Акимат города Семей

Меню

Страницы

Статья

Қоғам

«Абай облысы Семей қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ АҚПАРАТ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ЖАСТАР САЯСАТЫН ІСКЕ АСЫРУ БАРЫСЫ МЕН ЖОСПАРЛАРЫ ТУРАЛЫ

 СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ ЖАСТАРЫНЫҢ СТАТИСТИКАСЫ

Ұлттық статистика бюросы ҚР стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің мәліметі бойынша 2026 жылдың басына Семей қаласы тұрғындарының саны 315 314 адамды құрайды, оның ішінде 84 858 адам немесе 26,9 %-ы 14 пен 35 жас аралығындағы жастар (44 849  ер адам, 40 009 әйел).

ЖАСТАР КӘСІПКЕРЛІГІ МЕН ЕҢБЕК БЕЛСЕНДІЛІГІН ҚОЛДАУ

2026 жылы осы бағдарламалар шеңберінде  745 жас жұмыспен қамтылды. Тұрақты жұмысқа 535 адам, субсидияланатын (уақытша) жұмыс орындарына 174 адам жолданды, оның ішінде: жастар практикасына – 60 адам, қоғамдық жұмыстарға – 91 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына – 23 адам. Business.enbek порталында өз бизнесін ашу мүмкіндігін арттыру мақсатында ұйымдастырылатын «Бастау Бизнес» жобасы шеңберінде кәсіпкерлік негіздерін оқытудан 34 жас өтті. Қысқа мерзімді оқытуға – 2 жас жолданды.

Білім мен дағдыларды өзектендіру мақсатында Skills.enbek.kz порталы арқылы жыл басынан бері 80 жас курсты аяқтады.

Семей қаласы бойынша жастар арасындағы дара кәсіпкерлердің саны 6 320 бірлікті құрады.

Жас кәсіпкерлер экономиканың барлық салаларында қызмет атқарады. Атап айтқанда: көтерме және бөлшек сауда, автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу – 42,5%, қызмет көрсету саласы – 17,8%, көлік және қоймалау – 9,7%, өңдеу өнеркәсібі – 6,7%, құрылыс – 4,1%, тұру және тамақтану қызметтері – 3,3%, жылжымайтын мүлікпен операциялар – 3,1%, білім беру – 2,7%, кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет – 1,8%, өнер, ойын-сауық және демалыс – 1,3%, ақпарат және байланыс – 1,3%, ауыл шаруашылығы – 1,1% және басқа да салалар.

«Жасыл ел» бағдарламасы.

 «Жасыл ел» бағдарламасы аясында 2026 жылы 50 жас жұмыспен қамтылдыМаусымдық жұмысқа тартылған жастардың ішінде студенттерден бөлек  оқушылар, NEET санатындағы жастар, көпбалалы отбасынан шыққан  жастар, толық емес отбасынан жастар қабылданды.

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында 3100-ден астам жас Водный кентінде, Түйемойнақ аралы, Ертіс өзенінің, Затон   жағалауында 100 гектар аумақты күл-қоқыстан тазартып, арнайы техникалармен 10 тоннадан астам қоқыс шығарылды.

ЖАСТАР ДЕНСАУЛЫҒЫН САҚТАУ ЖӘНЕ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН НАСИХАТТАУ.

Жастар денсаулық орталықтары

Семей қаласында 3 Жастар денсаулық орталығы жұмыс істейді.

2026 жылы Жастар денсаулық орталығына (ЖДО) 7862 адам жүгінді. Оның ішінде жүгінушілердің 1/5 бөлігі гинекологтың қабылдауында болды. 1543 қызға (20%) кеңес берілді, 271 дана тосқауылдық контрацепция құралы таратылды, 32 ерікті оқытылды.

ПАТРИОТТЫҚ ЖӘНЕ РУХАНИ ТӘРБИЕ.

 «Жастар арасында қазақстандық патриотизмді қалыптастыру» бағыты бойынша 80-дан астам іс-шара өткізілді.

Оның ішінде: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған салтанатты іс-шара, «Ерлікке тағзым» акциясы, интернационалист-жауынгерлер ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі, Қайым Мұхамедхановтың 110 жылдығына және Әлихан Бөкейханның 160 жылдығына орай ескерткіштеріне гүл шоқтарын қою рәсімдері, сондай-ақ Конституциялық реформаға арналған кездесулер, дөңгелек үстелдер мен дәрістер ұйымдастырылды.

«Семей қаласындағы діни ахуал» туралы ақпарат

Халық арасында терроризм мен экстремизм идеяларын қабылдамауды қалыптастыру жөніндегі ішкі саясат бөлімінің қызметі Қазақстан Республикасының Үкіметі, бейінді құзыретті органдар ұсынған тетіктер мен әдістемелер арқылы және қала әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның шешімдерімен және мүдделі органдарымен тығыз өзара іс-қимылда (полиция қызметі экстремизмге қарсы күрес бөлімі, Дін проблемаларын зерттеу орталығы, ҰҚКД келісім бойынша), теологтардың қатысуымен іс-шаралар өтеді.

