
«Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тікеу бөлімі» Мемлекеттік мекемесі 071400, Семей қаласы, Козбағаров көшесі 40, анықтама телефондары 8(7222)56-17-88, sobes@akimvko.gov.kz электрондық мекенжай, бос азаматтық қызметшінің лауазымына орналасуға конкурс жариялайды:
«Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
директоры, А-блок бойынша-басқару персоналы, А 1 буын (1 бірлік), лауазымдық жалақысы қызмет өтіліне байланысты 254 199 теңге.
Лауазымдық міндеттемелері: жұмыспен қамту орталығына (бұдан әрі – Орталық) ұйымдастырушылық және әдістемелік басшылықты жүзеге асырады. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және күнкөрісі төмен халық қатарындағы адамдарды кәсіптік бағдарлауды ұйымдастырады және оны сапалы жүргізуді қамтамасыз етеді. Халыққа консультативтік көмек көрсету жұмысын ұйымдастырады. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына әлеуетті қатысушыларға бейімдеу қызметін және психологиялық қолдау көрсету жұмысын ұйымдастырады. Жұмыспен қамтуға жәдемдесудің белсенді шараларын іске асыру, жүгінген адамдарды жұмысқа орналастыру, кәсіптік оқыту, уақытша жұмыспен қамту, өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және күнкөрісі төмен азаматтардың ерікті түрде қоныс аударуы, оларға мемлекеттік әлеуметтік қолдау шараларын көрсету жөніндегі іс-шараларды әзірлеу жұмысын үйлестіреді және ұйымдастырады. Жұмыспен қамтуды реттеу саласында ғылыми зерттеулер, қазіргі еңбек нарығына талдау жүргізуге, оның даму перспективалары, халықты кәсіптік бағдарлау және психологиялық қолдау жөнінде ұсыныстар әзірлеуге ықпал етеді. Жұмыспен қамту саласында автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді енгізу, белгіленген еңбек нарығының дерекқорын қалыптастыру жұмысын ұйымдастырады; жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі алдыңғы қатарлы тәжірибені зерделеуді және жинақтауды ұйымдастырады. Жергілікті атқарушы органдармен, жұмыс берушілермен және ұйымдармен халықты жұмыспен қамту мақсатында өзара іс-қимыл жасайды. Еңбек нарығындағы қажеттілікті ескере отырып кәсіптік оқытуды ұйымдастыру үшін кәсіптер (мамандықтар) тізбесін айқындайды. Әрбір нақты жағдайда кәсіптік даярлауды жүргізудің барынша орынды нысаны мен орнын айқындайды. Орталықтың барлық бөлімшелерінің жұмысын және өзара тиімді іс-қимылын ұйымдастырады. Орталықтың қаржы-шаруашылық қызметін басқарады және шаруашылық дербестілігін, оның материалдық-техникалық базасын кеңейту және дамыту шараларын қабылдайды, бөлінетін бюджет қаражатын, сондай-ақ қаржыландырудың басқа да көздерінен түсетін қаражаттардың ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз етеді. Орталықтың қаржы-шаруашылық және өндірістік қызметі жоспарларының орындалуын, шарттардың жасалуы мен орындалуын бақылайды. Ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, қауіпсіз және қолайлы еңбек жағдайларын жасау шараларын қабылдайды. Еңбек және өндірістік тәртіпті күшейту, Орталық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жұмысын жүргізеді. Азаматтардың шағымдары мен өтініштерінің уақтылы қаралуын және олар бойынша шешімдер қабылдауды қамтамасыз етеді. Уақтылы есепке алуды және есептілікті қамтамасыз етеді. Өрт қауiпсiздiгi қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді.
Біліктілігіне қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, экономикалық, заңгерлік) білім және жұмыс өтілі халықты әлеуметтік қорғау немесе жұмыспен қамту жүйесінде кемінде 3 жыл немесе қызметтің басқа салаларындағы басшы лауазымдарында кемінде 2 жыл.
Осы хабарландыруда көрсетілген санат бойынша конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: ҚР Конституциясын, ҚР Еңбек кодексін, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР кодексін, «Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» заңды, «Тіл туралы» заңды, «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» заңды, «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңын, «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңды, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының заңын (бұдан әрі – Рұқсаттар және хабарламалар туралы заң), «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» заңды, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңды, «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңды, ұйымның бейінін, мамандануын және ерекшеліктерін; шаруашылық инфрақұрылымын, демографиялық ахуалын, өңірдің (ауданның, қаланың) әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктерің, өңір (аудан, қала) ұйымдарының даму перспективалары мен құрылымдық өзгерістерін, еңбек нарығы дамуының негізгі үрдістері мен бағыттарын, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру жөніндегі іс- шараларды және олардың тиімділігін бағалау әдістемесін әзірлеу тәртібін, қаржы-шаруашылық қызметті ұйымдастыруды, салық заңнаманың негіздерін, еңбек және ұжымдық шарттар жасау тәртібін; экономика негіздерін, өрт қауiпсiздiгi қағидаларын. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
Конкурс Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің бұйрығымен 2015 жылғы 25 желтоқсан № 1017 бекітілген «Азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға арналған конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы» ережесі негізінде өткізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтініші; жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақты (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген); лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелерін; еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін; ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (ҚР Нормативтік-құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; нарко-психо диспансерлердің анықтамалары; сотталу туралы анықтама. Азаматтар құжат тігілетін мұқабада орналастырылған құжаттарды қолма-қол тәртіпте немесе пошта арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде бере алады. Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады. Конкурсқа қатысушы, болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты ұсына алады.
Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар ақпараттар құралдарында «Семей таңы», «Вести Семей» газеттерінде жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күнінің ішінде мына мекенжай бойынша тапсырылуы тиіс: Семей қаласы, Қ.Мұхамедханов көшесі, 12, байланыс телефоны 8 (7222)52-36-57.
Әңгімелесу өтетін орын: «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тікеу бөлімі» Мемлекеттік мекемесі , Қозбағаров көшесі, 40.
Азаматтар конкурсқа қатысу бойынша шығындарды (конкурс өтетін жерге бару-қайту, тұру және өзге де шығындар) өз қаражаттар есебінен өтейді.