлауы
Ақпарат
14 октября 2026
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы