Акимат города Семей

Меню

Страницы

Статья

Бөтен тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін, тауар шығарылған жердiң атауын немесе фирмалық атауды заңсыз пайдалану үшін жауапкершілік

Тауар таңбасы-тауарлардың, жұмыстардың немесе қызметтердің азаматтық айналымына қатысушыларды даралау құралдардың бірі, Қазақстан Республикасының «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Заңының 1 тармағының 8 тармақшасына сәйкес, тауар таңбасы, қызмет көрсету таңбасы – осы Заңға сәйкес тiркелген немесе Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық шарттарға орай тiркеусiз қорғалатын, бiр заңды немесе жеке тұлғаның тауарларын (көрсететін қызметтерiн) басқа заңды немесе жеке тұлғаның бiртектес тауарларынан (көрсететін қызметтерiнен) ажырату үшiн қызмет ететiн белгi.
ҚР ӘҚБтК-нің 158-бабына сәйкес бөтеннің тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін немесе тауар шығарылған жердің атауын заңсыз пайдаланғаны немесе біртектес тауарлар немесе көрсетілетін қызметтер үшін белгілердің айырғысыз дәрежесіне дейін ұқсас белгілер, сондай-ақ тауар белгісіне айрықша құқықтың сарқылуына байланысты жағдайларды қоспағанда, бөтен фирмалық атауды заңсыз пайдаланғаны үшін, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілік көзделген.
Кәсіпкерлік субъектілері коммерциялық қызметті жүзеге асыру кезінде тауар таңбасын, қызмет көрсету таңбасын немесе тауар шығарылған жердің атауын немесе біртектес тауарлар немесе көрсетілетін қызметтер үшін белгілердің араласу дәрежесіне дейін ұқсас белгілерді қорғауға бағытталған заңнама нормаларын ескеруі қажет.

Дата публикации
29 апреля 2022
Дата обновления
29 апреля 2022
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
22 октября 2026
16 октября 2026
Рухани келісім - бейбітшілікке бастар жол
16 октября 2026
29 қараша Мәслихат депутаттары сайлауы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы