
2020 жылдың қорытындысы бойынша қала бюджетінің орындалуы туралы
2020 жылдың жылдың қорытындысы бойынша қала бюджетіне 71 290,9 млн. теңге түсті, оның ішінде меншік кіріс көздері бойынша 26 002,6 млн. теңге.
Жоғарғы деңгейдегі бюджеттен трансферттер түрінде 44 957,5 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 14 873,9 млн. теңге, облыстық бюджеттен 23 816,2 млн. теңге, субвенция 6 267,4 млн. теңге бөлінді.
Бюджеттің шығыс бөлігі бойынша 70 384,6 млн. теңге игеріліп, немесе 99,7 пайызды құрады.
Оның ішінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының жұмысын қамтамасыз етуге және оны дамытуға, көліктік инфрақұрылымға және құрылысқа 35 684,9 млн. теңге, білім саласына 21 881,8 млн. теңге, әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз етуге 4 823,5 млн. теңге, мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік шығындарына 1 216,9 млн. тенге бағытталды.
2 335,2 млн. теңгеге жоғары тұрған бюджетке кредитті қайтару бойынша міндеттемелер уақытында орындалды.
2020 жылдың қорытындысы бойынша білім және әлеуметтік көмек пен қамтамасыз ету бойынша бюджеттік қаражаттың пайдалануы туралы ақпарат
2020 жылдың қорытындысы бойынша бюджеттен білім саласы бойынша шығындар 21 881,8 млн. теңгеде (білім бөлімі аппаратын ескермегенде) бағытталды.
Мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеуге 1038,3 млн. теңге. мемлекеттік тапсырысын жүзеге асыруға 988,5 млн. теңге жұмсалды.
Жалпы білім беру шығындарына 17 144,8 млн. теңге сомасына 67 мекеменің жұмысы қамтамасыз етілді.
Қаланың мемлекеттік білім беру мекемелер үшін оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендерді сатып алу және жеткізуге 190,5 млн. теңге бағытталды.
Жетім және ата ананың қамқорынсыз қалған балаларды бағып-қағуға асыраушыларына ай сайынғы ақшалай қаражат төлемдеріне 92,3 млн. теңге және патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) асырап-бағуға 39,7 млн. теңгені құрады.
Жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап алған Қазақстан азаматтарына біржолғы ақшалай қаражаты төлеуге 2,1 млн. теңге бағытталды.
Қосымша білім беретін мектептен тыс мекемелердің қызметін қамтамасыз етуге шығындар 897,4 млн. теңгені және 3 мамандандырылған-техникалық мекемеде мамандандырылған білім беруді ұйымдастыруға 297,6 млн. теңгені құрады.
Методикалық кабинеттердін жұмысына 66,5 млн. тенге жұмсалды.
Мектептегі олимпиадаларды, мектептен тыс шараларды және конкурстарды өткізу үшін 19,1 млн.теңге қаражат бөлінді.
Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының күрделі шығыстарына 937,1 млн.теңге жұмсалған, оның ішінде 709,2 млн. теңге республикалық бюджеттің трансферттері құрады.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындауға шығындар 167,9 млн. теңгені құрады.
2020 жылдың қорытындысы бойынша әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз етуге 4 823,5 млн. теңге игерілді (жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің аппаратын ұстау шығындарын есепке алмағанда).
Әлеуметтік қамтамасыз етуге арналған 4 мекеменің ( қиын өмірлік жағдайға тап болған тұлғаларды қайта әлеуметтендіруге арналған орталығы, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы, № 3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы, халықты жұмыспен қамту орталығы) жұмысын қамтамасыз етуге 980,3 млн.теңге бағытталды.
Маңызды басымдылықтардың бірі болып табылатын халықты жұмыспен қамтуды қолдауға 534,2 млн. теңге шығындалды. Оның ішінде жұмыспен қамту бағдарламасы аясында республика бюджетінен 363,7 млн. теңге және облыстың бюджет трансфертерінен 96,7 млн. тенге бағытталды. Қоғамдық жұмыстарға 59,2 млн. теңге және халықты жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шараларға 14,6 млн.теңге бағытталған.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлемдеріне 2017,6 млн. теңге, тұрғын үй көмегін көрсетуге 31,3 млн.теңге шығындалды.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ауылдық жерлерде денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет және спорт саласындағы мамандарға отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсетуге 19,1 млн. теңге жұмсалды.
Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек көрсетуге 531,9 млн.теңгені құрады.
Үйден тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз етуге 72,7 млн. теңге бағытталды.
Жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу, төлеу мен жеткізу бойынша қызметтерге ақы төлеуге 16,7 млн. теңге жұмсалды.
Мүгедектерді оңалту жеке бағдарламасына сәйкес, мұқтаж мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен және ымдау тілі мамандарының қызмет көрсетуін, жеке көмекшілермен қамтамасыз етуге 382,3 млн. теңге бағытталды.
Мүгедектер өмірінің сапасын арттыруға және құқықтарын қамтамасыз етудегі іс-шаралар Жоспарын жүзеге асыруға 123,7 млн.теңге шығындалды.
Ведомстволық бағыныстағы мекемелердің күрделі шығындарына 88,7 млн. тенге жұмсалды.
Тұрғын үй сертификаттарымен қамтамасыз етуге облыстық бюджеттен 25,0 млн. тенге бағытталды.