
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 118 бабына сәйкес 29 бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ұсынған есептілік негізінде Семей қаласы бойынша 2020 жылдың шоғырландырылған қаржылық есептілік қалыптастырылды.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы «Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаларын бекіту туралы» № 640 бұйрығының талаптарына сәйкес есептілік жасалды.
Жалпы ағымдығы жылдың ішінде қолма қол ақшаны бақылау шотына 72 325,0 млн. теңге түсті, соның ішінде:
-71 145,9 млн. теңге қалалық бюджетке түскен түсімдер;
-4,8 млн. теңге демеушілік және қайырымдылық көмек бойынша;
-110,2 млн. теңге тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өткізуден;
-1 064,1 млн. теңге қолданыстағы заңнамаға сәйкес уақытша орналастыру қаражатынан.
Түскен қаражаттан 72 137,8 млн. теңге игерілді. Оның ішінде еңбек ақы және бюджетке салықтар мен төлемдерді төлеуге 15 433,5 млн.тенге (21,4%), тауарлар мен қызметтер бойынша жеткізіп берушілер және мердігерлермен есеп айырысуға 28 993,5 млн.тенге (40,2%), ұзақ мерзімді активтерді алуға 14 510,2 млн.тенге (20,1%), басқа да бағыттарға 13 200,6 млн.тенге (18,3%) жолданды.
Бекітілген кестеге сәйкес 2020 жылдың шоғырландырылған қаржылық есептілік ШҚО қаржы басқармасына ұсынылды.
Экономика және қаржы бөлімі