Қазіргі таңда Семей қаласында 30 діни бірлестік жұмыс жүргізуде:

16-мұсылман;

2-православие; 

2-католик;

10-протестанттық; 

1. Евангелдік христиан баптистер шіркеулерінің одағы

1.1. «Евангелдік христиан баптистерінің шіркеуі» діни бірлестігі

1.2. «Евангелдік христиан баптистер шіркеуі» ЖДБ филиалы Семей қ.

1.3. «Евангелдік христиан баптистер шіркеуі» Құтқару» ДБ филиалы

2.  Елуінші күндік шіркеулер

2.1. «Өмірдің қайнар көзі» Христиан Евангелдік Елуінші күндік шіркеуі Семей қ.

2.2. «Семей қаласының евангелиялық сенімдегі христиандар шіркеуі «Түрлендіру» ЖДБ

2.3. Евангелдік христиан шіркеуі «Құдайдың елшілігі» ЖДБ

2.4. «Агапе» евангелиялық христиан шіркеуі ЖДБ

3. Жетінші күн адвентистік шіркеуі

3.1. «Семей қаласының жетінші күн адвентистік христиандарының жергілікті шіркеуі» ЖДБ

4.Иегова куәгерлері

4.1. «Иегова куәгерлерінің христиан қауымы» ЖДБ Семей қ

4.2. «Семейлік Иегова куәгерлерінің христиан қауымы» ЖДБ)

2026  жылы бөлімнің қолдауымен теолог-мамандарды тарта отырып, Дін мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру тобы құрылды (топта 23  мүше). Семей қаласындағы Дін мәселелері бойынша қалалық ақпараттық-түсіндіру топтары 2026  жылдың тоғыз айына  арналған жұмыс жоспары  және тұрғылықты жері бойынша деструктивті діни ағымдарды жақтаушылармен мақсатты кездесулерге назар аударуды ескере отырып жасалды;

Бөлім қызметкерлері мен ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері қала тұрғындарымен жұмыс істеген кезде қоғам үшін дәстүрлі құндылықтарды, этносаралық және конфессияаралық келісімді насихаттайды, деструктивті діни ағымдар идеологиясының ықпалының салдарын түсіндіреді.

2026 жылдың жарты жылдығында    Семей қаласында жалпы саны 12000 адамды қамтитын  2500  ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өткізілді. Гендерлік құрамы: ерлер – 6468, әйелдер – 5532, оның ішінде жастар (14 жастан 35 жасқа дейін) – 4 627.

Сонымен, ішкі саясат бөлімінде теологтың штаттық бірлігі көзделмегендіктен, деструктивті діни ағымдарды ұстанушылармен теологиялық жұмыс атаулы және топтық жұмыстар сияқты штаттық психологтар мен теологтар тарапынан жүргізіледі. 2026   жылдың тоғыз айында    Семей қаласында  530 теологиялық, 330 психологиялық және 500 атаулы кездесу өткізілді.

Ақпараттық – түсіндіру жұмыстары «Facebook», «Вконтакте» Instagram әлеуметтік желілерде және БАҚ «Din Religion Semey» деген атпен жүргізіледі, онда ақпараттық-профилактикалық материалдар, роликтер, мемлекеттік органдар, ғылыми-сараптамалық қоғамдастық және дәстүрлі діни бірлестіктер өкілдерінің экстремизмге қарсы тақырып бойынша сөйлеген сөздері орналастырылады.

«Семей», «ТВК-6» телеарналарында рухани-адамгершілік тәрбие және дін саласындағы мемлекеттік саясат мәселелері көтеріледі. Қазіргі таңда орталық мешіт пен православие шіркеуінің жеке интернет-сайттары бар, онда әркім объективті ақпарат ала алады.

Қала әкімдігінің ресми сайтында этносаралық және конфессияаралық келісім мәселелері бойынша өткізілетін іс-шаралар туралы ақпараттық материалдар орналастырылады.

Тұрақты негізде деструктивті діни ағым, терроризм, діни экстремизмді насихаттауды болдырмау мақсатында:

- БАҚ-та, интернет-ресурстарда, әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде күнделікті мониторинг жүргізіледі.

-  құқық қорғау органдарымен белсенді өзара іс-қимыл жүргізілуде.

         Қала мен облыс Құзыретті қызметтерімен тығыз байланыс орнатып, терроризм мен экстремизм идеяларын болдырмау мақсатында халық арасында жұмыс тұрақты жүргізіліп, барлығы бақылауда. 

Дата публикации
20 декабря 2020
Дата обновления
20 мая 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
22 октября 2026
16 октября 2026
Рухани келісім - бейбітшілікке бастар жол
16 октября 2026
29 қараша Мәслихат депутаттары сайлауы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы