Акимат города Семей

Меню

Страницы

Статья

Сумен жабдықтау жзне су бұру желілеріне қосылу зрекетінің алгоритмі:

1. Семей қаласы, Қаржаубайұлы көшесі, 249-ғимаратта орналасқан «Семей Водоканал» МКК-ң 306-кабинетінде өндірістік-техникалық бөлімнен (бұдан әрі – ӨТБ) қосу нүктесі көрсетілген сумен жабдықтау және су бұру желілерін жобалауға арналған техникалық шартты (бұдан әрі – ТШ) алу, қабылдау күндері мен сағаты: сейсенбі – бейсенбі, сағат 8.00-ден бастап 17.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 12.00-ден бастап сағат 13.00-ге дейін (ТШ алу үшін белгіленген үлгідегі өтінішті, жеке куәліктің көшірмесін, жылжымайтын мүліктің иесі туралы мәліметті, құрылыс учаскесінің 1:500 масштабындағы топографиялық түсіруін (барлық жер үстіндегі және жер астындағы коммуникацияларымен және имараттарымен) тапсыру қажет). Барлық ақпарат https://www.semey-vodokanal.kz сайтында бар.
2. Топографиялық түсіруді мүдделері қозғалатын пайдаланушы коммуналдық ұйымдармен және басқа тұлғалармен келісу.
3. Келісу аяқталғаннан кейін, техникалық шартты алу үшін, топографиялық түсіруді барлық құжаттамалармен бірге «Семей Водоканал» МКК-ға тапсыру қажет.
4. Семей қаласы, Достоевский көшесі, 110-ғимарат, 3-қабат, 322, 315-кабинет мекенжайындағы «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нан жер қазу жұмыстарына арналған рұқсатты алу.
5. Сумен жабдықтау және су бұру желілерін салу тек құрылыс-монтаждау жұмыстарына арналған лицензиясы бар құрылыс ұйымдарымен жүргізіледі.
6. Жер қазу жұмыстары аяқталғаннан кейін, Семей қаласы, Достоевский көшесі, 110-ғимарат, 4-қабат мекенжайындағы «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-нан құбырлардың диаметрі, материалы, құдықтар, желі белгілері мен байланыстары көрсетілген Орындалу түсірімін алу қажет.
7. Сумен жабдықтаудың және су бұрудың жекеменшік желілерін орталықтандырылған сумен жабдықтаудың және су бұрудың желілеріне қосу үшін, Семей қаласы, Қаржаубайұлы көшесі, 249-ғимарат, 306-кабинет мекенжайындағы «Семей Водоканал» МКК-ға өтініш жасау қажет, ол үшін мынадай құжаттарды тапсыру керек: белгіленген үлгідегі өтініш, орындалу түсірімі, жасырын жұмыстардың актісі және объектінің дайындық актісі (құрылыс ұйымы береді), су есептегішті орнату актісі, орталықтандырылған сумен жабдықтау немесе су бұру желісіне қосылу үшін ақы төлеу туралы түбіртек.
8. Қосылғаннан кейін Семей қаласы, Достоевский көшесі, 110-ғимарат, 1-қабат мекенжайындағы «Семей Водоканал» МКК-ның абоненттік бөліміне, шарт жасау үшін, өтініш беру қажет.
Барлық ақпаратқа «Семей Водоканал» МКК-ның https://www.semey-vodokanal.kz сайтында, сонымен бірге 51-56-23 телефоны арқылы (ӨТБ) қол жеткізуге болады.

Қазіргі уақытта «Семей Водоканал» МКК-да Семей қаласының халқын және өндірістік кәсіпорындарын сумен жабдықтауды қамтамасыз етуге арналған қуаттылықтың жеткілікті қоры бар.

Дата публикации
04 августа 2021
Дата обновления
04 августа 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
22 октября 2026
16 октября 2026
Рухани келісім - бейбітшілікке бастар жол
16 октября 2026
29 қараша Мәслихат депутаттары сайлауы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы