Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер Тізіліміне сәйкес Семей қаласының жергілікті атқарушы органдары 101 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді, бұл ретте 61 қызмет көрсетуге өтініш мемлекеттік органдарға берілуі мүмкін, 64 қызметті "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы, 139 - Электрондық үкімет порталы арқылы алуға болады.
2019 жылы қала әкімдігімен 426 557 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде мемлекеттік органдар арқылы – 23 294 (5,6%), "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы – 35 766 (8,4%), электрондық түрде (қызмет берушінің ақпараттық жүйелері арқылы, ЭҮП және "Е-лицензиялау" арқылы – 210 877(49,2 %), электрондық түрде көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы – 156 620 (36,8 %)
Бүгінгі күні тұрғындар арасында жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу, архитектура, ветеринария және жер қатынастары саласындағы қызметтер сұранысқа ие.
Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу бойынша 2018 жылы – 62 431 қызмет, 2019 жылы – 105 259 қызмет көрсетілді. 2018 жылы "Ветеринариялық анықтама беру" қызметін 8 581 өтініш беруші пайдаланды, 2019 жылы –7886.
" Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу " қызметі бойынша 2018 жылы – 7618, 2019 – 7850 қызмет көрсетілді.
Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш берушінің (отбасының) тиесілігін растайтын анықтама беру бойынша 2018 жылы – 11, 2019 жылы – 14 243 қызмет көрсетілді.
«Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» қызметі 2018 жылы - 7579 өтініш берушіге ұсынылды, 2019 жылы өтініштер саны - 8334.
"Тұрғын үй көмегін тағайындау" "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы" қызметіне 2018 жылы 1049 қызмет көрсетілген, 253 өтініш берушіге есепке қоюдан бас тартылды. 2019 жылы 1231 адам кезекке қойылды, оның ішінде 426 өтініш берушіге есепке қоюдан бас тартылды.