
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік қызметтердің 65 түрін мемлекеттік органдар, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы, «Электрондық үкімет» веб-порталы және қызмет берушінің ақпараттық жүйелері арқылы көрсетеді.
Мониторинг нәтижелері бойынша 2021 жылы жергілікті атқарушы органдарымен 81 797 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:
қағаз түрінде - 535;
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы - 21 724;
«Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық түрде - 59 538, бұл 72,8 % құрайды.
Мемлекеттік қызметтер көрсетуден дәлелді бас тарту 4 696, оның ішінде:
қағаз түрінде - 50;
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы - 1 226;
«Электрондық үкімет» порталы арқылы берілген - 3 420 бас тарту.
2021 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау іс-шараларының бекітілген жоспарына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманы сақтау тұрғысынан 8 бақылау іс-шарасы өткізілді. Бақылау іс-шараларын өткізу кезінде дене шынықтыру және спорт, экономика және қаржы бөлімдерінде және 6 ауылдық округте бұзушылықтар анықталған жоқ. Ұсыныстар берілді, олар орындалды.
Бақылау іс-шараларын жүргізу бірінші кезекте заңдылық, ашықтық және объективтілік қағидаттарына негізделеді, демек, бұзушылықтарды анықтау мемлекеттік қызметтерді көрсететін мамандардың мемлекеттік қызметтердің заңнамалық нормаларын, стандарттары мен ережелерін сақтауының оң динамикасына әкеледі.
Қала және ауылдық округтер бойынша барлығы 28 өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді, онда әрбір аймаққа ХҚКО бармай-ақ қызмет алу кезінде көмек көрсету үшін жауапты қызметкерлер бекітілген. 2021 жылы өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары арқылы 139 486 қызмет көрсетілді.
Азаматтардың мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мерзімдері туралы хабардар етуді арттыру, сондай-ақ «Электрондық үкімет» веб-порталын көпшілікке тарату мақсатында жергілікті атқарушы органдар осы кезеңде жалпы 207 526 адамды қамтумен 909 түсіндіру іс-шарасын өткізді (карантинге байланысты іс-шаралардың негізгі бөлігі әлеуметтік желілерде жариялау жолымен өткізілді).