Акимат города Семей

Меню

Страницы

Статья

Құрметті кәсіпкерлер және Семей қаласының тұрғындары!

Қала кәсіпорын субъектілерінің дамуына  қаржысыз қолдау көрсету мақсатында  «бір терезе» режимінде төлеусіз негізде Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы (КҚКО) келесі қызмет түрлерін көрсетеді:

  1. Мемлекеттік қолдау құралдары мен түрлері бойынша консалтинг:
  • Кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламалар құралдары бойынша кеңестер (жұмыс істеп тұрған және бастауыш кәсіпкерлерге);
  • Қажетті құжаттар тізбесімен субсидиялар, кепілдіктер және гранттар алу үдерісі бойынша қадамдық нұсқау;
  • Мемлекеттік қолдау алу үдерісіндегі ілеспе қызметі;
  • Заңдық мәселелер бойынша кеңестер;
  • Бухгалтерлік және салықтық есептер бойынша кеңестер;
  • Екінші деңгейлі банктердің бағдарламалары бойынша кеңестер;
  • Бизнес жоспарды құру мен әзірлеу.
  1. Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік ісін жүргізуге сервистік қолдау беру:
  • Бухгалтерлік және салықтық есепті жүргізуге байланысты, сонымен қатар статистикалық есеп-қисап құрудағы қызметтер;
  • Кедендік рәсімдер бойынша қызметтер;
  • Менеджмент жүйесін енгізудің барлық үдерісіне толық ілеспе қызмет көрсету мен кеңес беру;
  • Заңдық қызмет көрсету;
  • Маркетинг мәселелері бойынша қызметтер;
  • Ақпараттық технологиялық қызмет көрсету саласына кеңес беру;
  • Мемлекеттік сатып алуларға, ұлттық компаниялар мен жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларына байланысты қызметтер ;
  • Менеджмент мәселелері бойынша қызметтер.
  1. Міндетті сертификаттаумен оқыту мен біліктілікті көтеру:

Келесі қаржылық емес қолдау құралдарды ұсынылуда:

  • 1) «Кәсіпкерлікті ақпараттық-талдамалық қолдау» функционалдық бағыты бойынша:
  • «Бизнес-Насихат» компоненті бойынша мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру;
  • Еуразиялық  экономикалық одаққа мүше-мемлекеттерде кәсіпкерлік қызметін жүргізу шарттары туралы түсіндіру;
  • 2) «Кәсіпкерлік құзіреттілігін дамыту» функционалдық бағыты бойынша:
  •  кәсіпкерлік қызметі негіздерін оқып үйрену;
  • кәсіпорындардағы мамандардың, топ-менеджерлердің біліктілігін арттыру;
  • кәсіпкерлік қызметті жүргізуде сервистік қолдау көрсету;
  • 3) «Кәсіпкерлердің өнімділігін арттыру» функционалдық бағыты бойынша:
  • басқарудың жаңа әдістерін, өндіріс технологияларын енгізу және кәсіпорындардың өнімділігі мен энергия үнемдеуі мәселелері бойынша сыртқы кеңесшілерді тарту;
  • 4) «Іскерлік қатнастарды кеңейту» функционалдық бағыты бойынша:
  • шетелде тақырыптық бизнес-тәжірибеден өтуге мүмкіндік береді, сондай-ақ ұқсас бағыттағы кәсіпорындарға бару және шетелдік серіктестермен іскерлік байланыс орнату;
  • «Бизнестің жол картасы-2025», Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарына арналған «Еңбек», Шағын және орта кәсіпкерлікті өңірлік қаржыландыру «Ақ Ниет», «Қарапайым заттардың экономикасы» бағдарламаларына қатысу және қаржылық қолдау алу үшін құжаттарды рәсімдеуге қолдау көрсету.

Толығырақ ақпаратты «ШҚО Семей қаласының кәсіпкерлік бөлімі» ММ (Семей қаласы, Қ. Мұхамедханов көшесі 8, тел. 52-44-90, 52-32-65, 56-69-42) және Абай көшесі 5 мекен-жайында орналасқан Семей қаласының кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығынан тел. 8 (7222) 60-00-50 ала аласыз.

 

 

Дата публикации
21 января 2021
Дата обновления
21 января 2021
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
22 октября 2026
16 октября 2026
Рухани келісім - бейбітшілікке бастар жол
16 октября 2026
29 қараша Мәслихат депутаттары сайлауы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы