
«Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы Қараөлең ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы Қараөлең ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Қайнар ауылының мәдениет үйі"коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директорының бос лауазымына конкурс жариялайды.
Орналасқан жері: ШҚО Семей қаласы Қараөлең ауылдық округі Қайнар ауылы, Қайнар көшесі, 25/1 үй.
Кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптар: Жоғары кәсіптік білім мен мәдениет және өнер мекемелеріндегі немесе мәдениетті басқару органдарындағы жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес.
Білуі тиіс: Конституцияны; Бюджет кодексін; Еңбек кодексін; "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы", "Мәдениет туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Мемлекеттік сатып алулар туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын.
Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын қажетті құжаттардың тізімі: 1) қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтініш; 2) жеке куәліктің көшірмесі; 3) толтырылған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондарын көрсетіп); 4) бiлiмi туралы құжаттардың көшiрмелерi; 5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесi; 6) алдын ала медициналық куәландырудан өткені туралы құжат; 7) кандидаттардың кәсіби деңгейі мен жеке қасиеттеріне қатысты өзге де құжаттар, оның ішінде біліктілігін арттыру туралы құжаттардың, шет тілін меңгеру деңгейін айқындайтын кәсіби емтихан нәтижелері туралы сертификаттардың көшірмелері.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау жарияланған сәтінен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.
Құжаттар қолма-қол немесе почта арқылы: Қазақстан Республикасы, ШҚО, Семей қаласы, Қараөлең ауылдық округі Қайнар ауылы, Қайнар көшесі, 421 мекенжайы бойынша қабылданады. Толық ақпаратты 8 (72256) 2-13-91 телефоны бойынша алуға болады.