
Құрметті Семей қаласының тұрғындары! 2022 жылғы 30 наурызынан бастап қала әкімдігінің сайтында «Халық қатысатын бюджет» бөлімінде 2023 жылға жобалық ұсыныстар бойынша дауыс беру басталды. Дауыс беру ағымдағы жылдың 28 сәуіріне дейін жалғасады.
Жобалық ұсыныстар бойынша дауыс беруге кез келген ниет білдіруші қатыса алады.
Дауыс беру үшін қала әкімдігінің сайтында «Халық қатысатын бюджет» бөліміне өтіп, ұнаған жобаны таңдау қажет (https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-semey/bnu/369?lang=kk).
1. Тіркелген пайдаланушылар үшін: сайтқа өз есептік жазбаңызбен кіріп, таңдалған жобаның жанындағы «Дауыс беру» батырмасын басыңыз;
2. Тіркелмеген пайдаланушылар үшін: таңдалған жобаның жанындағы «Дауыс беру» батырмасын басу, одан әрі ЭЦҚ пайдалана отырып тіркелу қажет.